Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын анықтау және мәтіннен таба білу
Қазақ тілі, 8-сынып (қазақ тілінде оқытатын мектеп)
Сабақ тақырыбы: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Сілтеме
Қазақ тілі. 8-сынып. С. Аманжолов, А. Аманжолов, Г. Қосымова. Мектеп баспасы, 2012 ж.
Сабақ түрі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақ мақсаты
-
1
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын анықтау және мәтіннен таба білу.
-
2
Карточкаларды пайдалану, кітаппен, жеке және топтық жұмыс барысында оқушының өз әрекетін бағалай алу дағдысын қалыптастыру.
-
3
Фильмнен үзінді көрсету, карточкамен және кітаппен жұмыс арқылы себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі белгілері туралы түсінікті дамыту.
Күтілетін нәтижелер
-
Топтық және жеке жұмыс арқылы білім алмасып, бір-бірінен үлгі алады.
-
Нені қалай оқу керектігін түсініп, өзіндік оқу тиімділігін арттырады.
-
Диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу мәдениетіне мән береді.
-
Көркем әдеби тілде сөйлеуге және оны меңгеруге ынтасы артады.
-
Сыни көзқарасын білдіру арқылы сөздік қоры молаяды.
-
Өз бетімен ізденіп, жоба қорғауға дағдыланады.
Пәнаралық байланыс және әдістер
Пәнаралық байланыс
- Қазақ әдебиеті
- Өзін-өзі тану
Қолданылатын әдістер
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды оқушылардың терең меңгеруіне жағдай жасау, көшбасшылық және бағалау тәсілдері.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:
Достар, шеңбер құрайық!
Қол ұстасып тұрайық.
Сабағымыз сәтті өтіп,
Қуанышты болайық!
Тіркеу
Сабаққа қатыспаған оқушылар белгіленеді.
2) Кіріспе: жоғары деңгей сұрақтары
- Сөйлем туралы кімнің қандай пікірі бар?
- Неліктен олай ойлайсыңдар?
- Осы айтылған пікірмен келісесің бе?
- Келіспесең, неліктен келіспейсің?
- Бөліскілерің келетін тағы қандай ойларың бар?
- Барлығың келісесіңдер ме?
3) Үй тапсырмасын тексеру: «Топтастыру»
Берілген карточкадағы сөйлемдерді талдау арқылы оқушыларды топқа бөлу: шартты бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы.
4) Жаңа сабақ: себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
«Карусель» стратегиясы
- Оқулықпен жұмыс: 136–137-беттер.
- Электронды оқулықпен (орталық білім ресурсы) жұмыс.
- Ақпарат жинау барысын нақтылау.
- Жұмыс процесін бақылау.
- Нәтижеге талдау жасату және бағалату.
«Екеулеп ойлан» стратегиясы
«Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсетіледі. Тапсырма: фильм сюжетін негізге алып, сабақтас құрмалас сөйлемге мысал келтіру.
- Мысал келтіру.
- Дұрыстығын талқылау және нақтылау.
- Жауаптарды тақтаға жазу.
Тәрбиелік-танымдық мақсат
Қазақ халқының салт-дәстүрі, шешендік өнері, тапқырлығы, қыз бен жігітке тән сыйластық пен жарасымдылық қасиеттерін негізге ала отырып, оқушылардың әдеби тілде баяндау дағдысын жетілдіру.
Сергіту сәті
«Қара жорға» биін орындату арқылы оқушылардың бойын сергіту және ұлттық би өнерін насихаттау.
5) Мағынаны тану: «Күрделі сөйлемдер» стратегиясы
Мұғалім оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалайды:
- сөйлемді тақтаға сауатты жазуы;
- жазған сөйлемді мәнерлеп оқуы;
- сөйлемге тілдік талдау жасай білуі.
Шарт
Сөйлемге кешенді тілдік талдау жасау, соның ішінде: жай сөйлем мен құрмалас сөйлем синтаксисін ажырату, сөйлемнің негізгі белгілерін анықтау, бағыныңқы және басыңқы компоненттердің байланысуын түсіндіру, сөйлем мүшелерін, олардың сұрақтары мен қызметін көрсетіп бере алу.