Ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайлары туралы түсінік беру

Сабақтың тақырыбы

Ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайлары (слайд түрінде).

Сабақтың мақсаты

  1. 1 Ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайлары туралы түсінік қалыптастыру.
  2. 2 Тақырыпты меңгерту арқылы білім, білік және дағдыны жетілдіру; талдау мен жүйелеу дағдыларын дамыту.
  3. 3 Оқушыларды алғырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа және өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, электрондық оқулық, тақырыптық слайдтар, химиялық ыдыстар, сынауықтар, тамшуыр, натрий гидроксиді, фенолфталеин, күкірт қышқылы, тұз қышқылы, мыс гидроксиді.

Интерактивті тақта Электрондық оқулық Слайдтар Сынауық Тамшуыр NaOH Фенолфталеин H2SO4 HCl Cu(OH)2

Сабақтың барысы

I кезең

Ой шақыру

II кезең

Ұғыну

III кезең

Мағынаны тану

IV кезең

Білімді тиянақтау

I кезең — «Ой шақыру»

1) «Сұрақ-жауап» ойыны

  1. 1. Диссоциациялану процесі дегеніміз не?
  2. 2. Электролиттер және бейэлектролиттер дегеніміз не?
  3. 3. Электролиттік диссоциациялану тұрғысынан қышқылдарға, негіздерге және тұздарға анықтама беріп, мысалдар келтіріңдер.
  4. 4. Индикаторлар дегеніміз не?
  5. 5. Күшті және әлсіз электролиттерге қандай заттар жатады?
  6. 6. Катион мен анионға анықтама беріңдер.

2) «Химиялық лото» ойыны

Берілген химиялық қосылыстарды дұрыс орналастырып, реакция теңдеулері дұрыс құрастырылатындай етіп сәйкестендіріңдер.

Тапсырма мақсаты

  • Реакция теңдеулерін құрастыру дағдысын дамыту.
  • Заттарды жүйелеу және сәйкестендіру арқылы білімді бекіту.