Үйшік ертегісін сахналау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Аймақ
- Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы
- Мекеме
- «Балдырған» балалар бөбек бақшасы
- Тәрбиеші
- Токушева Айнагүл Шөкенайқызы
- Тақырып
- «Үйшік» ертегісі негізіндегі математика сабағы
Сабақтың мақсаты
Математикалық дағдылар
- 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.
- Сандардың таңбаларын дұрыс атау.
- Қарапайым есептерді сурет бойынша шығару.
Таным және тіл дамыту
- Геометриялық пішіндер мен түстерді ажырату және атау.
- Пішіндерге ұқсас заттарды таба білу.
- Ертегі кейіпкерлерін сахналау арқылы байланыстырып сөйлеуді жетілдіру.
Қызығушылық пен ойлау
- Математика сабағына қызығушылықты арттыру.
- Зейін мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбие бағыты
- Достыққа, бірлікке баулу.
- Ертегіні сүюге, адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі: қонақтармен амандасу
Бүгінгі сабағымыз ерекше, өйткені іс-әрекетімізге қонақтар қатысып отыр. Барлығымыз шеңберге тұрып, бір-бірімізге жылы тілегімізді арнайық.
Шаттық шеңбері
Дөңгеленіп тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Қол ұстасып бәріміз, Ақ тілекті жолдайық. Әлемде нұр — тыныштық, Әрбір бейбіт күн — ыстық. Қайырлы таң, бақшамыз! Қайырлы таң, достарым!
Қонақтармен амандасамыз: «Сәлеметсіздер ме, қонақтар!»
2) Ертегілерді еске түсіру
Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Бүгін біз таныс ертегілерді еске түсіреміз: мен үзінді оқимын, ал сендер ертегінің атауын табасыңдар.
-
Үзінділерден табылатын ертегілер
- «Маша мен аю»
- «Жабайы қаздар»
- «Ақша қар»
- «Жеті лақ»
- «Үйшік»
-
Бүгінгі сабақта «Үйшік» ертегісіне қысқаша тоқталып, оның кейіпкерлерімен бірге тапсырмалар орындаймыз. Әр кейіпкер дұрыс орындалған жұмыс үшін сыйлық дайындап келеді.
3) «Үйшік» ертегісімен тапсырмалар орындау
Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрады. Бір күні оның қасына тышқан келеді…
Тышқанның тапсырмасы
Сандар 1–5Сандар туралы өлеңдерді тыңдап, әр санның таңбасын дұрыс атаймыз.
1 саны
Достар мені бір дейді, Қарайды да бүй дейді. Мұқтажсың қол-аяққа, Ұқсап тұрсың таяққа.
2 саны
Мен екімін, балалар, Екі деген баға бар. Алаңғасар, жалқаудың Алатыны — екілік.
3 саны
Мен ғой үштің таңбасы, Зейін қойып тыңдашы. Шідерлі аттай тұсалып, Жүр біреулер үш алып.
4 саны
Достарым мені төрт дейді, Беске бірім жетпейді. Қуанады анасы, Төрт алғанда баласы.
5 саны
Әр қолымда бес саусақ, Жетпейді оған еш саусақ. Бір мен екі алмаңдар, Үшке алданып қалмаңдар.
Ойын: «Өз үйіңді тап»
Тақтада бірнеше үй ілінеді. Әр үйдің терезелерін санап, сәйкес санды үйдің қасына орналастырамыз.
Тура және кері санау
1-ден 5-ке дейін тура және кері санаймыз.
Бақаның тапсырмасы
Пішіндер мен түстер- Геометриялық фигураларды және олардың түстерін атаймыз.
- Ұқсас пішіндерді тауып, атауын айтамыз.
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді…
Қоянның тапсырмасы
Уақыт ұғымдарыЖыл мезгілдері
жаз, күз, қыс, көктем
Көктем айлары
наурыз, сәуір, мамыр
Апта күндері
дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі
Апта күндері туралы өлең
Дүйсенбіде гүл ектім, Сейсенбіде жуа тердім. Сәрсенбіде су әкелдім. Бейсенбіде бақша баптап, Жұма күні тақпақ жаттап. Сенбіде мен киноға бардым, Жексенбіде бір дем алдым.
Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян да келеді…
Түлкінің сергіту сәті
Қимыл-қозғалысКелесі кейіпкер — түлкі. Ол балалармен бірге сергіту жаттығуын жасайды.
Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.
Қасқырдың тапсырмасы
ЕсептерАйналасына алақ-жұлақ қарап, үйшікке қасқыр келеді. Қасқыр суреттер бойынша есептер ұсынады: заттарды санап, нәтижесін айтамыз.
Аюдың тапсырмасы
ОйынБір күні жидек теріп жүрген аю үйшікке келеді. Аюдың алып келген ойыны — «Өз орныңды тап».
4) Қорытынды
- Барлық тапсырмалар орындалғаннан кейін балалар мадақталады.
- «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлері балалардың жұмысына риза болғанын айтады.
- Сабақ соңында ертегі сахналанады.
Осылайша ертегі желісі арқылы санау, пішіндер, түстер және уақыт ұғымдары бекітіліп, балалардың бірлесіп жұмыс істеу дағдылары нығаяды.