Қараңдаршы көжектер қандай әдемі

Сабақ туралы мәлімет

Тақырыбы

Көкалда көжек секіреді

Білім беру саласы

Шығармашылық, таным

Бөлімдері

Сурет, жаратылыстану

Қостілділік құрауыш

Көп
много
Біреу
один

Мақсаты

Таным мен тіл дамыту

Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беруді жалғастыру; сыртқы көрінісі мен немен қоректенетінін әңгімелеу арқылы тілін дамыту.

Түстер және ажырату дағдысы

Негізгі түстерді атай білуді және бір түсті заттарды ажырата білу іскерліктерін жетілдіру.

Қимыл-қозғалыс және тәрбие

Саусақ моторикасын дамыту; мейірімділікке және ептілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Мотивациялық-оятушылық кезең

Жылулық шеңбері

Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді.

Тәрбиеші балалардың назарын әдемі қорапшаға аударады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең

Тәрбиешінің сөзі мен балалардың әрекеті

  • «Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі қорапша! Ашып көрейік, ішінде не бар екен?»

  • «Бұл — қоянның көжектері. Қане, бәріміз бір-бірден алып көрейік.»

  • «Көжек қандай?» (жұмсақ, үлпілдек, сүйкімді)

  • «Енді көжекті жылытайық: құшақтап, өзімізге жақын ұстап, жайлап қысайық.»

  • «Көжектер жылынды, енді орнымызға отырайық.»

  • «Қараңдаршы, көжектер қандай әдемі! Көздері қандай?» (кішкентай, домалақ, моншақ секілді)

  • «Ал бұл не?» (аяғы) «Тағы не бар?» (құйрығы, құлағы, мамық жүні)

Қимылды ойын: «Көжектер»

Кішкентай көжек секіреді көлшіктің жанында, Көжек секіреді тез-тез, Ал оны ұстап көр!

Ойын соңында балалар жүгіріп барып, орындыққа отырып тынығады.

Түсті ажырату тапсырмасы

«Балалар, көжектің түсі қандай?» (көкшіл, көк түсті)

«Ендеше ойыншықтардың ішінен көжек түстес ойыншықтарды таңдап алып, көжектің жанына қояйық.»

«Көжек шаршады. Қане, оны себетке салайық — демалсын.»

Сұрақ

«Қолымызда көжек қанша?»

Біреу

Сұрақ

«Ал себетте қанша болды?»

Көп

Қоректенуі туралы әңгіме

«Менің қолымдағы себетте көкөністер бар. Солардың ішінен көжектің қорегін тауып берейік.»

Көжектер сәбізді және қырыққабатты жақсы көреді.

Мәлімет

Алматы облысы, Текелі қаласы

Балабақша тәрбиешісі: Жаманқұлова Шырынкүл Ибрашевна

Толық нұсқасын жүктеу