Бейнелеу өнеріндегі композиция

Бейнелеу өнері (1-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнеріндегі композиция. Саңырауқұлақтың суретін саламыз.

Сабақтың мақсаттары

1) Білімділік

  • Бейнелеу өнеріндегі композиция ұғымын түсіндіру.
  • Саңырауқұлақтар туралы қысқаша мәлімет беру.
  • Сурет салу жолдарын кезең-кезеңімен түсіндіру.

2) Дамытушылық

  • Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.
  • Композицияны қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

3) Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа, адамгершілікке және тазалыққа тәрбиелеу.
  • Бейнені парақта дұрыс орналастыруға үйрету.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

  • Көрнекілік әдісі
  • Түсіндіру
  • Сарамандық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Саңырауқұлақтардың суреттері
  • Альбом
  • Қарындаш
  • Үлгілер

Пәнаралық байланыс

  • Тіл дамыту
  • Дүниетану

Назар аударатын тұс

Бұл сабақта негізгі мақсат — бейнені парақ бетіне үйлесімді орналастыру және композицияның қарапайым ережелерін тәжірибе арқылы меңгеру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылардың дайындығын тексеріп, сабаққа назарын аудару.
  2. 2 Өткенді шолу: ой шақыру арқылы сұрақтарға жауап алу.

Негізгі түстерді ата:

Сары, қызыл, көк.

Қосымша түстерді ата:

Қызғылт сары, сия көк, жасыл, қоңыр.

II. Жаңа сабақ

Бұл бөлімде композиция туралы түсінік беріледі және саңырауқұлақтың суретін салудың негізгі кезеңдері түсіндіріледі.

Композиция (үйлестіру) дегеніміз не?

Композиция — туындының негізгі бөліктерін белгілі бір жүйеде орналастыру. Картина композициясы көбіне тіктөртбұрыш пішінде (тігінен немесе көлденең) беріледі. Сондай-ақ шаршы, сопақша немесе шеңбер пішінінде де орналасуы мүмкін.

Сарамандық жұмыс

  • Саңырауқұлақтың пішінін парақ бетіне дұрыс орналастырып, жалпы сұлбасын белгілеу.
  • Бөліктердің (қалпақшасы мен сабағы) пропорциясын сақтап, сызықтарды нақтылау.