Сенім рөлі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып және сынып
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным» (презентация түрінде)
Сынып: 7-сынып (орыс тілді)
Сабақтың түрі мен тәсілдері
- Түрі: жаңа сабақты меңгерту
- Әдісі: интерактивті әдістер, СТО элементтері, ізденіс, ой қозғау
- Формасы: топтық жұмыс
- Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қазақстанның даму тарихы, мәдениеті және жер байлығы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту; сөйлеу мәдениеті мен тілдік дағдыларды жетілдіру.
Тәрбиелік
Отанға, туған жерге деген патриоттық сезімді ояту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Тірек-сызбалар мен суреттер
- Ақ парақтар
- Түрлі түсті қаламдар
Сабақтың барысы
I кезең: Ұйымдастыру
Бастау- Амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
II кезең: Үй тапсырмасын тексеру
ҚайталауТапсырмалар
- Қазақ тілі туралы даналық сөздерді оқып келу.
- Тест сұрақтарына жауап беру.
Тест сұрақтары
1) Қазақстан Республикасында «Тіл туралы» Заң қашан қабылданды?
- A) 10 ақпан 1998 жыл
- B) 11 шілде 1997 жыл
- C) 12 қыркүйек 1991 жыл
- D) 15 қараша 2007 жыл
2) Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
- A) 1989 жылы
- B) 1998 жылы
- C) 1991 жылы
- D) 2000 жылы
3) «Тілден артық _____ жоқ, тілден артық _____ жоқ». Керекті сөзді табыңдар.
- A) Байлық, асыл
- B) Қазына, қасиет
- C) Ата, ана
- D) Ақыл, өнеге
4) «Тіл дегеніміз — қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры» — кімнің сөзі?
- A) Н. Ә. Назарбаев
- B) Ә. Тәжібаев
- C) А. Жұбанов
- D) Б. Момышұлы
5) «Тіл туралы» Заң неше тараудан тұрады?
- A) 5 тараудан
- B) 10 тараудан
- C) 7 тараудан
- D) 15 тараудан
Ой қозғау және топқа бөлу
I топ: Ғалымдар
Тың жаңалықтар ашады, ғылым арқылы қоғамның дамуына үлес қосады.
II топ: Ақын-жазушылар
Халықтың ой-арманы мен рухани құндылықтарын шығармалары арқылы жеткізеді.
III топ: Саясаткерлер
Елдің мәселелерін шешуге, қоғамдағы келісім мен тұрақтылыққа қызмет етеді.
Өлең арқылы тақырыпқа шығу
Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем. — М. Мақатаев
Сұрақ: Өлең не туралы?
Жауап: Отан туралы.
Мақал: «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас».
Сұрақ: Қазақ елінің Отаны қалай аталады?
Жауап: Қазақстан.
Топтау стратегиясы
Бізді біріктіретін ортақ құндылық — Отанымыз, ата мекеніміз: Қазақстан Республикасы. Әрқайсымыз туған жерімізді шексіз сүйеміз. Отанын сүймейтін жан жоқ. Көптеген ақындар мен сазгерлер туған еліне арнап жүрекжарды әндер мен өлеңдер жазған. Ендеше, сендер Қазақстан туралы нені білесіңдер?
Дамыту картасы
Әр топ таратылған парақтың бірінші бағанын толтырады:
Не білемін?
Алдын ала білім мен ойлар.
Не білдім?
Сабақтан кейінгі қорытындылар.
Не білгім келеді?
Зерттегісі келетін сұрақтар.
Жаңа сабақты меңгеру: топтық таныстырылым
Әр топ алдын ала дайындап келген мәліметтерін слайд арқылы баяндайды.
I топ: Даму тарихы және рәміздер
- 1989 жыл: қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды.
- 1991 жыл: Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды.
- 1992 жыл: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.
- 1995 жыл: Ата Заң қабылданды.
- 1997 жыл: ел астанасы Ақмола болды.
- 1998 жыл: Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
II топ: Өңірлер және жер байлығы
Қай өңірде не өндіріледі?
- Атырау мұнай
- Орал газ
- Қызылорда күріш
- Қарағанды көмір, мыс, күміс
- Павлодар трактор шығару
- Шымкент мақта, қызылша
- Тараз қызылша
III топ: Мәдениет және ұлттық құрам
Қазақстанда 131-ден астам ұлт пен ұлыс тұрады. Республика халқы құрамында қазақтар — 58,9%, орыстар — 25,9%, басқа этностар — 15,2%.
«Дорбадағы сөз маржаны»
- Шаңырақ
- Киіз үйдің жоғарғы бөлігі.
- Тұлпар
- Жүйрік, ерекше жылқы.
- Болашақ
- Алдағы уақыт, келешек.
- Достық
- Тілектестікке негізделген қарым-қатынас.
- Пайдалы қазба
- Жер қойнауынан алынатын табиғи ресурс.
III кезең: Сабақты бекіту
1) Дамыту картасы
Әр топ парақтың екінші бағанын толтырады: «Не білдім?»
2) Рөлдік тапсырмалар
«Таңдау» рөлі
Сөз тіркесін сөз құрамына талдау: қасиетті жер, өзге ұлт өкілдері.
«Бәрі» рөлі
Сөйлем мүшелеріне талдау: 1995 жылы 30 тамызда еліміздің Ата Заңы қабылданды.
«Сенім» рөлі
Мақалды аудару: «Жат елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол».
«Өкіл» рөлі
Дыбыстық талдау: тәуелсіз, атамекен.
3) Жобалық жұмыс
«Қазақстанның даму жолы» тақырыбында әр топ жоба қорғайды: жобаны параққа сызады және топ мүшесі таныстырады.
IV кезең: Қорытынды және рефлексия
Қорытынды тапсырма
«Қазақстан Республикасы» тақырыбында эссе жазу.
Дамыту картасы
Әр топ парақтың үшінші бағанын толтырады: «Не білгім келеді?»
Үй тапсырмасы
«Менің Қазақстаным» тақырыбы бойынша:
- I топ (Ғалымдар): зерттеу жүргізу.
- II топ (Ақын-жазушылар): мақал-мәтел жаттау.
- III топ (Саясаткерлер): баяндама дайындау.
Мұғалімнің сөзі
Жалғыз Отан — қасиетті мекенім,
Дүниеде бір өзіңе жетер кім?!
Кіндік кескен, бабам өткен туған жер,
Мәңгі сені жырлауменен өтермін.
Өз елімнің кірпіші боп қаландым,
Бойымда ыстық Алашымның қаны бар,
Тумысымнан қазақ болып жаралдым.
Ей, туғандар, қастерлейік байрақты,
Қазақпыз ғой қайыспайтын қайратты.
Бұзылмасын шекараның қаймағы,
Қазақстан — елім менің айбатты.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы бағалау парағы арқылы бағаланады.