Жеті сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: «Ж» дыбысы мен әрпі
Ұзақ мерзімді оқу мақсаттары
- 1.2.9.1 — әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
- 1.2.1.2 — оқудың түрлерін қолдану (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу).
- 1.2.5.1 — мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақ қою немесе қойылған сұраққа жауап беру.
- 1.1.9.3 — сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.
- 1.2.4.1 — мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес және көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
- 1.3.11.1 — сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.
Сабақ мақсаттары
- 1 Дыбыстарды ажыратады, сөздерді буындап оқиды және дыбыстық талдау жасайды.
- 2 Оқу түрлерін қолданады; дыбыстардан буын, сөз, сөйлем құрайды; мәтін бойынша сұрақ қоя алады.
- 3 Сөздер мен сөйлемдерді толық оқиды; қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздерді ажыратады; жазуда тиісті тыныс белгілерін қояды.
Негізгі акцент
Бүгінгі сабақта «Ж» дыбысы мен «ж» әрпі дыбыстық талдау, буынға бөлу және мәтінмен жұмыс арқылы бекітіледі.
Бағалау критерийлері
- Дыбыстарды ажыратады, сөздерді буындайды, дыбыстық талдау жасайды.
- Сюжетті сурет бойынша сөйлем құрайды.
- «Ж» дыбысы естілетін сөздерді табады.
- Буындардан сөз құрайды.
- Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.
- Қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздерді ажыратады.
- Жазады және тиісті тыныс белгісін қояды.
Сөздік қор
Ескерту
Сөздермен жұмыс кезінде буынға бөлу, дыбыстық талдау және мағыналық топтарға жіктеу (мәндес, қарама-қарсы, көп мағыналы) қатар жүргізіледі.
Сабақ барысы
Сабақтың басы
Психологиялық ахуал
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
Топқа бөлу
Үстел үстіндегі қима қағаздардың біреуін алу арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді:
Өткенді қайталау («Ортадағы қаламсап» әдісі)
- Әріп деген не? Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
- Сөйлем деген не? Сөйлемнің неше түрі бар?
- Қарама-қарсы мағыналы сөздерге мысал келтіріңдер.
- Құрамында «Ә» дыбысы бар 3 сөз айтыңдар.
- Сөздер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
Сабақтың ортасы
Білу
5 минут
Ой қозғау (диалог)
- Сұрақ: Бір аптада неше күн бар?
- Жауап: 7 күн бар.
- Сұрақ: Жеті қандай сан?
- Жауап: Тақ сан.
- Сұрақ: Көршілері қандай?
- Жауап: 6 және 8.
- Сұрақ: «Жеті» сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
- Жауап: «Ж» дыбысы.
Тапсырма
«Жеті» сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау. Салыстыру: жеті — семь — seven.
№1 Оқылым (оқулықпен жұмыс)
Бағандағы сөздерді жеке оқушылар оқиды, кейін талдау жүргізіледі. Баған ішінен қарама-қарсы мағыналы сөздерді табады.
Сурет бойынша жұмыс
- Сұрақ: Мынау ненің суреті?
- Жауап: Ат жарысы.
- Сұрақ: Атпен ойналатын тағы қандай ойындарды білесіңдер?
- Сұрақ: «Жарыс» сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
- Жауап: «Ж» дыбысы.
- Сұрақ: Ол қандай дыбыс?
- Жауап: Дауыссыз дыбыс.
- Тапсырма: Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау: жылқы — лошадь — horse.
№2 Оқылым (мәтінмен жұмыс)
Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Мұғалім мәтінді оқиды, кейін оқушылар тізбектеп оқиды. Мазмұны сұрақ-жауап арқылы пысықталады.
- Жайлауда не өтті?
- Жанаттың аты қандай?
- Жарастың жорғасы қандай?
- Кім жарыс мәресіне тез жетеді? Кім жеңеді?
Әріппен таныстыру және жазылым
Ереже
«Ж» дыбысын ж әрпі арқылы таңбалаймыз. Баспа және жазба түрлерімен танысамыз.
- Ауада жазып көру.
- Тақтаға жазып көрсету.
Дәптермен жұмыс
- Жоларалық кеңістікті сақтайды.
- Әріп элементтерін каллиграфиялық талапқа сай жазады.
- Жазған оқушыға графикалық әдіс арқылы кері байланыс беріледі.
Мәлімет
Білім беру ұйымы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ.
Мұғалім
Акоразова Бактыгүл.
Тақырып: «Ж» дыбысы мен әрпі.