Реттік сан есім

Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылы — Ю. Гагарин атындағы орта мектеп.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Жарылғасова Гүлшат Ғилажқызы

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік, реттік сан есімдер

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Оқушылардың сан есімнің түрлері туралы түсініктерін кеңейту.

  • Дамытушылық

    Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың теориялық ойлау қабілетін дамыту.

  • Тәрбиелілік

    Сандарға қатысты ұғымдарды меңгерте отырып, халқымыздың салт-дәстүрі туралы білімін байқату; жылдамдыққа, ізденіске тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сынып тазалығын қадағалау.

II. Үй тапсырмасын сұрау

161-жаттығу

Сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып» тақырыбында шағын шығарма құрастырып жазып келу.

Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары

  1. Сан есім дегеніміз не?
  2. Сан есімнің сұрақтары қандай?
  3. Дара сан есім дегеніміз не?
  4. Күрделі сан есім дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ

Тақырып: Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік, реттік сан есімдер

Анықтама: Сан есімдер — сандық ұғымды білдіретін сөздер.

Құрылысына қарай

Дара сан есім

Бір, мың, жүз, миллион

Күрделі сан есім

Мың-мыңдап, екі-үштен, бір мың

Құрамына қарай

Негізгі сан есім

Он, бес, жүз, тоғыз

Туынды сан есім

Алтау, жүз мың, сексен (сегіз он), он-оннан

Мағынасына қарай сан есімнің алты түрі

1) Есептік сан есім

2) Реттік сан есім

3) Жинақтық сан есім

4) Болжалдық сан есім

5) Топтау сан есім

6) Бөлшектік сан есім

1) Есептік сан есім

Заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? сұрақтарына жауап береді.

Мысалдар

бес, он екі, жүз, жиырма сегіз, тоғыз жүз бір

2) Реттік сан есім

Заттың саналу ретін (қатарын) білдіріп, нешінші? сұрағына жауап береді.

Мысалдар

бірінші, тоғызыншы, екінші, алтыншы

Цифрмен берілуі

  1. Ол 6-қатардан орын алды.
  2. Шығарманың II томы.
  3. 1961 жылы Ю. Гагарин ғарышқа ұшты.

IV. Дәптермен жұмыс

162-жаттығу

Мәтінді оқып, құрамындағы есептік және реттік сан есімдерді теріп жазу.

Үлгі

екі жүз тоғыз — есептік сан есім, құрамына қарай күрделі, сұрағы — қанша?

163-жаттығу

Есептік сан есімдерді қатыстырып, сөзбен есеп құрастыру.

Үлгі

Жаңа оқу жылында кітапханашы мектепке 3000 оқулық әкелді. Оның 600-і математика, 351-і орыс тілі, 458-і қазақ тілі, 280-і қазақ әдебиеті пәндерінің оқулықтары. Қалған оқулықтар бастауыш сыныптікі. Сонда бастауыш сыныпқа қанша оқулық әкелінген?

164-жаттығу

Берілген есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдыру.

7, 10, 1, 3, 100, 28, 37, 695, 470, 259, 627, 1992, 187, 369, 2692

Үлгі: 7 — жеті — жетінші

V. Венн диаграммасы

Есептік сан есім

Ортақ қасиеті

Реттік сан есім

VI. Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей

  • 3, 5, 7, 13, 9, 12, 37, 40 сандарының адамның өмірі мен наным-сеніміне байланысын айтып, «Сандар сыры» тақырыбына пікір жазу.
  • Өзі қалаған бір сан есімге фонетикалық талдау жасау.

2-деңгей

  • Санмен берілетін ұғымға байланысты қанатты сөздер, түсініктер, мақал-мәтелдер айту.
  • Өз ойыңнан сан есімге байланысты жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтел құрастыру.

Мысалдар

Үш жүз, үш би, үш арсыз, үш бәйтерек; бес парыз, бес дұшпан, бес асыл; жеті ата, жеті күн, жеті су; он үште отау иесі, он үш мүшелі жас.

Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

3-деңгей

Оқулықтағы 166-жаттығу.

VII. Сергіту сәті

1) Ойша есеп

  1. Бір сан ойлаңыз.
  2. Бұл санды 4-ке көбейтіңіз.
  3. Оған 18-ді қосыңыз.
  4. Шыққан санды 2-ге бөліңіз.
  5. Нәтижеден 7-ні алыңыз.
  6. 3-ке көбейтіңіз.
  7. 6-ға бөліңіз.
  8. Баста ойлаған санды алып тастаңыз.

Жауабы

Нәтиже әрдайым 1 шығады.

2) Логикалық сұрақтар

100 шөже 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөже 10 күнде қанша кг бидай жейді?

Жауабы: 1 кг

Қай айда 28 күн бар?

Жауабы: Барлық айда

Лимонның жартысы не болады?

Жауабы: «Лимбес»

Ақтөбеде біреу, Өскеменде жоқ; Алматыда екеу, Астанада көп. Ол не?

Жауабы: «а» әрпі

VIII. Сабақты бекіту

БҮҮ кестесін толтыру.

IX. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.

X. Үйге тапсырма

Есептік және реттік сан есімдердің ережесін жаттау. Көркем әдебиеттен 5 мысал жазып келу.