Істе мына кухняның жұмысын

Ұзатып ақ тілекпен ерке құсын, жадында қыздарының жүреді Әке

Әкесінің қызы

- Папамның мойнына мініп аламын, - деді қыз. Бала күнімде папам мойнына мінгізіп жүретін, сол есіме түсіп кетеді де, мініп алып: "Папа, көтерші", - деймін. Сонан соң папам көтереді. Мұны көріп, мамам ұрсады: "Әкесінің мойнына мінген деген не сұмдық. Күні ертең күйеуге шыққалы отырып... Істе мына кухняның жұмысын".
- Мамам қаталдау ұстайды. Бірақ мен ас бөлменің жұмысының бәрін меңгеріп алғанмын. Ал папам айтады: "Қызым, ертең тұрмыс құрасың, сол кезде жолдасыңа сүйеніш бола біл. Семьяны алып кететін жігіт өзі әрі қарай алып кетеді, бірақ міндетті түрде сенің қолдауың керек. Өйткені жігіт адамды сыртта аяғынан шалушылар көп болады, сол кезде олармен бірге қосыла табаласпай, жолдасыңа қолдау білдіріп отыруың керек", - деп үйретеді.

Тілейді әке ұлға да - ырыс, қызға - бақ,
Соны ойласа, талай кеуде сыздамақ.
Шаңырақтың иесі егер болса ұл,
Қыз - еркесі, қыз - өрісі, қыз - қонақ.

Сыйластықпен талай көңіл ұғысқан,
Дәстүр үшін ұстанса егер ұл ұстам.
Талай қыз да әкеге сай болам деп,
Ұлдан бетер намысына тырысқан.

Жетелейді тіршіліктің толқыны,
Қыз дәурені - шығар қыздың төркіні.
"Жақсы әкенің қызы едің" дегенде,
Талай жүрек тебіренді, толқыды.

Бал күнді ойлап, көңіл кейде жасармақ,
Өткенімен қымбат өмір қашанда - ақ,
"Жақсы әкенің ізі едің" дегенде,
Талай жанар қалды ма екен жасаурап.

Әке, перзент - көңіл іштей ұғысты,
Сол ұғысу аша түсер тынысты.
Талай ару мына өмірде әкенің,
Жүзін жерге қаратпауға тырысты.

Демейді өмір аруды әр кез сынайық,
Тағуға да құмар емес мың айып.
Жақсы әкенің қыздары да сонда да,
Болу керек шығар соған лайық.

Қабағында арулардың күн күлсін,
Жан байлығын сол күлкісі білдірсін.
Талай әке тәліміне өз қызының,
Мақтанып та жүрген шығар, кім білсін.

Әке тілегі

Болған едім сырласың да, ақылшың,
Деуші ең әркез - Әке, қымбат, жақынсың.
Балдәуренің бойжетті де бір күнде,
Туған үйден ұзап бара жатырсың.

Өмір деген - ойлағанға өр теңіз,
Балалығың, бал қылығың - көркем із.
Есейіпті Әкесінің алдынан
Кеше күліп жүгіретін ерке қыз.

Сырғиды екен көз ілеспей уақыт тым,
Сен деп мына өмір дәмін татыппын.
Жарыңменен қол ұстасқан сапарың
Апарсыншы айдынына бақыттың!

Тоқтамасын сол сапарда өр кемең,
Бірге күліп, бірге қуан елменен.
Шұғылалы, мынау ғажап дүниеге
Сен бақытты болу үшін келген ең.

Сыңарыңмен қол ұстасқан бүгінің
Жалғастырсын ертеңіңнің ғұмырын.
Бірге бөліс қиындығын өмірдің,
Бірге қадас отауыңның уығын.

Тілегі осы саған айтар Әкенің,
Бойға жима жат қылықтың бөтенін.
Ұғына біл мына өмірде алдымен
Жар болудың биік ұғым екенін.

Қызға міндет өмір осы жүктеген,
Сені алдан тосып тұрсын құт - мекен.
Буалдыр боп кетті Әкеңнің жанары,
Менен гөрі қайта анаң мықты екен...

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы



Ұқсас жұмыстар

Құранды етістіктердің ерекшеліктері
Кәсіпорынды банкетке дайындау
Қабілет мәселесінің психологиялық – педагогикалық мазмұны
Қазақтың діні жүрек ілімі
Жалақы есебін автоматтандыру
ТАЛАП ҚОЮ АРЫЗЫН ЖАУАПКЕРГЕ ТАПСЫРУ
Тергеу барысындағы тергеушінің кәсіби шеберлігі
Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi
Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету
Туризм саласы
Қазақ тiлiн оқытудың, ұйымдастырудың әдiстемелiк ерекшелiктерi
Пайда, оның экономикалық мазмұны, түрлері және анықтау әдістері «Қостанай минералдары»
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері және олардың кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартудағы ролі
Валюта нарығындағы валюталық реттеудің нысаны мен әдістері
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің болашақта даму және жұмыс істеу программасы
Шетел мемлекеттері экономикасының мемлекеттік реттелуінің мәні мен әдістері
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
алықаралық қаржылық есеп стандарты бойынша дебиторлық қарыздың өзгерістері
Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тiлiн дамыта оқытудың әдiстемесі