Көктем мезгілінің қай айы
Сабақ туралы мәлімет
Оқу орны
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, № 7 бөбек балабақшасы.
Тәрбиеші
Мусина Ақмарал Сансызбаевна
Тобы
Айналайын
Білім беру саласы
Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі
Қоршаған орта
Тақырыбы
Құстар — біздің досымыз
Мақсаты
Білімділік
Балаларға құстар туралы түсінік беру, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Дамытушылық
Балалардың сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын және қиялын дамыту.
Тәрбиелік
Табиғатты аялауға, құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыстар және әдістемелік бөлім
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар
- Құстармен таныстыру.
Әдіс-тәсілдері
- Көрсету
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
Қажетті көрнекі құралдар
Көгершін, тоғай, аққу, қарлығаш, көкек.
Билингвалды компонент
Құстар — птицы
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
1) Қызығушылықты ояту
Сәлем бердім күнге мен,
Сәлем бердім аспанға.
Сәлем бердім жерге мен,
Сәлем бердім қонақтарға,
Табиғат пен құстарға.
2) Ұйымдастырушылық-ізденіс
Сұрақтар арқылы әңгімелеу
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінің қай айы?
- Бүгін ауа райы қандай?
- Бүгінгі көңіл күйіміз қандай?
Ендеше, жақсы көңіл күймен оқу іс-әрекетімізді бастайық. Бүгінгі тақырыбымыз: «Құстар — біздің досымыз».
Негізгі түсініктер
Құстар екіге бөлінеді: дала құстары және үй құстары.
Үй құстары
Тауық, әтеш, үйрек, қаз.
Үй құстары үйде болады. Біз оларға жем мен су береміз.
Дала құстары
Торғай, қарлығаш, көгершін, аққу, көкек, тоқылдақ, сауысқан.
Дала құстары қыста жылы жаққа ұшып кетеді, ал көктемде қайта оралады.
Құстардың табиғатқа пайдасы
Дала құстары ағаш түбіндегі құрт-құмырсқамен қоректенеді. Осылайша өсімдіктерді зиянкестерден қорғап, ағаштардың жақсы жайқалып өсуіне көмектеседі.
Қамқорлық жасау
Біз құстарға қамқор болуымыз керек: көктемде ұя жасап, теректің басына іліп қоюға болады, сондай-ақ жем беріп, су қою қажет.
Құстарға қарап болжам жасау
- Көкек «кук-кук» десе — көктемнің келгені.
- Құстар төмен ұшса — жаңбыр жауады, жоғары ұшса — күн жылы болады.
- Сауысқан шықылықтаса — хабар келеді.
Қызықты сәт
Балалар, сауысқанның дауысы естілген сияқты — демек, бір хабар келген болуы мүмкін.