Логикалық тапсырмалар

Мақсаты

Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру және есептеу дағдыларын жетілдіру.

  • Логикалық ойлау мен есептеу қабілеттерін дамыту.
  • Тиянақты, нақты жауап беруге дағдыландыру.
  • Білімге құштарлықты арттыру арқылы ұқыптылық, тиянақтылық және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу.

Математикалық сайыстың барысы

Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!

Қымбатты білімсүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М. Ломоносов: «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика, сондықтан да оны оқу керек» — деген. Ендеше бүгін математика әлемінің қызықты әрі сан қырлы екеніне көз жеткізесіздер.

Сайыста не күтеміз?

  • Әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады.
  • Жеңіске жету үшін белсенділік танытып, сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып жауап беру қажет.
  • Тапсырмаларды мұқият әрі дұрыс орындау маңызды.

Маңызды ережелер

Математикалық сайыс — бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде ұқыпты болып, ойды жинақтап, тәртіпті сақтау керек.

Сайыстың кезеңдері

  1. 1-бөлім: Топтардың таныстырылуы

    Командалар ұранымен және қысқаша таныстыруымен шығады.

    10 бал
  2. 2-бөлім: Анаграммалар шешу

    Сөздердің әріптерін орын ауыстыру арқылы дұрыс жауапты табу.

    5 бал
  3. 3-бөлім: Логикалық есептер

    Жылдам ойлау, есептеу және дұрыс қорытынды жасау.

    8 бал
  4. 4-бөлім: «Бұл не деген жұмбақ?»

    Әріптерді дұрыс қосып оқып, жасырынған жұмбақты табу.

    9 бал
  5. 5-бөлім: Грамматикалық арифметика

  6. 6-бөлім: «Мақалды тап»

  7. 7-бөлім: Ребус шешу

1-бөлім: Топтардың таныстырылуы (10 бал)

I топ — «Ойшылдар»

Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.

II топ — «Тапқырлар»

Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.

2-бөлім: Анаграммалар шешу (5 бал)

I топқа тапсырма

Қыста суды қаптаймын,
Бірақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әріп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын.

Жауабы: мұз — тұз

II топқа тапсырма

«Қ» әрпінен бастасаң,
Көмірге ұқсас түрім бар.
«Қ»-ны сызып тастасаң,
Жасаймын шөп-гүлін бал.

Жауабы: қара — ара

3-бөлім: Логикалық тапсырмалар (8 бал)

I топтың сұрақтары

  1. Әкесі 40 жаста, ал ұлы 5 жаста. Ұлы әкесінен неше жас кіші?
  2. Әпкесі інісінен 5 жас үлкен. Інісі 3 жаста. Әпкесі неше жаста?
  3. 30 саны шығу үшін 5-ті қаншаға көбейтеміз?
  4. Әсел 8 теңгеден 2 қарындаш сатып алды. Барлығы қанша ақша жұмсады?
  5. 6 ондық пен 7 бірліктің қосындысын тап.
  6. Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды? (5)
  7. Терезеде үш жасыл қызанақ жатқан еді. Бір күннен кейін олар қызарды. Неше жасыл қызанақ қалды?

II топтың сұрақтары

  1. Үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі 2-ге бөлінген. Үстелде неше алма жатыр? (4)
  2. 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көрінуі керек? (5)
  3. 32 саны шығу үшін 4-ті қаншаға көбейтеміз?
  4. Әлихан 2 дәптер үшін 12 теңге төледі. 1 дәптер неше теңге тұрады?
  5. 8 ондық пен 6 бірліктің айырмасын тап.
  6. Алты түйеқұс ұшып келе жатқанда, біреуін аңшы атып алды. Неше түйеқұс қалды?
  7. Бірінші Назар базарға бара жатыр, екінші Назар базардан келе жатыр. Қай Назар тауар алды? Қай Назар тауар алған жоқ?

4-бөлім: «Бұл не деген жұмбақ?» (9 бал)

Сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың ортасына, алдына немесе соңына оң жақтағы дауысты дыбыстарды қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады.

Шешуі қандай?