Кім ойшыл
Білім саласы: Таным
Білім бөлімі: Жаратылыстану
Тобы: «Балдырған» ІІ кіші тобы
Мақсаты
Балаларды жабайы жануарлардың тіршілігімен таныстыру. Жабайы аңдардың төлдерінің атауларын дұрыс айтуға үйрету. Табиғаттың бір бөлігі екенін сезіндіріп, жануарларға деген қамқорлық сезімін ояту.
Шаттық шеңбері
Армысың, Алтын күн!
Армысың, Жер Ана!
Армысың, Көк Аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыңа жылу қос,
Міне, менің қолым!
Ойын: «Кім ойшыл?»
Жұмбақтар
- Ұзын құлақты, көзі қыли, қорыққан сайын ылғи секіреді.
- Төрт түліктің қас жауы — түзде жүрген көк сері.
- Құйрығы бұлаң-бұлаң етеді, барлығын алдап кетеді.
- Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады.
Билингвальды компонент
Қоян
заяц
Аю
медведь
Қасқыр
волк
Түлкі
лиса
Тапсырма: аңдардың төлдерін дұрыс тап
Балалар жабайы аңдардың төлдерін сәйкестендіреді және атауларын дұрыс айтуға жаттығады.
Назар аударайық:
Жануарлар — табиғаттың ажырамас бөлігі. Оларға қамқор болу маңызды.
Сергіту сәті
Көлбең-көлбең, көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Қоян қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Көлбең-көлбең, көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Аю қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Шығармашылық бөлік
Тақпақ айту
Жабайы аңдар туралы білетін тақпақтарыңды айтып беріңдер. Дыбыстарды анық айтып, сөздерді дұрыс айтуға назар аударамыз.
Ойын: «Текшелерді құрастыр»
Суреттерді сәйкестендіріп, текшелерден жануарларды құрастырамыз. Байқағыштық пен ұқыптылықты дамытуға көмектеседі.
Құм терапиясы
Құммен жұмыс арқылы балалардың қиялы дамып, ұсақ моторикасы жетіледі. Жануарлардың ізін салу, пішінін жасау сияқты тапсырмалар орындалады.
Қорытынды
Қатысқандарыңызға рақмет!
Тәрбиеші: Сындарова Жайнагүл