Қартқожа кім
Сабақ тақырыбы
Ж. Аймауытов. «Қартқожаның туған жері» (бастауыш сынып).
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекіліктер
Суреттер, автордың бейнесі.
Әдістер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға Жүсіпбек Аймауытов туралы түсінік беру, мәтін мазмұнымен таныстыру.
Дамытушылық
Есте сақтау мен ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту. Патриоттық сезімін қалыптастыру.
Тәрбиелілік
Отанды сүюге, туған жерін қадірлеуге, елін қорғауға, ынтымақ пен бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Сынып бөлмесінің тазалығына назар аудару.
- Оқушыларды сабаққа дайындау.
II. Психологиялық дайындық
Екі көз не үшін керек?
Барлық жақсылықты көру үшін.
Екі құлақ не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Екі қол не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяқ не үшін керек?
Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.
III. Өткенді пысықтау
- «Атадан қалған асыл мұра» бөлімін тест арқылы қайталау.
- Сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады?
- Отбасындағы әке атауы.
- «Ел» сөзін басқаша тағы қалай атауға болады?
- Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі.
Орман
Ата
Атамекен
Әнұран
IV. Мақсат қою
Оқушыларға сабақтың мақсаты мен өту барысы таныстырылады.
V. Жаңа сабақ
1) Түсінік беру (қызығушылықты ояту)
Сұрақ: Біз қандай мемлекетте тұрып жатырмыз?
Жауап: Қазақстан Республикасы.
Сұрақ: Еліміздің астанасы қай қала?
Жауап: Астана.
Астана — Отанымыздың бас қаласы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан.
2) Топтастыру
Қазақстан — тәуелсіз, егеменді, азат, бейбіт ел. Жері кең, көпұлтты мемлекет.
«Көпұлтты» дегенді қалай түсінеміз?
Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады: орыс, татар, ұйғыр, өзбек, кәріс, украин және басқа да ұлттар. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүреді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы
1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Бұл идея алғаш рет 1992 жылы Қазақстан халқының бірінші форумында жарияланған.
Кең байтақ елімізде көптеген этнос өкілдері өмір сүреді. Бұл татулық пен бірліктің айғағы.
Бүгінгі тақырып: Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері» мәтіні. Сабақта мәтін мазмұнымен танысамыз.
3) Оқулықпен жұмыс
- Іштей оқу.
- Тізбектей оқу.
- Тауып оқу.
VI. Сергіту сәті
Көк аспанға қараймын,
Кеткен құсты санаймын.
Үшбұрыш болып тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмысы
Қотан
Қой жататын үй маңы.
Сөйлем: Қой қотанға келді.
Үй басы
Әр үй, әр шаңырақ.
Сөйлем: Үй басы Наурызға әзірленуде.
Ашамай
Балаға арналған, алдыңғы-артқы қастары айқастырылып жасалған ер.
Сөйлем: Ашамайға отырды.
Ет бауыр жақын
Өте жақын туыс.
Сөйлем: Ет бауыр жақын адамы келді.
Шерсіз
Қайғы-мұңсыз.
Сөйлем: Жүрегі шерсіз, таза адам екен.
Жетесіз
Ақылсыз, ақымақ.
Сөйлем: Жеті атасын білмеген — жетесіз.
Тапсырмалар
- Мәтіннен кешкі ауыл туралы айтылған жолдарды тауып, оқы.
- Мәтіннен жазушының туған жеріне деген сезімін білдіретін жолдарды тауып, дауыстап оқы.
- Мәтіннің авторы кім?
- Қартқожа кім?
«5 жолды өлең»
Қазақстан
Тәуелсіз, егеменді
Гүлденеді, дамиды, әдеміленеді
Туып-өскен — туған жерім
Мекенім
Қорытындылау
Жаңа материал сұрақ-жауап арқылы бекітіледі.
Сұрақтар
- Қартқожаға не ерекше әсер етті?
- Мәтіндегі қай сөздер әсерлі көрінді? Неліктен?
- Мәтінді неше бөлікке бөлуге болады? Әр бөлікке ат қой.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігіне қарай білімдері бағаланады.
Үй тапсырмасы
- «Қартқожаның туған жері» мәтінін оқып келу.
- Мазмұнын айтуға дайындалу.