Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті
Психологиялық дайындық
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылар қасыңнан.
Үй тапсырмасы
№8 тапсырма, 14-бет.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
Көбейткіштердің орнын ауыстырсаң да, көбейтіндінің мәні өзгермейді.
4 × 9 = 36
Көбейтудің терімділік қасиеті
Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады (топтастыру өзгерсе де нәтиже бірдей).
3 × (2 × 4) = 3 × 8 = 24
Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті
Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосамыз.
Ойын: «Не артық?»
Метр, сантиметр, минут, дециметр, километр
Сынып жұмысы
Тақырып: Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы.
Миллиметр (мм)
Миллиметр — ұзындықтың өлшем бірлігі.
Есіңде сақта!
- 1 см = 10 мм
- 1 м = 10 дм
- 1 дм = 10 см = 100 мм
- 1 м = 100 см = 1000 мм
Ә) Амалдарды орында
Берілген өлшемдерді оқып, салыстыр, қажет болса миллиметрге айналдыр.
Бұл өте қызық!
- Ең кішкентай құс — колибри. Оның ұзындығы небәрі 5 см 7 мм.
- Бөлме шыбынының дене ұзындығы шамамен 6–8 мм.
- Маса (шіркей) — өлшемі шағын ұшатын жәндік. Оның ұзындығы 4–14 мм.
«Кім тапқыр?»
Қайталау сұрақтары
- Санның квадраты дегеніміз не?
- Санның кубы дегеніміз не?
«Кім жылдам?» ойыны
Ұзындық бірліктерін тез әрі дұрыс атау, мм–см–дм–м арасындағы ауыстыруды орындау.
Біз бүгін немен таныстық?
Миллиметр ұзындықтың қандай өлшем бірлігі?
1 сантиметрде қанша миллиметр бар?
«Миллиметр» атауы нені білдіреді?
Тест
Тақырып бойынша қысқа тексеру тапсырмалары.
Үйге тапсырма
«Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы» тақырыбын қайталау.