Блум таксономиясына негізделген сабақ

Сабақтың тақырыбы

Ыбырай өлеңдерінің тақырыптары (слайд арқылы)

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ыбырай өлеңдерінің мазмұнымен танысу, олардың тақырыбы мен идеясын ашу.

Дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айту және өз пікірін дәлелдеп қорғау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Әдебиетке сүйіспеншілікті оятып, еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер және ресурстар

Сабақтың әдісі

  • Интерактивті әдіс-тәсілдер
  • Блум таксономиясы
  • СТО (сыни тұрғыдан ойлау)
  • «Бес жол өлең»
  • Көрнекілікпен жұмыс
  • «Бір айналым сөйлесу»
  • Сатылай кешенді талдау

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың типі
Білім, дағды және іскерлікті меңгерту.
Көрнекіліктер
Жазушының портреті, шығармашылығына арналған материалдар, слайдтар, тақырыпқа сай суреттер, бейнетаспа және аудиожазба.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты екі топқа бөлу.

II. Ой ашар

Сұрақ

Оқушылар, өткен сабақта қандай тақырыптармен таныстық?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

III. Блум таксономиясына негізделген жұмыс

1

Білім

Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығын еске түсіру.

I топ: «Жылдар сөйлейді»

  • 1841 ж. 20 қазан
  • 1850 ж.
  • 1857 ж.
  • 1859 ж.
  • 1860 ж.
  • 1861–1863 жж.
  • 1864 ж.
  • 1876 ж.
  • 1879 ж.
  • 1881 ж.
  • 1883 ж.
  • 1887 ж.
  • 1889 ж.

Тапсырма: аталған жылдардың Ыбырай өміріндегі маңызын анықтау.

II топ: Қосымша деректер және топтастыру

  • Ыбырай туралы қосымша мәліметтер жинақтау.
  • Көрнекілік: әңгімелерінің тақырыптарын анықтау.
  • Ыбырай әңгімелерін оқи отырып бойға сіңірген адами қасиеттерді топтастыру.
2

Түсіну

Оқулықтағы өлеңдер бойынша мазмұнды түсіну және пікір айту.

  • Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
  • «Екі жақты күнделік» жүргізу.

I топ

«Жаз», «Өзен» өлеңдері

II топ

«Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері

Мультимедиа қолдауы

Тақтадан бейнетаспа көрсетіледі, аудиожазба тыңдалады.

3

Қолдану

Өлеңдерге сатылай кешенді талдау жасау.

I топ: «Өзен»

  1. 1.Авторы
  2. 2.Жанр түрі
  3. 3.Тақырыбы
  4. 4.Идеясы
  5. 5.Шумақ
  6. 6.Тармақ
  7. 7.Бунақ
  8. 8.Буын саны
  9. 9.Ұйқас
  10. 10.Әдебиет теориясы
  11. 11.Тәрбиелік мәні

II топ: «Өнер-білім бар жұрттар»

  1. 1.Авторы
  2. 2.Жанр түрі
  3. 3.Тақырыбы
  4. 4.Идеясы
  5. 5.Шумақ
  6. 6.Тармақ
  7. 7.Бунақ
  8. 8.Буын саны
  9. 9.Ұйқас
  10. 10.Әдебиет теориясы
  11. 11.Тәрбиелік мәні
4

Талдау

Деңгейлік тапсырмалар арқылы түсінікті тереңдету.

3-деңгей

  1. Өзен дегеніміз не?
  2. Бастау дегеніміз не?
  3. Өзен алабы дегеніміз не?
  4. Қазақстандағы ең ұзын, суы мол өзенді ата.

2-деңгей

«Ыбырай» сөзіне бес жол өлең құрастыру.

1-деңгей

«Білімдінің аты өсер, білімсіздің аты өшер.»

Жүсіп Баласағұн
5

Жинақтау

«Жастар – еліміздің келешегі, ал білімді жастар – мемлекетіміздің жарқын болашағы.»

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
6

Бағалау

«Бір айналым сөйлесу» стратегиясы арқылы қорытынды жасау.

Талқылау сұрақтары

  • Бүгін не үйрендік, нені білдік?
  • Ыбырай өлеңдері туралы түсінігімізді бір сөйлеммен қорытындылайық.

IV. Үй жұмысы

Әлеуметтік теңсіздік тақырыбына арналған өлеңдерін жаттау және сатылай кешенді талдау жасау.

V. Қорытынды бағалау

Оқушылардың белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және пікір білдіру мәдениеті негізінде бағаланады.