Ақпараттың түрлері
Кеш тақырыбы
«Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны (5–7-сыныптар).
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
«Алтын қақпа» ойынына қатысып, информатика пәні бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.
Білімділік
Оқушылардың білімін ойын барысында көрсете білуіне жағдай жасау.
Тәрбиелік
Оқушыларды шапшаңдыққа, жауапкершілікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Алған білімді ойын арқылы бекітіп, әрі қарай дамыту.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Қолдан жасалған қақпалар: тас, күміс, алтын
Өту барысы
- 1 Ұйымдастыру бөлімі
- 2 Ойынды өткізу
- 3 Қорытындылау
- 4 Үй тапсырмасын беру
Жүргізуші сөзі
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгін біз мектептің мәжіліс залында жиналып отырмыз. Мектебімізде өтіп жатқан «Физика, математика, информатика әлемінде» атты апталықтың 5-күніне орай 5–7-сыныптар арасында информатика пәнінен ұйымдастырылатын «Алтын қақпа» ойынына қош келдіңіздер!
Енді ойынның шарттарымен таныстырайын. Бірінші бөлімде әр сыныптан іріктеу туры өтеді. Әр сыныпқа өз деңгейіне сәйкес сұрақтар қойылады. Сұрақтар тек информатика пәні бойынша және өткен тақырыптар негізінде беріледі.
Ойын ережесі (қақпалар жүйесі)
Тас қақпа
Үш сұрақ ұсынылады. Қатысушы өзіне қажет сұрақты таңдайды. Дұрыс жауап берсе, келесі кезеңге өтеді.
Күміс қақпа
Дұрыс жауап берсе, алтын қақпаға жол ашылады.
Алтын қақпа
Соңғы кезеңнен сүрінбей өтсе, алтын сандықтағы сыйлыққа ие болады.
Маңызды шарт
Егер қатысушы алтын қақпадағы сұраққа дұрыс жауап бермесе, онда тас, күміс және алтын қақпаларда жинаған сыйлықтарының барлығынан айырылады. Қалаған жағдайда, кез келген қақпада тоқтап, сол кезеңнің сыйлығын алып ойыннан шығуға болады.
Сұрақтар жинағы (іріктеу және қақпалар)
5-сынып: іріктеу туры
-
Сұрақ:
Информатика пәні нені оқытады (үйретеді)?
-
Қосымша іріктеу сұрақтары:
- Компьютерді өшіру жолын айтып бер.
- Бит дегеніміз не?
- Компьютердің негізгі бөліктеріне нелер жатады?
- Код дегеніміз не?
5-сынып: Тас қақпа сұрақтары
-
1-сұрақ:
Компьютердің негізгі бөліктеріне нелер жатады?
Жауап: жүйелік блок, пернетақта, монитор.
-
2-сұрақ:
Кодтау дегеніміз не?
Жауап: белгілі бір алфавитті пайдаланып ақпаратты жазу (кодқа түсіру).
-
3-сұрақ:
Бит дегеніміз не?
Жауап: 0 және 1 мәндері арқылы ақпаратты кодтайтын ең кіші өлшем бірлігі.
5-сынып: Күміс қақпа сұрақтары
-
1-сұрақ:
Терезелер неше топқа бөлінеді? Қандай түрлері бар?
Жауап: 4 топ — қапшық (папка), қосымша, диалогтық, анықтама.
-
2-сұрақ:
«Менің компьютерім» қапшығы терезесінің элементтерін ата.
Жауап: тақырып жолағы, мәзір жолағы, құралдар тақтасы, жұмыс аймағы, шекаралары, айналдыру жолақтары (оң/сол, жоғары/төмен).
-
3-сұрақ:
Басқарушы батырмаларға нелер жатады?
Жауап: кішірейту, үлкейту, қалпына келтіру, жабу.
5-сынып: Алтын қақпа сұрақтары
-
1-сұрақ:
Қосымша терезе деп неге аталады?
Жауап: Windows жүйесінде қолданбалармен (қосымшалармен) жұмыс істеуге арналғандықтан.
-
2-сұрақ:
Windows жүйесінің негізгі объектісі не?
Жауап: терезе.
6-сынып: іріктеу туры
-
Сұрақ:
Ақпарат дегеніміз не? Ақпараттың түрлері қандай?
Жауап: ақпарат — белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар арқылы берілетін мәліметтер. Ақпаратты сақтауға, өңдеуге және шығаруға болады.
-
Қосымша іріктеу сұрағы:
Қазіргі пернетақтада қанша перне бар?
Жауап: 101 немесе 102 перне.
6-сынып: Тас қақпа сұрақтары
-
1-сұрақ:
1 байт неше биттен тұрады? 1 байт арқылы неше символды кодтауға болады?
Жауап: 1 байт = 8 бит. 1 байт арқылы 256 символ кодталады.
-
2-сұрақ:
Компьютердің енгізу және шығару құрылғыларын ата.
Жауап: енгізу — пернетақта, тінтуір; шығару — монитор, принтер.
-
3-сұрақ:
Пернетақта неше топқа бөлінеді? Қандай топтар?
Жауап: 4 топ — функционалдық, символдық, цифрлық, меңзерлік.
6-сынып: Күміс қақпа сұрақтары
-
1-сұрақ:
Компьютердің «миы» қалай аталады?
Жауап: процессор.
-
2-сұрақ:
Компьютердің Pentium III, Pentium IV деп аталуы неге байланысты?
Жауап: процессордың атауына байланысты.
-
3-сұрақ:
Морзе әліпбиінде неше әріп және неше сан бар?
Жауап: 26 әріп, 10 сан.
6-сынып: Алтын қақпа сұрақтары
-
1-сұрақ:
Компьютерге қандай ақпарат түрлерін енгізуге болады?
Жауап: мәтіндік, сандық, графикалық, музыкалық, бейне (видео).
-
2-сұрақ:
Бір тілдің әріптерінен екінші тілдің әріптеріне ауысу үшін қандай пернелер пайдаланылады?
Жауап: Alt + Shift пернелерін бірге басу.
-
3-сұрақ:
Цифрларды енгізу үшін қандай пернені қолданамыз?
Жауап: қосымша цифрлық пернетақтадағы Num Lock пернесін қосу арқылы.
6-сынып: Алтын сандық сұрағы
Ең ұзын перне қалай аталады? Ол не үшін пайдаланылады?
Жауап: бос орын (Space/пробел) пернесі. Ол сөздер мен символдарды бір-бірінен ажырату үшін қолданылады.
Қорытынды
Ойын шарты түсінікті болса, барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз. Сұрақтар әр сыныптың деңгейіне сай және тек информатика пәнінің өткен тақырыптары бойынша құрастырылады.