Абай - заңгер

Оқу бағдарламасы

«Абайтану» курсының бағдарламасы

Бұл бағдарлама Абай мұрасын ғылыми тұрғыда тану мен талдауға бағытталған. Курстың бөлімдері ақынның өмірі, философиялық көзқарасы, поэзия тілі, қарасөздері, аудармалары, сазгерлік қыры және әдеби мектебі сияқты өзекті тақырыптарды жүйелі түрде қамтиды.

Бағдарламаның мазмұны

Әр бөлімде тақырыптың мазмұны мен сағат саны көрсетілген. Мәтіндегі атаулар мен дәйексөздер түпнұсқаға жақын беріліп, сөйлем құрылымы мен тыныс белгілері редакцияланды.

  1. 1) Кіріспе

    1 сағат

    Абайтану және абайтанушылар. Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы. Ә. Бөкейханов, Қ. Мұхамедханов, З. Ахметов, М. Мырзахметов және т.б. ғалымдардың ақын шығармалары туралы пікірлері.

  2. 2) Абайдың өмірі мен өскен әлеуметтік ортасы

    1 сағат

    Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі. Әлеумет ісіне араласуы. Абайдың рухани дүниетанымының өсуі мен қалыптасу кезеңдері.

  3. 3) Ойшылдың философиялық көзқарасы

    2 сағат

    «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңдеріндегі дүниетаным: әлем мен адам табиғатын пайымдауы, заман сырын философиялық таразылауы, әділет мәселелері.

  4. 4) Абай білім алған үш бағыт

    1 сағат
    • Қазақ халқының рухани әлемі
    • Шығыстың рухани қазынасы
    • Батыстың әдеби әлемі
  5. 5) Ақынның қоғамдық-әлеуметтік мәселелері

    2 сағат

    «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа», «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» өлеңдеріндегі әлеуметтік маңызы бар мәселелер. Әлеуметтік теңсіздік туралы ойлары; ел үстінен күн көрген алаяқ би-болыстарды, мал-мүлік буына семірген байлар мен патша әкімдерін сынға алуы.

  6. 6) Абайдың қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі

    1 сағат

    «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңі арқылы жастық шақты орынсыз ойын-күлкімен өткізбей, талаптылыққа және жақсы мінез-құлыққа үндеуі. «Түбінде баянды еңбек — егін салған» өлеңіндегі еңбекке, отырықшылыққа, оқу оқып білім алуға шақыруы.

  7. 7) Абайдың ақындық мектебі

    1 сағат

    Абай мектебінің дәстүрі, жаңашылдығы, мақсат-мүддесі және әлеуметтік белсенділігі. Ақындық дәстүр туралы тұжырымдар. Талантты шәкірттері: Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір және т.б.

  8. 8) Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы

    1 сағат

    Абай туындыларының көркем тілі, қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы, ұйқас түрлері, шеберлік тәсілдері және даралық ерекшеліктері.

  9. 9) Ақын шығармаларындағы ағартушылық бағыт

    1 сағат

    «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Интернатта оқып жүр», «Білімдіден шыққан сөз» өлеңдеріндегі жастарды еңбекке, оқуға, білім алуға шақыруы. Ғалым болу және адам болу мәселелері.

  10. 10) Табиғат лирикасы

    2 сағат

    «Жазғытұры» өлеңінде өмір құбылыстарын сөзбен мүсіндеуі. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіндегі түнгі табиғаттың әсем көрінісін поэзия тілімен өрнектеуі. «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңінде қоғамдық-тұрмыстық жүйеге көзқарасы, елдің шаруашылық әрекеті мен табиғатқа тәуелді мінезін суреттеу шеберлігі.

  11. 11) «Ғашықтың тілі — тілсіз тіл»

    2 сағат

    1) Абай өлеңдеріндегі махаббат пен ғашықтық сезімі, сүйіспеншілік тақырыбы. Махаббат лирикасындағы философиялық ой-толғамдар.

    2) «Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен — ол екі жол» өлеңдері және басқа лирикаларындағы тұрақтылық, сүйіспеншілік жайындағы түйіндері. Ғашықтық пен құмарлық ұғымдарына қатысты пайымдары және философиялық тұжырымдары.

  12. 12) Шығармашылық жұмыс

    1 сағат

    «Абай — дана, Абай — дара қазақта» тақырыбында эссе жазу.

  13. 13) Ақынның достық туралы өлеңдері

    1 сағат

    «Досыңа досың — қарыз іс» өлеңіндегі достыққа адал, дұшпанға әділ болу, сабырлылыққа шақыру мәселесі.

  14. 14) Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармалары

    2 сағат

    1) «Болыс болдым, мінеки» өлеңі: билікке таласқан адамның әлеуметтік-психологиялық бейнесі, болыс пен ел туралы ой-толғаныстары.

    2) «Бойы бұлғаң» сатирасы: заман мен тұрмыстағы зиянды дерттерді өткір тілмен әшкерелеуі.

  15. 15) Абайдың поэмалары

    2 сағат

    1) «Масғұт» поэмасы (1 сағат): тақырыбы, идеялық-көркемдік маңызы, шығыстық сарындар, адамгершілік идеясы және тәрбиелік мәні.

    2) «Әзім әңгімесі» дастаны (1 сағат): «Мың бір түн» хикаяларымен үндестігі, поэмаға арқау болған оқиғалар, аяқталмағандығы. Шығыстық хикаяларды ақын ұстаздық-тәрбиелік мақсаттарға пайдаланып, көпке үлгі етуді көздейді.

  16. 16) Абайдың аудармалары

    3 сағат

    1) Пушкиннен аудармалары (1 сағат)

    Көркем бейнелі ойды ұлттық танымға сай жеткізуі. «Татьянаның хаты», «Ленскийдің сөзі», «Онегиннің өлердегі сөзі».

    2) Лермонтовтан аудармалары (1 сағат)

    «Ой», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Қанжар», «Теректің сыйы», «Асау той, тентек жиын, опыр-топыр», «Жартас», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Альбомға» өлеңдерін қазақтың төл туындысындай сөйлетуі.

    3) Батыс классиктерінен аудармалары (1 сағат)

    Дж. Байрон — «Көңілім менің қараңғы», А. Мицкевич — «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И. В. Гете — М. Ю. Лермонтов нұсқасы арқылы «Қараңғы түнде тау қалғып».

  17. 17) Әлемдік деңгейдегі ақынның сазгерлік өнері

    2 сағат

    «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге, көңілім, тоярсың» өлеңдері мен күйлері. «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндері. Ән мен күйдің халық өміріндегі орны, ақынның музыка туралы пікірі, қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы және әндерінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері.

  18. 18) Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі

    1 сағат

    Оныншы қарасөз: бала тәрбиесі туралы ойы. «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқ» деген тұжырым арқылы баланы оқуға, білім жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі.

  19. 19) Алтыншы, Сегізінші, Он бірінші сөздер

    1 сағат

    Жоғары ғылым-білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық пен мақтаншақтық сияқты мінездерді сынауға арналған.

  20. 20) Отызыншы қарасөз

    1 сағат

    Адам мінезіндегі жағымсыз әрекеттерді сынауы. Ар, ес, намысты білмей тұрып, адамдық, арлылық, батырлық болмайтыны туралы тұжырымы.

  21. 21) Ақынның саяси-әлеуметтік болмыс туралы толғанысы

    1 сағат

    Екінші қарасөз: халқын еңбекқорлыққа, іскерлікке шақыруы. Халық бойындағы жағымсыз қылықтарды сынап, олардан арылудың жолдарын көрсетуі.

  22. 22) Абай — заңгер. «Би екеу болса, дау төртеу болады»

    1 сағат

    Үшінші қарасөз: халық мүддесіне қызмет ету туралы пікірлері.

  23. 23) Абайдың шығысқа қатысы

    1 сағат

    Шығармаларындағы исламдық дүниетаным және Алланы тану туралы философиялық ойлары. Абайдың діни танымы.

  24. 24) Шығармашылық жұмыс

    1 сағат

    «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» тақырыбы аясында конференция және дебат сабақтарын ұйымдастыру.

  25. 25) Қорытынды сабақ

    1 сағат

    «Абайтану» курсы бойынша меңгерілген білімді жинақтау мақсатында қорытынды сабақ өткізу.