Сан құрамы
Тақырыбы: Сан құрамы
Мақсаты
Балаларға өз еркімен орындайтын тапсырмалар беріп, өткен сабақтарда танысқан сандарға талдау жасау. Сандардың құрамын анықтау арқылы білім деңгейін бақылау.
Дамытушылық
Ақыл-ой белсенділігін арттыру, шапшаңдыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Нәтиже
Оқушылар 1–5 сандарының құрамын ажыратып, санау және салыстыру дағдыларын бекітеді.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық сәт (хормен айту)
Армысың, алтын күн!
Армысың, көк аспан!
Сәлеметсіз бе, достарым,
Сіздерді көрсем қуанам.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
II. Жаңа сабақ
а) Кіріспе әңгіме
Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары — сандар екен.
Тапсырма
Балаларды тақтаға шығарып, 1-ден 10-ға дейін санамақ айтқызу.
Санауды білеміз бе?
Жауап: Иә (хормен)ә) Көрнекілікпен жұмыс
Тақтаға назар аударайық.
- Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Балалар, не жетіспейді?
- Қараңдаршы, жай гүлден қандай айырмашылығы бар?
- Күлте жапырақтары нешеу?
- Оны қалай атар едіңдер?
«Жеті түсті гүл» ертегісі бар. Бұл ертегіде жеті түсті гүл қыздың барлық тілегін орындаған екен. Біз де жеті түсті гүлдің тапсырмаларын орындаймыз: дұрыс орындасақ, күлте жапырақтары қайта орнына жиналады.
Тапсырмалар
1-тапсырма: Логикалық сұрақтар
Мақсаты: сан құрамын ажырату
а) 1 санының құрамы
Табақта үш алма бар. Қолымда екі алма бар. Біреуін әжеме, біреуін атама беремін. Екеуін де берсем, анам мен әкеме неше алма қалады?
Жауабы: 1
ә) 2 санының құрамы
Қоянның неше құлағы бар?
Жауабы: 2
2-тапсырма: Санап көрсет
Мақсаты: 3–4 сандарының құрамын ажырату
а) Ойыншықтар
Ойыншықтарға назар аударып, санап беріңдер. (3 санының құрамын ажырату)
ә) Плакатпен жұмыс
Плакатқа қарап, заттарды санаңдар және сәйкес санды көрсетіңдер. (4 санының құрамын ажырату)
Сергіту сәті
Бір, екі, үш —
Қарлығаш боп ұш.
Төрт, бес, алты —
Қарлығаш боп қалқы.
Жеті, сегіз, тоғыз, он —
Қарлығаш боп қон.
3-тапсырма
Мақсаты: 5 санының құрамын ажырату
Оң қолымда 5 саусақ, сол қолымда 5 саусақ бар. Сол қолымның бесеуін жасырып қойсам, қанша саусақ көрініп тұрады?
Жауабы: 5
Қорытынды
Бүгінгі сабақта оқушылар сандарды санау арқылы 1–5 сандарының құрамын ажыратты, логикалық сұрақтарға жауап берді, көрнекіліктермен жұмыс жасап, зейін мен шапшаңдықты дамытуға арналған тапсырмаларды орындады.