Жануарлардың топтарға бөлінуін
Сабақтың тақырыбы
Бунақденелілер
Мақсаты
Білу керек
Жануарлардың топтарға бөлінуін.
Істей білу
Жануарлардың бір тобы — бунақденелілерді ажырата білуді үйрену.
Көрнекілігі
-
Презентация
Тақырыпты жүйелі түсіндіруге арналған слайдтар.
-
Суреттер
Жануарлар топтарын салыстырып тануға көмектеседі.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін қысқаша таныстыру.
2) Өткенді пысықтау
Түсіндіру: 6 минутТапсырма
Берілген сөздерді жануарлар топтарына бөліп жаз:
3) Жаңа сабақ
Жер бетінде жануарлардың түрі өте көп. Ғалымдардың есептеуінше, олардың шамамен 2 миллиондай түрі бар.
Жануарлар пішіні мен өлшеміне қарай әртүрлі болады: бірі өте үлкен (піл, кит), ал кейбірі өте кішкентай (амеба). Амебаны тек микроскоппен ғана көруге болады.
Енді жануарлардың қандай топтарға бөлінетінін сызба арқылы қарастырайық.
Жануарлар топтары
-
Бунақденелілер
Өте ұсақ жәндіктер әлемі.
-
Қосмекенділер
Суда да, құрлықта да тіршілік етеді.
-
Сүтқоректілер
Тірі туу, сүтімен қоректендіру тән.
-
Жорғалаушылар
Денесі қабыршақпен қапталған.
-
Құстар
Қауырсынды, жұмыртқа салатын жануарлар.
-
Балықтар
Суда тіршілік етеді, желбезекпен тыныс алады.
4) Жұмбақ шешу
Ұшқанда өлең айтады,
Қонғанда жер қазады.
Мұны да ойлап көрейік,
Шешуін кім табады?
Басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
Талқылау сұрағы
Қалай ойлайсыңдар, неліктен оларды жәндіктер деп атайды?
Есіңде сақта
Бунақденелілер де жануарларға жатады. Олар өте ұсақ болғандықтан, кейде жәндіктер деп аталады.
5) Жұппен жұмыс
Оқулықтағы кестені жұбыңмен бірге толықтыр.
Автор туралы
Арқалық қаласы, Целинный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Хамзина Айман Кубландиновна.