Тест сұрақтарына жауап

Мұғалім туралы мәлімет

Өңірі
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы
Мектебі
Благодарное орта мектебі
Лауазымы
Бастауыш сынып мұғалімі
Аты-жөні
Сыдыкова Сайраш Нығыметқызы

Сабақ тақырыбы

Қыс

Бұл сабақта оқушылар қыс мезгілінің ерекшеліктерін танып, мәтінмен жұмыс жасап, сөздік қорын байытады және табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын түсінеді.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру; қыс туралы білімдерін пысықтау.

Дамытушылық

Тапсырмалар арқылы сөздік қорын молайту, ойлау және сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Жыл мезгілдерін ажыратуға үйрету; табиғатты аялау мен қорғау мәдениетін қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар мен әдістер

Көрнекілігі

  • Міржақып Дулатовтың суреті
  • Қыс мезгілінің суреті
  • Сызбалар, сөзжұмбақ

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Әңгімелеу
  • Тізбектей оқу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, бейнелеу өнері

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру және өткенді пысықтау

  • Сыныпты ұйымдастыру, сабаққа дайындықты тексеру.
  • Өткен бөлім бойынша білімді тиянақтау: тест сұрақтарына жауап беру.

II. Жаңа сабақ: психологиялық дайындық

Оқушылардың көңіл күйін көтеріп, сабаққа ынтасын арттыру үшін «Қыс» тақырыбындағы өлең оқылады.

Қыс өлеңі

Жүріңдер, балалар,

Сырғанақ тебейік.

Желменен жарысып,

Сырғанақ тебеміз.

Құрыспай, құрыштай,

Шынықсын денеміз.

III. Сөзжұмбақ шешу

Қысқа тән құбылыстарды еске түсіру үшін жұмбақтар шешіледі.

  1. 1) Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.
  2. 2) Есіктен кіреді еңкейіп, төрге шығады қампайып.
  3. 3) Отқа жанбас, суға батпас.

IV. Дыбыстық жұмыс және мәтінмен танысу

Дыбысты созып айту

Мұ-ұз, қа-ар — дауысты дыбыстарды созып, анық айтуға жаттықтыру.

Мәтінмен жұмыс

«Қыс» әңгімесін екі оқушы дауыстап оқиды. Одан кейін мазмұнын әңгімелеп береді.

Міржақып Дулатов туралы қысқаша мәлімет

Туған жері

Қостанай өңірі

Қызметі

Ақын, жазушы

Еңбегі

«Оян, қазақ!»

Суретпен жұмыс (сұрақтар)

  • Суретте қай мезгіл бейнеленген?
  • Оны неден байқадың?
  • Адамдар суықтан қалай қорғанады?

V. Дәптермен жұмыс

Топтастыру әдісі: «Қыс»

аяз қар боран суық сырғанақ аққала

Жаңа сөздер

Бапсыз
жайсыз
Бек қиын
өте қиын
Қарыған
үсік шалған, үсіткен

Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы

  • Оқушылардың білімін тиянақтап, сабақ қорытындыланады.
  • Оқушылардың жұмысы бағаланады.
  • Үй тапсырмасы: мәтінді оқу, мазмұнын әңгімелеу («Қыс»).