Ханның Жаманды уәзір етуі

5-сыныпқа арналған қорытынды сабақ жоспары

«Ақылы асқан Аяз би» ертегісі арқылы оқушылардың мәтінді түсінуін тереңдетіп, кейіпкер бойындағы қасиеттерді саралау, сыни ойлау мен шығармашылық дағдыларын дамыту көзделеді.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың ертегіні қаншалықты меңгергенін анықтау; бас кейіпкер бойындағы қасиеттерді нақтылап көрсету.

Дамытушылық

Шығармашылық қабілеттерін дамыту; өзіндік пікір айту, жоспар құру дағдыларын жетілдіру; сөйлеу тілі мен жазу мәдениетін, сыни тұрғыда ойлауын дамыту.

Тәрбиелік

Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге; адамгершілікке, адал әрі әділ болуға тәрбиелеу.

Сабақ форматы мен ресурстар

Сабақтың түрі

Қорытынды сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Ассоциация құру
  • Араласқан жоспар
  • Эссе
  • Топтастыру
  • Ой салыстыру
  • Сұрақ-жауап

Көрнекілік

  • Интербелсенді тақта
  • Ақ парақшалар
  • Маркерлер
  • Стикерлер

Күтілетін нәтиже

Оқушы Аяз бидің бойындағы жақсы қасиеттерге еліктей отырып, өз мінез-құлқын түзетуге ұмтылады.

Қазақ халқының даналығынан тәлім алып, ертегі мазмұны арқылы жақсылық пен жамандықтың айырмасын таразылай біледі.

Бір-біріне кешірімді болуды үйренеді және адамды сыртқы келбетіне қарап бағалаудың дұрыс еместігін ұғынады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • «Алтын ережені» сақтау.
  • Психологиялық ахуал қалыптастыру: оқушылар бір-бірімен қол алысып амандасып, жылы лебіз білдіреді.

Топқа бөлу

«Тапқыр», «Алғыр» сөздері жазылған қима қағаздар арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді.

II. Ой қозғау

1) Үй тапсырмасын тексеру (топтық жұмыс)

Жоспар бөлімдерін дұрыс орналастырып, ертегінің мазмұнын айту.

  1. Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі.
  2. Жаманның сертке берік болуы.
  3. Жаманның Барсакелмеске баруы.
  4. Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы.
  5. Хан тағына отырған Жаман.
  6. Ханның Жаманды уәзір етуі.
  7. Мендінің Жаманды таңдауы.
  8. Қырық уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы.
  9. Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға келуі.
  10. Ханның Жаманды сағынуы.

2) Білімдерін тексеру (сұрақ-жауап)

  1. Ертегі адам өмірінде қандай тәрбиелік мәнге ие?
  2. Жаман адам ел билеуі мүмкін бе? (пікірталас)
  3. Ертегі неге «Аяз патша» емес, «Аяз би» деп аталған?

III. Мағынаны тану

3) Мақал-мәтелдерді жоспар бөлімдерімен сәйкестендіру

  1. Есірген хан елді ермек етеді.
  2. Ащы мен тұщыны татқан білер.
  3. Ақыл — ердің қорғаны.
  4. Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара.
  5. Сертке берік бол, досыңа серік бол.
  6. Арсыз адам жала жауып аздырады.
  7. Жігітті намыс өлтіреді.
  8. Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.
  9. Ежелгі дос жаңа достан артық.
  10. Ақылды жетер мұратқа, ақылсыз алар ұятқа.

Ой салыстыру стратегиясы

  1. Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажырат.
  2. Аяз бидің хан болуға лайықты қандай қасиеттері бар?
  3. Аяз би неге өзін «жаманмын» деп есептеді?
  4. Оған «Аяз би» деп ат қоюдың мәні неде?
  5. «Жыртық тон» мен «жаман тымақ» детальдарының мағынасы қандай?
  6. «Аяз би, әліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл» сөзінің түйіні қандай?
  7. Елді осындай адам басқарса, Арман хан қандай болар еді?

Концептуалды кесте (өз пікірлері)

Адамды қандай қасиеттеріне қарап бағалаймын?

Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттер неге байланысты?

«Аяз би» ертегісінен қандай үлгі алдым?

IV. Ойтолғаныс

Ой түю стратегиясы (эссе)

  • Бұрын елді хандар биледі, ал қазір елді кімдер басқарады?
  • Сен әкім немесе президент болсаң, елің үшін не істер едің?

Бағалау

Баға Ұпай аралығы
3 10–13 балл
4 14–19 балл
5 20–25 балл

Өзін-өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін бағалайды, бірін-бірі бағалайды, мұғалім қорытынды баға қояды.

Үй тапсырмасы

«Бала би» және «Ғажайып адам» тақырыптарына ертегі жазып келу.