Жоба жұмысының тақырыбы

Жоба жұмысы

PISA зерттеулеріне сәйкес теңдеу құруға берілген есептерді шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Бұл жоба оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыруға және PISA форматындағы тапсырмаларды өз бетінше орындау қабілетін дамытуға бағытталған.

Өзектілігі

Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, PISA тапсырмаларын өз бетімен шығара алатын дағдыларын дамыту.

Зерттеу жұмысының мақсаты

PISA тапсырмаларындағы теңдеу құруға негізделген есептерді шығару арқылы оқушылардың өмірде кездесетін мәселелерді шешуге қажет білімін, біліктілігін анықтау және оны қолдануға дағдыландыру.

Негізгі идея: теңдеу құру — тек есеп шығару тәсілі емес, нақты өмірлік жағдайды модельдеу және дәлелді шешім қабылдаудың құралы.

Зерттеу міндеттері

  • Теңдеу құруға берілген есептердің негізгі типтерін ажыратып, жүйелеу және олардың мазмұндық маңызымен таныстыру.

  • Теңдеу құруға берілген есептерді PISA тапсырмаларына сәйкес нақты өмірден алынған мысалдар арқылы түсіндіріп, оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету.

  • Есептерді жүйелі түрде шығарту арқылы оқушылардың математикалық және логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Өзіндік жұмыс дағдылары

  • Есеп шығарудың әртүрлі жолдарын өз бетінше іздестіреді.
  • Өзіндік білім алу дағдыларының негізін қалыптастырады.

Ойлау және білім тереңдігі

  • Математикалық білім деңгейін тереңдетіп, табиғи қабілеттерін дамытады.
  • Өмір мен қоғамға қажетті математика ғылымын жан-жақты талдай біледі.
  • Математиканың жалпыадамзат мәдениетінің маңызды бөлігі екенін түсінеді.

Автор туралы

Мұғалім

Капалова Назым Беибитовна

Математика және физика пәні мұғалімі

Білім беру ұйымы

Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Мелькомбинат негізгі орта мектебі

PISA Функционалдық сауаттылық Теңдеу құру Логикалық ойлау