Ақтөбе энциклопедиясы

Сабақ тақырыбы: Есімін иеленген Әйтекенің…

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: Туған жер туралы деректер арқылы оқушылардың білімін қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: Туған жерге сүйіспеншілік пен патриотизмге тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: Ой-өрісін және сана-сезімін дамыту.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Аралас
Әдістері
Әңгімелеу, түсіндіру, деректер келтіру

Үй тапсырмасы

Әйтеке би ауданы туралы қосымша деректер іздену.

Қолданылған әдебиеттер

  1. «Ақтасты алқабында»
  2. «Ақтөбе энциклопедиясы»
  3. Интернет материалдары

Сабақ барысы

I. Алғашқы ұйымдастыру

  • Амандасу
  • Түгелдеу
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Жаңа тақырыпты игерту

Оқушылармен кіріспе әңгіме:

  • Сұрақ: Балалар, біздің аудан орталығымыз қалай аталады?
  • Сұрақ: Ол қанша аумақпен шектесетінін білесіңдер ме?

Бүгін біз аудан орталығымыздың тарихы мен географиясы туралы мәліметтерді қарастырамыз.

Ауданның географиясы мен табиғаты

Жер бедері

Аудан жері негізінен үстіртті жазық. Биіктігі 100–400 м аралығында. Солтүстік-шығыс бөлігін Мұғалжар тауы алып жатыр.

Климат

  • Тым континенттік: қысы суық, жазы ыстық.
  • Қаңтардағы орташа температура: −17°C.
  • Шілдедегі орташа температура: 22°C.
  • Жылдық жауын-шашын: 200–250 мм.

Өзен-көлдері

Аудан жерінен солтүстіктен оңтүстікке қарай Ырғыз өзені және оның Қарабұтақ, Қайрақты, Шолаққайрақты, Ұлыталдық, Балаталдық және басқа да салалары ағып өтеді. Аудан аумағында Белқопа, Әйке, Тегіссор көлдері бар.

Топырағы

Негізінен қоңыр және қызғылт қоңыр топырақ таралған.

Өсімдіктері

Боз, бетеге, жусан, қамыс, киікоты, жоңышқа, изен, тобылғы, көкпек, қараған, алабота.

Жануарлары мен құстары

Жануарлар: түлкі, қарсақ, қоян, қасқыр, күзен, борсық, ақ бөкен, киік. Құстар: қаз, үйрек, тырна, дуадақ, жылқышы, тауқұдірет, балықшы, қызғыш, қарақұс, жапалақ, бозторғай, бүркіт және т.б.

Шаруашылық және көлік

Ауыл шаруашылығына жарамды жер

Жалпы аумақ
188,9 мың га
Жыртылатын жер
69,3 мың га
Шабындық
4,3 мың га
Жайылым
835,8 мың га

Көлік жолдары

Аудан аумағы арқылы Қостанай – Ақтөбе темір жолы және Қызылорда – Ақтөбе автомобиль жолы өтеді.

Әйтеке би ауданының шекаралас аумақтары

Әйтеке би ауданы алты аумақпен шектеседі:

  • Ресей Федерациясы

    Қостанай облысы

  • Ырғыз ауданы

  • Мұғалжар ауданы

  • Шалқар ауданы

  • Хромтау ауданы

Оқушыларға ауданның округтік картасын таныстырып, шекаралас аумақтарды картадан көрсету ұсынылады.

Округтер және жер көлемі

Әйтеке би ауданы жер көлемі бойынша төмендегі округтерге бөлінеді:

Округ атауы Жер көлемі
Басқұдық 758,870
Ақтасты 413,815
Қайрақты 403,888
Жабасақ 377,238
Қарабұтақ 290,059
Әйке 254,275
Комсомол 218,330
Ақкөл 175,474
Құмқұдық 171,549
Аралтоғай 171,025
Аралтөбе 125,760
Жамбыл 118,086
Сұлукөл 79,818
Үшқатты 1,525
Сарат 1,325

Қорытынды

Әйтеке би ауданы алты аумақпен шектеседі және аудан қарамағында 15 округтік ауыл бар.

Аудан атауы Кіші жүзге танымал би — Әйтеке бидің есімімен байланысты. Кеңестік кезеңде бұл аудан «Комсомол» атауымен белгілі болды.