Құрметті ұстаздар осымен қазақшаңыз қалай
Сайыс туралы
Тақырыбы: «Қазақшаңыз қалай?» — өзге ұлт мұғалімдері арасында өткізілетін танымдық сайыс.
Өткізуші: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д. С. Құсайынова.
Арналуы: Қазақ тілі апталығы аясында ұйымдастырылады.
Мақсаты
- Өзге ұлт өкілдерінің танымдық қабілетін, сөздік қорын және сөйлеу мәдениетін тексеру әрі дамыту.
- Тілге жанашыр, белсенді қатысушыларды анықтау.
«Қандай да болсын халықтың әдет-ғұрпын үйренгің келсе, алдымен оның тілін үйрен».
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Құрметті ұстаздар! Бүгін назарларыңызға «Қазақшаңыз қалай?» атты мұғалімдер арасындағы сайысымызды ұсынамыз. Бұл сайыс Қазақ тілі апталығына арналады.
Уважаемые учителя! Я рада приветствовать вас на конкурсе учителей под названием «Какой ваш казахский?».
Тілім барда — қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата-жолым, салтым бар.
Кең даладай жиналмаған жан-жағы,
Аңқау, ашық мінезім бар — аңқылдар.
У каждого языка своя судьба, связанная с языками других народов. И язык любой нации для нас бесценен.
Іріктеу кезеңі: «Айтарым бар…» викторинасы
Қатысушыларды іріктеу үшін 20 сұрақтан тұратын қысқаша викторина өткізіледі.
- 1. Жыл мезгілдерін ата.
- 2. Нағашы деген кім?
- 3. Апта күндерін ата.
- 4. Қазақстанда неше облыс бар?
- 5. Елбасы кім?
- 6. Немере деген кім?
- 7. Ай атауларын ата.
- 8. Елорданың атауы қандай?
- 9. «Оқушы», «ұстаз», «мектеп» сөздерінің аудармасын айт.
- 10. Гүлдер не істейді? (Ұшады, өседі, қонады.)
- 11. Ата-ана деген кім?
- 12. «Жылқы» сөзін аудар.
- 13. Көрші деген кім?
- 14. Қазақстанның қай облысында тұрамыз?
- 15. Құда-құдағи деген кімдер?
- 16. Төлқұжат деген не?
- 17. «Қарындас» сөзін аудар.
- 18. Қазақстанның көне қаласын ата.
- 19. «Сұлу» сөзіне синоним айт.
- 20. «Мектеп бағдарламасы» тіркесін аудар.
Язык отцов — наследие святое,
Глубокий, острый, сильный, словно крик.
Своих детей заботливой рукою
К себе притянешь, мой родной язык!
Сайыстың құрылымы
Сайыс 6 турдан тұрады. Әр тур 5 балдық шкала бойынша бағаланады.
-
1) Таныстыру
Қатысушы өзін және өз ұстанымын қысқаша таныстырады.
-
2) «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Қазақша 10 сөз жазу.
-
3) «Өлең — сөздің патшасы»
Өлеңді мәнерлеп оқу.
-
4) «Сиқырлы сөйлем»
Берілген сөздерден сөйлем құрау.
-
5) «Сен білесің бе?»
Конвертте жасырылған сұрақтарға жауап беру.
-
6) «Құлақтан кіріп, бойды алар жақсы ән мен тәтті күй»
Ән орындау.
Көрермендерге арналған викторина
Әділқазылар алқасы қорытынды шығарып жатқанда, көрермендермен «Сен білесің бе?» викторинасы өткізіледі. Дұрыс жауап бергендерге шағын сыйлықтар қарастырылған.
-
1. Күй атасы кім? (Құрманғазы)
-
2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (Түркі тілдес)
-
3. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебені қай жылы алды? (1989 ж.)
-
4. «Ақылды» сөзінің түбірі қандай? (ақыл)
-
5. Қазақ әліпбиін жасаған ғалым кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)
-
6. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде)
-
7. Абайдың әжесі кім? (Зере)
-
8. «Жақсы сөз — …» (жарым ырыс)
-
9. «Піл көтермегенді … көтереді» (тіл)
-
10. «Дәлелсіз сөз — … тең» (желмен)
Қорытынды сөз
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте…
Құрметті ұстаздар, осымен «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз мәресіне жетті. Келіп, назар аударып, белсенді қатысқандарыңыз үшін мың да бір алғыс!