Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті материалдарды тексеру

Сабақтың тақырыбы

Бисерден жасалатын бұйымдар (презентациямен).

Сынып

9 «А»

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

  • Түсіндірмелі
  • Сұрақ-жауап
  • Сарамандық жұмыс

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға сумоншақпен жұмыс істеуді үйрету, сумоншақ тоқу арқылы шеберлік деңгейін арттыру.

Дамытушылық

Жұмысты орындаудағы ептілікті дамыту және алған білімді өз бетінше қолдана білуін бақылау.

Тәрбиелік

Қолөнерге қызығушылықты арттыру, қыз балаларды ептілікке, талғампаздыққа және шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік және пәнаралық байланыс

Сабақтың көрнекілігі

  • Бисерден жасалған бұйымдар
  • Слайд (презентация)
  • Бисер туралы кітап

Пәнаралық байланыс

  • Математика
  • Бейнелеу өнері
  • Сызу

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, қыздар! Отырыңыздар.

Оқушыларды түгендеу және сабаққа қажетті материалдардың дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру:

  1. 1 Бисер дегеніміз не?
  2. 2 Бисердің шығу тарихы қандай?
  3. 3 Бисермен қандай бұйымдарды әшекейлейді?
  4. 4 Бисердің қандай түрлері бар?
  5. 5 Бисерден қандай бұйымдар жасайды?
  6. 6 Бисерді неден жасайды?
  7. 7 Бисерді өңделуіне қарай қалай бөледі?
  8. 8 Стеклярус дегеніміз не?

Ескерту: Жауаптарды нақты мысалдармен толықтыруға болады (әшекей түрлері, қолданылатын материалдар, өңдеу тәсілдері).