Екінші бағандағы сөйлемдердің орнын ауыстырып көрейікші
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты
- Мәтін туралы түсінік беру; жеке сөйлемдер мен мәтінді бір-бірінен ажыратуға үйрету; мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтату.
- Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, қызығушылықты арттыру және шығармашылық қабілетті дамыту.
- Өзара ынтымақтастыққа, қайырымдылыққа, жылдамдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Көрнекілігі
- Сюжетті сурет, слайд
- Түрі
- Саяхат сабақ
- Әдісі
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, талдау
- Пәнаралық байланыс
- Ана тілі, математика
Негізгі ұғымдар
- Мәтін — өзара байланысқан сөйлемдер тобы.
- Тақырып — мәтіннің кім/не туралы екенін білдіреді.
- Негізгі ой — мәтіннің басты мағынасы.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу
- Түгендеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру
154-жаттығу.
III. Өткенді пысықтау
«Қызыл телпек» ертегісіне саяхат: қасқырдың тапсырмасын орындау.
- Сандардың орналасу ретін анықтау.
- Сұрақтарға жауап беру.
IV. Жаңа сабақ
«Мақта қыз» ертегісіне саяхат: Мақта қыздың тапсырмасы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Шифрограмма
Белгілерді шешіп, жасырын сөздерді табу
32 (3 онд. 2 бірл.)
Маймыл
Әріп: М
x − 4 = 5 (теңдеу)
Әтеш
Әріп: Ә
36 − 6 (санды өрнек, мәнін табу)
Тышқан
Әріп: Т
1 сағ = ? мин (60 мин)
Түлкі
Әріп: І
1 дм = ? см (10 см)
Қоян
Әріп: Н
Сабақтың мақсаты хабарланады. Жаңа тақырып 156-жаттығу арқылы түсіндіріледі: бірінші және екінші бағандағы сөйлемдер салыстырып оқылады.
Талқылау сұрақтары
- Бірінші бағандағы сөйлемдер кім, не туралы?
- Екінші бағандағы сөйлемдер не туралы?
- Екінші бағандағы сөйлемдердің орнын ауыстырсақ, мазмұн түсінікті бола ма?
Негізгі қорытынды
Екінші бағандағы сөйлемдер өзара байланыса құрылады және бір ғана тақырыпты (ара туралы) қамтиды. Сөйлемдердің орнын ауыстыруға болмайды, өйткені мазмұн бұзылады.
Анықтама: өзара байланысты сөйлемдер тобын мәтін дейміз. Мәтіннің тақырыбы болады, мәтінге ат қоюға болады.
V. Оқулықпен жұмыс
«Бауырсақ» ертегісіне саяхат: түлкінің тапсырмасын орындау.
157-жаттығу: топтық жұмыс.
- Әр қатарға мәтінді бөліп оқыту және талдату.
- «Топтастыру» стратегиясы бойынша бұғыға қысқаша сипаттама беру.
VI. Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
VII. Дәптермен жұмыс
«Шалқан» ертегісіне саяхат: 158-жаттығуды орындау арқылы шығармашылық жұмыс жүргізіледі.
- Суретке қарап әңгіме құрастыру.
- Әңгімеге ат қою.
VIII. Сабақты бекіту
«Күн, Ай және Әтеш» ертегісіне саяхат: тест тапсырмаларын орындау.
Тест
-
Мәтін дегеніміз не?
- A) Ұзақ бір сөйлемді мәтін дейміз.
- Ә) Екі немесе одан да көп өзара байланысқан сөйлем.
-
Мәтінге не қоюға болады?
- A) Үтір
- Ә) Ат
-
Мәтінге ат қойыңдар:
Барыс — өте сақ және епті жыртқыш. Түсі көкшіл сұр, қара теңбілді шұбар болады. Барыс көбінесе басын мәңгі қар басқан биік тауларда мекендейді.
- A) Барыс
- Ә) Тау
-
Мәтіннің тақырыбы бола ма?
- A) Болады
- Ә) Болмайды
Жұптық жұмыс
Оқушылар тест кілтіне сүйене отырып, бір-бірінің жауаптарын тексереді.
Тест кілті
- 1Ә
- 2Ә
- 3A
- 4A
IX. Оқушыларды бағалау
Оқушылар жиналған ұпай санына қарай бағаланады.
X. Қорытынды
Сабақ соңында қорытынды сұрақтар қойылады:
- Балалар, біз қай елге (ертегілер әлеміне) саяхат жасадық?
- Ол елдерден не үйрендік, не білдік?
XI. Үйге тапсырма
«Қысқы ойын» тақырыбына әңгіме жазып келу.