Бетінен сүю

ОЖСБ-ға ата-ана көзімен: ата-аналарға арналған семинар-тренинг

Мақсаты

  • Ата-аналарға ОЖСБ туралы түсінік беру және оның маңызын ашып көрсету.
  • Ата-аналардың пікірін, ұсынысын және сұрақтарын анықтау.
  • Пән мұғалімдерімен және дайындық күндерінің кестесімен таныстыру.
  • Өткен оқу жылындағы ОЖСБ нәтижелері туралы ақпарат ұсыну.

Түрі

Семинар-тренинг

Әдістері

  • Топтық жұмыс
  • Сұрақ-жауап
  • Интервью

Қатысушылар

9-сынып оқушыларының ата-аналары, пән мұғалімдері, мектеп психологы және оқу ісінің меңгерушісі.

Семинар барысы

I. Амандасу

Семинар жылы лебізбен ашылады. Қатысушыларға сәттілік, жақсылық пен береке тіленіп, «ОЖСБ-ға ата-ана көзімен» тақырыбындағы кездесудің басталғаны жарияланады.

«Сәттіліктен бастау алып күніміз,
Қуанышпен аяқталсын күніміз.
Істеріңіз оңынан, жегендеріңіз молынан,
Жүретін жерлеріңіз Алланың ақ жолынан.
Алла қолдап, жамандықтан қорғап,
Жақсылықты жолдап, бүгінгі күндеріңіз сәтті болсын!»

II. Топқа бөлу

Ата-аналар алдын ала дайындалған парақшаларды таңдап алып, берілген жануардың қимылын көрсету арқылы үш топқа біріктіріледі.

Қоян Аю Балық

III. Сауалнама

Мектеп психологы ата-аналарға баласының болашақ мамандығы және мектептегі мұғалімдері туралы сауалнама таратып, толтыруды ұйымдастырады. Мақсат — ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау.

Оқушылардан алдын ала алынған сауалнама нәтижелерімен салыстыру арқылы жауаптардың сәйкестігі талданады.

IV. Интервью әдісі

Әр топқа алдын ала дайындалған сұрақтар беріледі. Әр топтан бір ата-ана шығып, екінші топқа микрофон арқылы сұрақ қойып, жауап алады.

Жауаптарды нақтылап, ОЖСБ туралы толық түсінік беру үшін сөз оқу ісінің меңгерушісіне беріледі.

Сергіту сәті: «Сағат тілі»

Ата-аналарға ақ парақ таратылады. Әр қатысушы сағаттың 12 белгісін салып, әр белгіге семинарға қатысып отырған адамның атын жазады. Одан кейін төмендегі тапсырмалар сағат тілімен орындалады.

  1. 1. Амандасу
  2. 2. Иық қағыстыру
  3. 3. Мұрын тарту
  4. 4. Бетінен сүю
  5. 5. Тізе айқастыру
  6. 6. Жауырын түйістіру
  7. 7. Басқа массаж жасау
  8. 8. Құлағына барып құпия айту
  9. 9. Қатты етіп құшақтау
  10. 10. Табан тіреу
  11. 11. Жұдырық түю
  12. 12. Көз қысу

Ескерту: тапсырмалар қатысушылардың жеке шекарасын сақтай отырып, өзара келісім бойынша орындалады.

V. Постер қорғау

1-топ: ОЖСБ тиімділігі

ОЖСБ-ның оқу мотивациясына, жүйелі дайындыққа және білім сапасын бағалауға әсері талқыланады.

2-топ: ОЖСБ тиімсіздігі

Қиындықтар, эмоциялық жүктеме және әділ бағалау мәселелері бойынша пікірлер айтылады.

3-топ: Ата-ананың қолдауы

Үй жағдайында қолдау көрсету, дұрыс режим құру және баламен тиімді коммуникация жолдары ұсынылады.

Постерлер қорғалғаннан кейін психолог сауалнама нәтижелерімен таныстырып, ата-ана мен бала жауаптарының сәйкестігін талдайды.

Қорытынды және кері байланыс

Қорытынды бөлімде ата-аналарға доп ұсынылып, жылдам жауап формасында қысқа сұрақтар қойылады.

Жылдам сұрақтар үлгілері

  • Оқу күні бірінші сабақ қай пәннен басталады?
  • ОЖСБ-ға дайындық қай пәндерден жүргізіледі?
  • Балаңыздың мектептегі досы кім?
  • Қызыңыздың (немесе балаңыздың) туған күні қашан?
  • Балаңыздың парталас көршісі кім?

«Құс» кері байланысы

Ата-аналарға стикерлер таратылып, төмендегі бөлімдер бойынша пікір қалдыру ұсынылады:

Ұсыныс
Не жақсартуға болады?
Қостым
Не пайдалы болды?
Сұрағым
Қандай сұрақ қалды?

Құрметті ата-аналар мен ұстаздар, «ОЖСБ-ға ата-ана көзімен» тақырыбындағы семинарымыз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рақмет! Сау болыңыздар!