Бірінші желтоқсан Тұңғыш президент күні
Ақмола облысы • Қосшы ауылы • №2 Қосшы орта мектебі
Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі Ыбырайқызы Р. • 2-сынып
Балалар шығармалар жинағы
Бұл жинақ оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулуға, елін және жерін сүйетін азамат болып қалыптасуына бағытталған.
Дәйексөз
«Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы, бағдарлама оның орнын баса алмайды.»
— К. Ушинский
Менің шығармашыл сыныбым
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — демекші, мен 2 «Д» сыныбындағы оқушыларымды өте жақсы көремін. Бұл сыныпқа даярлықтан бері жетекшілік етіп келемін. Сыныбымыз өте тату. Өз мамандығымды мақтан етемін.
Шәкірттерімнің мектеп қабырғасында тек бағдарлама бойынша ғана емес, жан-жақты дамуына да үлес қосуды мақсат етемін. Оқушылар — кез келген іске бейім, тұлға болып қалыптасуға қабілетті.
Менің Президентім: Н. Ә. Назарбаев
Маңызды күн
Қазақстанда жыл сайын 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Себебі 1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚР Президенті болып сайланды. Бұл сайлауға бүкіл халық қатысты.
Тәуелсіздік пен сенім
Н. Ә. Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан тәуелсіз ел болды. Халық оған Елбасы атағын берді. Тұңғыш Президент күні — халықтың елбасына деген сый-құрметі мен сенімін білдіреді.
Рәміздер мен наградалар
ҚР Президентінің өз белгісі мен байрағы бар. Сондай-ақ мемлекеттік наградаларының қатарында «Алтын Қыран» ордені, «Халық қаһарманы» атағы, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар.
Мен өз елімнің Президентін мақтан етемін.
Оқушылар шығармалары
Төмендегі ой-толғауларда оқушылар Тұңғыш Президент күні, ел бірлігі, білімнің құндылығы және болашаққа деген сенім туралы өз пікірлерін білдіреді.
Мен өз Президентімді мақтан етемін
Н. Ә. Назарбаев — ҚР тұңғыш Президенті. Ол Алматыда оқыған. Сабақты жақсы оқып, еңбегімен өсіп, Президент болды. Ол көп армандаған. Сол армандардың бірі — ел басқару еді, және ол орындалды. Арман қоя білу керек, оқу керек.
Қалманбет Ақерке
Мен мақтан ететін Елбасы
Н. Ә. Назарбаев — біздің ең алғашқы Президентіміз. Біз бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Елбасының резиденциясы — Ақорда. Елбасының арқасында көптеген зауыттар ашылып, адамдар түрлі жетістіктерге жетті. Мұғаліміміз Назарбаев туралы көп айтады. Ол жас кезінде шахтада жұмыс істеген. Біз дамыған елдердің қатарына қосылуға ұмтыламыз. Біз көпұлтты елміз.
Мырзаахмет Қарақат Қобланқызы
Тәуелсіз елде өмір сүру — бақыт
Менің елім — Қазақстан Республикасы. Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл толғалы отыр. Өз елімізде бақытты, тыныш өмір сүріп жатқанымызға қуаныштымын. Н. Ә. Назарбаев Қазақстанды әлемге танытты. Елбасымыздың бізге артқан сенімін келешекте ақтаймын деп ойлаймын.
Садвакасова Аружан Амангелдіқызы
Болашағымыз — өз қолымызда
1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні. Біздің Президентіміз — Н. Ә. Назарбаев. Президенттің арқасында көп ұлт тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде балалардың білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Сондықтан біз жақсы оқуға тырысамыз. Болашағымыз — өз қолымызда.
Амирхан Альфараби
Менің мақтан етер жаным
Еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев — өте білімді, ақылды адам. Ол елі үшін аянбай еңбек етіп жүр. Мақсаты — Мәңгілік Ел құру. Біз оған көмектесуіміз керек. Мен де ол кісі сияқты көп оқып, Президент болғым келеді. Елбасымды әлем таниды. Мен Президентімді мақтан етемін.
Қайрат Қарақат Есенгелдіқызы
Елін сүйетін азамат
Н. Ә. Назарбаев — талантты, ақылды, халқын сүйетін азамат. Оны кішкентай баладан бастап үлкен кісілерге дейін таниды. 1 желтоқсанның Президент күні болып белгіленуі — елге ортақ мереке.
Тұрсын Гүлім Манарбекқызы
Менің Елбасым
ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев — ақылды, білімді, мейірімді жан. Мен Нұрсұлтан атаға ұқсағым келеді. Оны қатты жақсы көремін. Денсаулық, ұзақ өмір тілеймін.
Баратова Айсұлу
Елімнің өркендеуіне үлес қосамын
1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — ҚР Президенті. Мен оны мақтан тұтамын, өйткені ол еліміздің көркеюіне еңбек етті. Халық оны құрметтейді. Мен де елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосамын. Президентімізге амандық, ұзақ ғұмыр тілеймін.
Дана Адия
Тәуелсіздігіміздің тірегі
Мен Қазақстанда тұрамын. Біз тәуелсіз елміз. Біздің Президентіміз бар — Н. Ә. Назарбаев. Ол кісінің арқасында көптеген жетістіктерге жетіп келеміз. Мен өскенде сол кісі сияқты азамат болғым келеді.
Болсынбек Жания
Ел қамын ойлайтын тұлға
Менің Президентім — Н. Ә. Назарбаев. Ол елді басқарады, резиденциясында жұмыс істейді, шет елдерге барады, елдің қамын ойлайды.
Ерғазы Ерасыл
Еңбегі зор, беделі биік
Менің тұңғыш Президентім — Н. Ә. Назарбаев. Елбасымыздың елімізге, қазақ халқына деген сүйіспеншілігі шексіз. Еліміздің дамуына, көркеюіне қосқан еңбегі өте зор. Дұрыс саясаты мен еңбекқорлығының арқасында Қазақстан бүкіл әлемге танылуда. Мен Елбасымды мақтан етемін.
Абуталип Аяна Мақсатқызы
Әсем Астана
Біздің Елбасымыз — Н. Ә. Назарбаев. Ол елімізді 20 жылдан астам уақыт басқарды. Қазақстан үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Біз тұратын әсем қала — Астана. Астананың салынуына Елбасымыз себепкер болды. Мен әрқашан Елбасымызды қолдаймын.
Назарбеков Әли
Білімге қамқорлық
Мен Қазақстан Республикасында тұрамын. Біздің Президентіміз — Н. Ә. Назарбаев. Елбасымыз бізге көп жақсылық жасады. Мен 1-сыныпқа барған жылы Білім күнінде Елбасымыз «Менің Отаным — Қазақстан» атты кітап сыйлаған еді. Президентіміз біздің жақсы оқығанымызды қалайды.
Мұрат Әмина Бауыржанқызы
Бейбіт өмірдің қадірі
Мен кең-байтақ қазақ елінде тұрамын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Н. Ә. Назарбаев. Ол қазақ халқының атын әлемге танытқан алып тұлға. Президентіміз оқушыларға көп көңіл бөледі. Соның арқасында біз бейбіт, тыныш елде өмір сүріп жатырмыз. Мен Президентімді мақтан тұтамын.
Ерғалиқызы Айша
Үлгі алатын тұлға
Менің Президентім — дана адам. Мен оның еңбегін бағалап, үлгі аламын. Өскенде мен де еліме қамқор болғым келеді. Барлық балаларға мүмкіндік жасап отырған Елбасымды «атам» деп мақтан етемін. Оның аты — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Әлемге танылған, тарихта қалатын тұлға деп білемін.
Кабдыкаримов Рахат
Арман мен мақсат
Менің Президентім — Н. Ә. Назарбаев, Қазақстанның тұңғыш басшысы. Мен болашақта Назарбаев Университетінде оқығым келеді. Елбасымыз Астанада тұрады. Мен онымен кездескім келеді. 2017 жылы ЭКСПО өтеді. Сол кезде Елбасын көремін деп үміттенемін.
Салыбай Думан
Өмір жолы туралы қысқаша дерек
Қазақ халқының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, білім алды, ата-анасын құрметтеді. Жас Нұрсұлтан ерте есейіп, орта мектепті бітірісімен Қарағанды металлургия комбинатының құрылысына аттанып, еңбек жолын сол жерден бастады. Басшылық қасиеті арқылы қызметте өсіп, жауапты лауазымдар атқарды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда ҚР Президенті болып сайланды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан өркендеп, әлемге танылды. Осы азаттық жолының басында Нұрсұлтан атамыз тұрды. Мен де елімнің мақтанар азаматы болғым келеді.
Базарбай Ақмарал
Түйін
Бұл жинақтағы әр ой — елге деген сүйіспеншілік пен білімге ұмтылыстың көрінісі. Оқушылардың тілегі ортақ: бейбіт өмірді бағалау, жақсы оқу, және Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосу.