Бөлшек сызығы
Мәлімет
Өңір
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылы
Мектеп
С. Жаңғабылов орта мектебі
Пән
Математика
Мұғалім
Тұрманбетова Лаура
Сабақ тақырыбы
Үлестер. Жай бөлшектер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Натурал сандардан өзге бөлшек сандардың бар екенін түсіну.
- Үлестерге бөлуді меңгеру.
- Бөлшектің алымы және бөлімі ұғымдарымен танысу.
Дамытушылық
- Оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
- Математикаға қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
- Тез ойлап, тез қорытынды жасауға дағдыландыру.
- Бөлшектерді дұрыс оқуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Жаңа білім беру, ойын элементтері бар аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Көрнекілік
Схема, дөңгелек үлгілері, плакаттар, слайд
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Топқа бөлу.
- Оқушыларды түгендеу.
II. Өткен сабақты қорытындылау
1) Қосындының және көбейтіндінің бөлінгіштік белгілерін тұжырымдаңдар. Төмендегі өрнектерді аяқтаңдар:
- (125 + 75) : 25
- (81 × 10) : 9
2) Жай сандар және құрама сандар дегеніміз не? Келесі сандардан жай және құрама сандарды ажыратыңдар:
11, 17, 23, 55, 521, 625, 757, 123, 61
3) Кестені толтырыңдар.
III. Жаңа тақырыпқа кіріспе (әдістемелік нұсқау)
AB кесіндісі неше бөлікке бөлінгенін анықтаңдар.
AC кесіндісі сол бөліктердің нешесіне тең екенін айтыңдар.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
Дөңгелекті бірлік (бір бүтін) деп алып, оны тең 2, тең 4 және тең 8 бөлікке бөлеміз.
Анықтама: Бүтіннің бірнеше тең бөліктерінің әрқайсысы үлес деп аталады.
Екіге бөлу
Дөңгелек 2 тең бөлікке бөлініп, оның 1 бөлігі боялса, бұл — екіден бір үлес.
1/2
Төртке бөлу
Дөңгелек 4 тең бөлікке бөлініп, оның 1 бөлігі боялса, бұл — төрттен бір.
1/4
Сегізге бөлу
Дөңгелек 8 тең бөлікке бөлініп, оның 3 бөлігі боялса, бұл — сегізден үш.
3/8
Маңызды: 1/2, 1/4, 3/8 — жай бөлшектер. Жазылудағы сызық бөлшек сызығы деп аталады.
Бір үлес немесе бірдей бірнеше үлестің қосындысы жай бөлшек түрінде жазылады. Мысалы, 3/4 бөлшегі — әрқайсысы 1/4 үлеске тең үш үлестің қосындысы.
Үлестер тең бөліктер болғандықтан, үлес ұғымын бөлік деп те атауға болады. Бір бүтіннің 1/2 бөлігі — жарты, ал 1/4 бөлігі — ширек.
Бөлім (denominator)
Бөлшек сызығының астындағы сан бір бүтіннің неше үлеске бөлінгенін көрсетеді. Ол — бөлім.
Алым (numerator)
Бөлшек сызығының үстіндегі сан неше үлес алынғанын көрсетеді. Ол — алым.
Жазылуы: Жай бөлшек a/b түрінде беріледі, мұндағы a — алым (натурал сан немесе 0), b — бөлім (натурал сан).
Жай бөлшекті оқу ережесі
Алдымен бөлім (астындағы сан) шығыс септігінде, кейін алым (үстіндегі сан) атау септігінде оқылады:
- 7/10 — оннан жеті
- 4/5 — бестен төрт
Бөліндіні жай бөлшек түрінде жазу
Екі натурал санның бөліндісін жай бөлшек түрінде көрсетуге болады: бөлшектің алымына бөлінгіш, бөліміне бөлгіш жазылады.
- 12 : 4 = 12/4
- 100 : 25 = 100/25
- 90 : 18 = 90/18
Натурал санды бөлшек түрінде жазу
Натурал санды бөлімі кез келген натурал сан болатын жай бөлшек түрінде жазуға болады:
- 3 = 3/1
- 3 = 12/4
- 0/3 = 0
Бөлшектің алымы натурал сан немесе 0, ал бөлімі міндетті түрде натурал сан болады. Мысалдар: 7/10, 5/9.
V. Оқулықпен жұмыс
Ауызша
№ 776, 777, 779
Жазбаша
№ 780, 781, 783, 784, 785 (1–3)
VI. Жаңа сабақты бекіту
1) Математикалық диктант
а) Жай бөлшек түрінде жазыңдар:
- бестен үш
- алтыдан бір
- он бірден тоғыз
- жиырмадан он тоғыз
- тоқсан екіден отыз бір
- жүзден тоқсан жеті
ә) Дөңгелекті тең 4 бөлікке бөлгендегі оның бір бөлігі __________ деп аталады.
б) Бөлшек сызығы __________ білдіреді.
в) Бөлшек сызығының астындағы бөлігі __________ деп, ал үстіндегі бөлігі __________ деп аталады.
Қосымша материалдар
- Толық нұсқасын жүктеу.
- Слайдты жүктеу.