Power Point бағдарламасы жайлы алған білімдерін тиянақтау мақсатында практикалық жұмыстар жасау

Сабақ жоспары

Сабақ құрылымы уақытты тиімді жоспарлауға және оқушының қатысуын арттыруға бағытталған: қайталау, практикалық жұмыс, бекіту, өзін-өзі тексеру және рефлексия.

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    2 минут

    Оқушылармен амандасу, түгендеу. Екі топқа бөлу. Топ басшысын оқушылар өздері таңдайды.

  2. 2) Үй тапсырмасын қайталау: постер құру

    5–7 минут

    Үй тапсырмасын бекіту үшін топтық постер дайындалады. Әр топқа 7 минут уақыт беріледі, кейін қорғау жүреді.

    1-топ тақырыбы

    Презентация құрудың төрт әдісі

    2-топ тақырыбы

    Презентация жасағанда нені есте сақтау керек?

    Қорғау кезінде әр топтың баяндаушысы постерді таныстырады, қажет болса топ мүшелері көмектеседі.

  3. 3) «Техникалық диктант» (топтық жұмыс)

    3 минут

    1-топ

    • MS PowerPoint — презентациялар әзірлеуге арналған .......................... бағдарлама.
    • MS PowerPoint-тың негізгі міндеті — ақпаратты ................. және ...................... тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді ................, .................. және .................
    • Көрме — белгілі бір қызметке байланысты материалды ұсынуға арналған, компьютерде жасалған көрсетілімдік слайдтар жиынтығы.

    2-топ

    • PowerPoint бағдарламасы мына әмірлер арқылы іске қосылады: Бастау → Бас мәзір → ..................... → MS PowerPoint
    • Көрмені сақтау үшін ............. мәзірінен немесе Стандартты құралдар тақтасынан ................. әмірін таңдаңыз. Ашылған .................... терезесінде Файл атауы өрісіне көрме атауын енгізіп, .................... батырмасын шертіңіз.
  4. 4) Компьютермен жұмыс: оқушылар шығармашылығы

    10 минут

    Оқушылар тапсырмаларды PowerPoint-та слайд түрінде орындайды.

    1-тапсырма

    Спорттық тауарларды жарнамалайтын слайд жасаңыз.

    2-тапсырма

    Кесте құру арқылы спорттық тауарлардың прайс-парағын жасаңыз.

    3-тапсырма

    Өз қалауыңыз бойынша анимация әсерлерін қосыңыз.

    Үлгі

    Спорттық заттың атауы Бағасы Саны Барлығы
    1 Доп 800 2 1600
    2
  5. 5) Білімді бекіту: триадалық әдіс (топтық жұмыс)

    10 минут

    Оқушылар берілген тапсырманы ешқандай сөз қолданбай, сурет арқылы бейнелейді. Бір оқушы шығып, суретті екінші топқа түсіндіреді. Қарсы топ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен кері байланыс береді.

    Тақырып

    PowerPoint бағдарламасы дегеніміз не?

  6. 6) Өзін-өзі тексеру: тест жұмысы

    5 минут

    Әр топқа тест тапсырмасы беріледі. Топ басшылары тесттерді жинап, қарсы топтың жұмысын тексереді.

    1. PowerPoint дегеніміз не?

    • а) Көрмелерді әзірлеуге арналған MS Office қолданбалы бағдарламасы.
    • б) Компьютердің қор көздерін басқаратын жүйелік бағдарлама.
    • в) Кестелік деректерді өңдеу кезінде қор көздерін басқаратын құрылғы.
    • г) Кодтық кестелерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама.

    2. PowerPoint-та слайд көрсетілімін бастау қай пернемен орындалады?

    • а) F5
    • б) F7
    • в) F3
    • г) F4

    3. PowerPoint бағдарламасында F5 пернесі қандай әмірді орындайды?

    • а) Анимацияны баптау
    • б) Слайд сипаттары
    • в) Слайдты көрсету
    • г) Анықтама мәзірі

    4. PowerPoint көрмесі дегеніміз не?

    • а) Компьютерде әзірленген слайдтар жиынтығы
    • б) Слайд көрсетілімін басқаратын компьютер құрылғысы
    • в) Электрондық кестелерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама
    • г) Кескіндер, көркем суреттер және диаграммалар жиынтығынан тұратын мәтіндік құжат

    5. Бір файлға жиналған слайдтар нені құрайды?

    • а) Кадрлар
    • б) Суреттер
    • в) Көрме
    • г) Көрсетілім

    6. PowerPoint не үшін қажет?

    • а) Интернет беттерін жасау
    • б) Кестелер құру арқылы формулалық есептеулер
    • в) Сызбалық мысалдары бар мәтіндік құжаттар жасау
    • г) Ақпаратты есте сақтау және қабылдау тиімділігін арттыруға арналған көрмелер жасау
  7. 7) Рефлексия: бекіту, бағалау және үй тапсырмасы

    3–5 минут

    «Сұрау – қорытындылау» сұрақтары

    • Сабақта қандай мәселе басты болды?
    • Не қызық болды?
    • Қандай жаңалықпен таныстыңдар?
    • Нені үйрендіңдер?

    Қажет болса, әр сұраққа бірнеше оқушы жауап береді.

    Қорытынды

    Алған әсеріңіз қандай? Сабақ бойынша өз ойыңызды қысқаша бөлісіңіз.

    Қанатты сөз

    «Өзіңді-өзің бағалай біл! Өз сеніміңе сенудің өзі күш береді.»

    Л. Вовенарг

    Үй тапсырмасы

    Қайталау: тақырыпты оқып келу.

    Бағалау: топ басшысы өз тобының мүшелерін жеке бағалайды.