АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету

Маңғыстау облысы

Қомшабаева Арайлым Бексейтқызы • Информатика • 8-сынып

Сабақтың тақырыбы

Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділігі: тақырыпты меңгерту арқылы оқушылардың білімін арттыру.
  • Тәрбиелігі: оқушыларды іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
  • Дамытушылығы: сабаққа қызығушылығын арттырып, ынта мен қабілетін дамыту.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Оқыту әдістері
Сөздік, көрнекі
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайдтар, жұмыс дәптері

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Сабаққа дайындықтарын тексеру.
  • Зейінді сабаққа аударып, мұқият қатысуын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Ауызша сұрақ-жауап арқылы қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша білімін тиянақтау.

III. Жаңа сабақ

Тақырып: техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. Қауіпсіздік ережелері төмендегі бөлімдер бойынша қарастырылады:

  1. 1-бөлім

    Жалпы талаптар

  2. 2-бөлім

    Жұмысты бастар алдында

  3. 3-бөлім

    Жұмыс істеу кезінде

  4. 4-бөлім

    Жұмысты аяқтағанда

  5. 5-бөлім

    Авариялық жағдайлар

Жалпы қауіпсіздік талаптары

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырғышына (вилкаға) және штекерге тиюге тыйым салынады.
  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
  • ДК-де дымқыл киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
  • Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, өзгелердің назарын орынсыз аударуға және бөгде жұмыстармен айналысуға тыйым салынады.

Жұмысты бастар алдындағы талаптар

  • Компьютер электр желісіне қосылмаған кезде сымдардың, жүйелік блок корпусының бүтіндігін және оқшаулаудың (изоляцияның) бұзылмағанын тексеру керек.
  • Сымдар салбырап тұрмауын қадағалау қажет.
  • Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

Жұмыс істеу кезіндегі талаптар

  • Экраннан ең қолайлы қашықтықты сақтау керек: 60–70 см (ең аз рұқсат етілетін қашықтық — 50 см).
  • Сыныпқа келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруы міндетті емес.
  • Көз талғанда немесе шаршағанда орныңнан тұрмай-ақ көзге арналған бірнеше жаттығу орындау керек.
  • Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсету тәсілдерін, өрт сөндіргішті қолдануды және өрт сөндіру әрекеттерін білу қажет.
  • Көзді демалту жаттығуларын меңгеру керек.

Жұмысты аяқтағандағы талаптар

  • Аппаратураны мұғалімнің нұсқауы бойынша өшіру керек.
  • Жұмыс орнын жинақы қалыпқа келтіру керек.
  • Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері

Төтенше жағдайларда ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жедел жәрдем шақыру қажет.

Жедел байланыс

103 / 112

Электр тогымен зақымданғанда

  1. Ток көзін ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру).
  2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр өткізбейтін материалдарды пайдаланып босату.
  3. Дәрігер шақыру: мектептің медициналық пункті, 103 арқылы жедел жәрдем немесе жақын емдеу мекемесі.

Күйгенде

  1. Ауырсынуды басатын және тыныштандыратын дәрі беру (мысалы: анальгин, валерьянка) — тек рұқсат етілген жағдайда.
  2. Күйген жерге дәрілік май жағу (мысалы: винилин) — медициналық нұсқаулыққа сай.
  3. Микроб түспеуі үшін жарақаттанған жерді алдын ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау.

Талып қалғанда

  1. Зақымданған адамды басын бір қырына бұрып, жазық жерге шалқасынан жатқызу.
  2. Дәрігер шақыру: мектептің медициналық пункті, 103 немесе жақын емдеу мекемесі.

Демі тоқтағанда

  1. Тілдің ауыз қуысындағы қалпын тексеру; артқа кетсе, қолмен қалпына келтіру.
  2. Дәрігер шақыру: мектептің медициналық пункті, 103 немесе жақын емдеу мекемесі.
  3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келгенше қолдан дем алдыру (ауыздан ауызға) жасау.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Сабақты бекіту үшін оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:

  • Күйген жағдайда қандай көмек көрсетіледі?
  • Компьютерде жұмыс істегенде көз бен экранның арақашықтығы қанша болуы керек?
  • ДК-де жұмысты аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары қандай?

V. Сабақты қорытындылау

Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, ал белсенділігі төмен оқушыларға бағыт-бағдар беру арқылы білімін бағалау.

VI. Үй тапсырмасы

Есептеуіш техника кабинетінде сақталатын қауіпсіздік техникасы ережелерін жаттау.