Қазақ ішекті аспабы

Сабақ тақырыбы: Музыкалық аспаптар

Сынып

Қазақ тілі, 9-сынып

Әдістер

СТО, ДЖИКСО, ой қозғау

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, флипчарттар

Сабақ мақсаты

1) Білімділік

  • Қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы мәлімет беру.
  • Қазақ музыкалық аспаптарының түрлерімен таныстыру.
  • Грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.

2) Дамытушылық

  • Сөздік қорын, ойлау, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту.
  • Ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру.
  • Мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге және ауызекі сөйлеуге дағдыландыру.
  • Ой-өрісін кеңейту.

3) Тәрбиелік

  • Қазақ халқының ұлттық аспаптарына қызығушылық пен сүйіспеншілікті арттыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа шоғырландыру.

II. Үй жұмысын тексеру

Тақырып: «Қазақ күйшілері». Оқушылар әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар

  1. 1.Қандай қазақ күйшілерін білесіңдер?
  2. 2.Дәулеткерейдің қандай күйлері бар?
  3. 3.«Шалқыма», «Аққу» күйлерінің авторы кім?
  4. 4.Н. Тілендиев кім?
  5. 5.Құрманғазы Дина Нұрпейісоваға не сыйлады?
  6. 6.Домбыра қандай аспап?

III. Жаңа сабақ

Өлең арқылы кіріспе

Асатаяқ, сазсырнай мен қобызым,
Дауылпазым, жетіген мен сыбызғым.
Домбырамен ән салатын қазақтың,
Сүйемін мен сыңғырлаған сазды үнін.

Талқылау: Өлеңде не туралы айтылады?

Оқушылардың жауабы: домбыра, жетіген, қобыз және басқа ұлттық аспаптар.

Нақтылау: Бұл қай халықтың музыкалық аспаптары?

Оқушылардың жауабы: қазақ халқының музыкалық аспаптары.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: музыкалық аспаптар.

Ой шақыру

Қазақ музыкалық аспаптарының түрлері туралы қысқаша әңгімелеу.

IV. Жаңа сөздермен жұмыс

Сөздік

Ішекті аспап
струнный инструмент
Үн
звук, голос
Үрмелі аспап
духовой инструмент
Дабылды-шуылы аспап
тревожно-шумный
Сарнамалы аспап
заунывный инструмент

Жұмыс түрлері

  • а) Дұрыс айту

    Мұғалім мәнерлеп оқиды, оқушылар хормен және жеке қайталайды (орфоэпиялық нормаға сай).

  • ә) Сөйлем құрастыру

    Сөз тіркестері мен сөйлемдерді ауызша құрастырады.

  • Қызығушылықты ояту

    Интерактивті тақтадан қазақ музыкалық аспаптары туралы бейнеүзіндіні тамашалау.

Ой қозғау (бейнеүзіндіден кейін)

  • Бұл фильмнен нені байқадыңдар?
  • Бұлар қай халықтың музыкалық аспаптары?
  • Қандай қазақ музыкалық аспаптарын көрдіңдер?
  • Қобыз қандай аспап?
  • Асатаяқ қандай аспап?
  • Басқа ұлттардың қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер?

V. Бекіту кезеңі

1) «Білгіштер» ойыны

Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі: қазақ халқының ұлттық аспаптары және басқа халықтардың аспаптары (гусли, бандура, қурай, дудка).

  1. 1.Домбыра қандай аспап?
  2. 2.Қандай үрмелі аспаптарды білесің?
  3. 3.Сарнамалы аспаптарға қандай аспаптар жатады?
  4. 4.Дабыл мен асатаяқ аспаптың қай түріне жатады?
  5. 5.Гусли қай халықтың ұлттық аспабы?
  6. 6.Гусли қандай аспап түріне жатады?
  7. 7.Бандура қай халықтың ұлттық аспабы?
  8. 8.Бандура қандай аспап түріне жатады?
  9. 9.Татар, башқұрт халқының ұлттық аспабы қалай аталады?
  10. 10.Қурай қандай аспап түріне жатады?

2) ДЖИКСО әдісімен мәтінмен жұмыс

Қадамдар

  1. а)Мәтінді бөліктерге бөлу.
  2. ә)Бөліктерді топтарға үлестіру.
  3. б)Топта оқыту (2 минут).
  4. в)Ұжымдық талқылау: әр топтан бір оқушы мазмұнын айтады.
  5. г)Кезектестіріп сұрақ қою, нақтылау.

Топтарға бөлінетін бөлімдер

  • I топ — Музыкалық аспаптардың ... мүмкіндік жасалған.
  • II топ — Музыкалық аспаптардың ойналу сипатына ... жатқызылады.
  • III топ — Дабылды-шуылы аспаптарға ... жатқызылады.

Ескерту: мәтін үзінділері мұғалім дайындаған материал бойынша беріледі.

3) Ойлану сатысы: тапсырмалар

Тапсырма 1

Берілген жай сөйлемдерден жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңдар.

  1. 1.Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған ішекті музыкалық аспабы.
  2. 2.Ол — қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын аспап.
  3. 3.Ол — өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.
  4. 4.Домбыра, негізінен, екі ішекті, кейде үш ішекті болып келеді.
  5. 5.Домбыра — халықтық кәсіби өнердің туып, қалыптасуына және өркендеуіне негіз болған аспап.

Тапсырма 2: «Тірек сөздер» стратегиясы

музыкалық аспаптар үрмелі аспаптар дабыл асатаяқ бандура орыс музыкалық аспабы башқұрт музыкалық аспабы

I топ (жеке жұмыс)

Тірек сөздермен сөйлемдер құрастыру.

II топ (жұппен жұмыс)

Тірек сөздермен сөйлесім құрастыру.

III топ (топпен жұмыс)

Тірек сөздермен шағын әңгіме құрастыру.

Тапсырма 3: Сөзжұмбақ

Төмендегі сұрақтар бойынша сөзжұмбақ шешіңдер:

  1. 1.Татар, башқұрт ұлттық аспабы.
  2. 2.Украинаның ішекті аспабы.
  3. 3.Қазақтың ішекті аспабы.
  4. 4.Үрмелі аспап.
  5. 5.Орыстың ішекті аспабы.
  6. 6.Қорқыт жасаған аспап.
  7. 7.Саздан жасалған үрмелі аспап.
  8. 8.Жеті ішекті аспап.
  9. 9.Дабылды-шуылы аспап.
  10. 10.Сарнамалы аспап.

Тапсырма 4: Тест

Тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап беру.

Тест тапсырмалары мұғалім дайындаған нұсқа бойынша интерактивті тақтада немесе парақшада беріледі.

VI. Қорытынды

Рефлексия сұрақтары

  • Бүгін сабақта нені білдік?
  • Нені үйрендік?
  • Алдағы уақытта нені білгіміз келеді?

VII. Үй тапсырмасы

I деңгей

«Менің сүйікті аспабым» тақырыбына эссе жазу.

II деңгей

«Қазақ музыкалық аспаптар дүкенінде» тақырыбына сөйлесім жазу.

III деңгей

«Музыкалық аспаптар» тақырыбына сөйлемдер құрастыру.

VIII. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.