Төрт түлік малдан өндірілетін сүт өнімдері, сүттен жасалатын тағамдардың жасалу әдісін үйрету
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сыныбы
6-сынып
Тақырыбы
Сүт тағамдарын дайындау, оның қасиеті мен маңызы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
Көрнекілік арқылы түсіндіру, сарамандық жұмыста білімді бекіту
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Төрт түлік малдан өндірілетін сүт өнімдерін таныстыру және сүттен жасалатын тағамдардың дайындалу тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық
Теориялық және практикалық білімді күнделікті өмірде қолдана білуге бағыттау; сүт тағамдарының адам ағзасына пайдасын түсіндіру; сүт тағамдарын дайындау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Тағам әзірлеу мәдениетін меңгерту, тазалық пен ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу.
1) Ой шақыру: төрт түлік және сүт
Малдың қадірін біліп, қасиетін бағалаған халқымыз кейде адам есімдеріне де мал атауларын байланыстырып қойған. Бұл — төрт түліктің тұрмыстағы орнын көрсететін дәстүр.
Есімдер үлгісі
- Қошқарбай
- Қозы Көрпеш
- Нартай
- Ботагөз
- Құнанбек
- Қойшығұл
Төрт түлік
- Жылқы
- Сиыр
- Түйе
- Қой
- Ешкі
Сүт өнімдері
- Қымыз
- Сүт
- Шұбат
- Қоймалжың
Төрт түліктің пайдасы
Төрт түлік — тұрмыстың тірегі: мінсе көлік, ішсе сусын, жесе тамақ, кисе киім, тұтынса бұйым. Халықтың дәулеті мен мақтанышы да осы малмен өлшенген.
2) Мағынаны ашу: сүттің қасиеті мен маңызы
Мал өсіруге қолайлы елдің бірі — Қазақстан. Ежелден бері адам баласына белгілі, жұғымды әрі жеңіл тағамдардың бірі — сүт. Сүттің тағамдық құндылығы жоғары болғандықтан, оның орны ерекше.
Сүттің пайдасы
- Асқазан жұмысы бұзылған адамдарға пайдалы.
- Жүрек, бүйрек, бауыр дерті бар жандарға жеңіл тағам ретінде ұсынылады.
- Ешкі сүті ағзаға тез сіңеді, жұғымдылығы жоғары.
- Халық тәжірибесінде ешкі сүті әлсіреген адамға және көкжөтелмен ауырған балаға берілген.
Бүгінгі тәжірибелік бағыт
Бұл сабақта сүттен дайындалатын құнарлы тағам — ірімшік жасауды үйренеміз.
Ірімшіктің құндылығы
Ірімшік — нәрлі азық. Құрамында шамамен 22–30% ақуыз және 15–30% май болады.
Ірімшік түрлері және қолданылуы
Ірімшік қатты, жұмсақ, тұзды және тұзсыз болып бөлінеді. Көбіне аспаздықта пирог, құймақ, бәліш және жұмсақ нанның ішіне салма ретінде пайдаланылады.
3) Ірімшік дайындау жолы
-
1
3 литр сүтті қайнатыңыз да, жылы жерге қойыңыз.
-
2
Ішіне айран құйып, 20 г іріткі қосып ұйытыңыз.
-
3
Аз уақытқа қайтадан отқа қойыңыз. Бетіне сарысу (көк су) шыққан кезде оттан алыңыз.
-
4
Қоспаны сүзгіден өткізіп, ірімшікті бөлек алыңыз.
-
5
Дайын өнімді қалауынша қант қосып немесе қантсыз пайдалануға болады.
Бекіту сұрақтары
Өзіңді тексер
- Төрт түліктің пайдасын халқымыз қалай бағалаған?
- Сүт өнімдерінің ағза үшін маңызы қандай?
- Ірімшік дайындаудың негізгі қадамдарын атап бер.
Практикалық жұмысқа дайындық
Тазалық және қауіпсіздік талаптары
- 1 Сүт тағамдарын дайындамас бұрын қолды мұқият жуу керек.
- 2 Сүт өнімдерін салқын жерде сақтаған дұрыс.
- 3 Қажет мөлшерде қант қосып, ұзақ қайнату арқылы тәтті сүт әзірлеуге болады; мұндай сүт ұзақ сақталады.
Жұмбақ және түсіндірме
Мал төлдеп, әр ауыл пісіреді — ақ бауыр.
Жауабы
Уыз — жаңа туған сиырдың алғашқы сүті.