Қазақ тілі өлеңдерін мәнерлеп оқу

Сабақ тақырыбы

Қазақ тілі, 6-сынып: Мағжан Жұмабаев — «Мен кім?», «Қазақ тілі».

Сабақ құрылымы оқу мақсаттарына сәйкес ұйымдастырылып, талдау, пікір айту және шығармашылық жұмысқа басымдық береді.

Жалпы мақсат

  • Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімін сұрау; өлеңдерінің мазмұны мен негізгі идеясын ашу.
  • Оқушыларды мәнерлеп оқуға машықтандыру; өз пікірін нақты жеткізуге және шығармашылыққа баулу.
  • Өз ұлтын, елін сүйетін патриот азамат тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

  • Мағжанның сыршыл ақын екенін біледі; Абайдан кейін әдебиетке жаңа түр әкелген, шәкірт ерткен қуатты ақын екенін түсінеді; өлеңдерінің негізгі идеясын ашады.
  • Логикалық ойлау қабілеті дамиды; шығармашылық ізденіске талпынады.
  • Жүрегі «өз ұлтым» деп соққан нағыз патриоттық ұстаным қалыптастырады.

Жалпы идея

Мағжан — мәдениеті зор, сөз кестесі келісімді, әуезі күйшіл ақын. Оның поэзиясы сезімі толық жетілмеген ортадан ертерек шыққандай әсер қалдырады: тілі жұмсақ, жүрекке жылы тиеді.

«Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз — Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін».

М. Әуезов

Ресурстар

Электрондық оқулық Ақын портреті Постер Маркер Смайликтер

Тапсырмалар

Топпен жұмыс

  • «Біздің пікір»
  • «Топтастыру»
  • «Қала мен дала»
  • Венн диаграммасы

Жеке жұмыс

  • «Ой толғау»
  • «Пікірлесу»
  • «Лайықты сөз»
  • Деңгейлік тапсырмалар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

  • Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
  • Топқа бөлу: конвертке ақын шығармашылығы туралы сөздер салынып, соның арқылы оқушылар бір-бірін тауып, 4 топқа бөлінеді.

II. Үй тапсырмасын пысықтау (10 минут)

  1. А. Байтұрсынов бойынша: I-топ — өлеңдері, II-топ — мысалдары, III-топ — аудармалары, IV-топ — оқулықтары туралы айтады.
  2. А. Байтұрсыновтың «Анама хат» өлеңін жатқа айту.

III. Бағалау

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.

IV. Жаңа сабақты меңгерту: «Ой таным» (5 минут)

Алдын ала тапсырма: М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы оқып, танысып келу.

Мұғалім сөзі

Мағжан — сыршыл ақын. Мағжанның сөзі тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін нәзік әуезді. Құрғақ өлең мен жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсың. Абайдан кейін өлең өлшемдерін түрлендірген де — Мағжан.

V. Оқулықпен жұмыс (10 минут, постер қорғау)

I-топ

«Мағжан кім?» — топтастыру. Отбасы туралы мәлімет беру.

II-топ

«Мағжан — ақиық ақын» деген пікірмен келісесің бе? Неліктен?

III-топ

Қазақ тілінің бүгінгі таңдағы маңызы қандай?

IV-топ

Мағжан ғана емес, өзге де арыстардың қайғылы қазасына не себеп болды? Айыпты — адам ба, заман ба?

VI. Бағалау

Смайлик арқылы бағалау.

VII. Ұжымдық жұмыс: «Поэзия сәті» (5 минут)

Мағжанның «Мен кім?» және «Қазақ тілі» өлеңдерін мәнерлеп оқу.

VIII. Жеке жұмыс: деңгейлік тапсырмалар (3 минут)

A деңгей

  1. «Ой толғау»: Ақын — ұлттың өкілі. «Ұлт» деген сөзді қалай түсінесің?
  2. Ана тілінің келешегіне қатысты ақынның сенімі мен үмітінің өміршең екенін дәлелде.

B деңгей

  1. Ақынның жанын толғандырған мәселе не?

C деңгей

Ақын білім алған оқу орындарын ата.

IX. Бағалау

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

X. Топтық жұмыс: «Мағынаны аш» (5 минут)

1) Өлең құрылысына талдау

Үзінді

Күш кеміді, айбынды ту құлады,

Кеше батыр — бүгін қорқақ бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қом суынған жүрек солғын соғады.

Шумақ
4
Тармақ
16
Бунақ
3
Буын
11
Ұйқас түрі
Қара өлең ұйқасы

2) Әдеби-теориялық ұғымдар

Метафора

айбынды ту, ұшқыр жан, алтын ана, жауыз тағдыр, нұрлы жұлдыз

Теңеу

арыстанмын, жолбарыспын, күнмін, жасықпын, тұлпармын, теңізбін

3) Сөздікпен жұмыс

  • Ерікке ұмтылған
  • Ұшқыр жаны кісенде
  • Қос қанат
  • Кең тілім

XI. Сабақты қорыту

Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыров — заманы бір, ойы үндес ақындар. Ой-армандарының сабақтастығын танытатын өлең жолдарын тауып, Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

XII. Бағалау

Сөзбен мадақтау арқылы бағалау.

XIII. Кейінгі оқу

С. Дөнентаевтың шығармалары, өмірі және өлеңдері туралы мәлімет жинап келу.

Кейінгі тапсырма

  • Өлеңдерді жаттау.
  • Қазақ тілі туралы өлең шумақтарын құрастырып келу.