Құрамындағы сөздер бір ғана сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болама
Қайырлы күн, достарым! Бүгінгі сабағымыз сәттілікке толы болып, еңбегіміз жоғары бағалансын — кілең бестік болсын!
Сабақтың тақырыбы
Мақал-мәтелдер
Сабақтың мақсаты
- Мақал-мәтелдер туралы білімді тереңдету және олардың айырмашылығын нақтылау.
- Адамгершілік қасиеттерді дәріптеу.
- Тілдік дағдыларды және сөздік қорды дамыту.
Назар аударыңыз
Сабақ барысында мақал мен мәтелдің ерекшеліктері тапсырмалар арқылы салыстырылып, мысалдармен бекітіледі.
Топқа бөлу
Оқушылар мақал жазылған қағаз қиындыларын алып, мақалдың жалғасын тауып, өз орындарына жайғасады.
I топ
Әке көрген оқ жонар...
II топ
Жеті жұрттың тілін біл...
III топ
Аяз әліңді біл...
IV топ
Ерді намыс өлтірер...
Үй тапсырмасы және өткен тақырыптарды пысықтау
«Қарама-қарсы шабуыл» әдісі бойынша ашық сұрақтарға жауап беру:
- 1 Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не?
- 2 Тұрақты сөз тіркестерінің сөз тәртібін (орнын) өзгертуге бола ма?
- 3 Тіркес құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бере ме?
- 4 Құрамындағы сөздер бір ғана сұраққа жауап беріп, сөйлемде бір ғана мүшенің қызметін атқара ма?
Оқулықпен жұмыс
126-жаттығу
Тапсырманы дәптерге орындау.
127-жаттығу
Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек көшіріп жазу.
Сергіту сәті
«Қай топ жүйрік?» ойыны
1-тапсырма
Санға байланысты мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, шешу:
- Ұлға 30 үйден тыйым, қызға 40 үйден тыйым.
- 100-ден 1-еуі шешен, 1000-нан 1-еуі көсем.
- 6 жасар бала атқа мінсе, 60-тағы шал сәлем берер.
- 2-лікке көз жасыңды төккенше, 5-тікке теріңді төк.
2-тапсырма
Суретпен жұмыс: мақал-мәтелдер тақырыбы бойынша слайдтарды жүктеп, берілген иллюстрациялар арқылы сәйкес мақал-мәтелдерді табу.