Шығармаңды жұрт оқыса айып па

Шығармаңды жұрт оқыса — айып па? Қабылдаған “сайтқа” алғыс айтамын. Плагиаторлардан Алла сақтасын, еңбегімізді жоғалтпай, жолын кеспесін.

Бекжан батырдың 300 жылдығына арнаймын (1709–1730 жж.).

“Алғадәй 1” — Делбегетей тауының аңызы (тарихи дастан).

Ұлы Даладағы тарихи ахуал

Ақ Орда ыдырап, далада жаңа атаумен жеке мемлекеттер құрыла бастаған XV–XVIII ғасырлар шамасында кең байтақ Ұлы Далада ондаған көшпенді тайпалардың арасынан әлеуметтік-тұрмыстық тұрпаты ұқсас, салты бөлек, түрік тектес қандастардың ішінде жеке халықтық болмысымен ерекшеленген қазақ-қалмақ әлеуметтік топтары көрші елдерге кең таныла бастады.

XIII ғасырдан бастап ойраттар (қалмақтар) Алтайды, Ертіс жағалауын мекендеп, қазақы ғұрып кешкен Найман мен Керей тайпаларының жеріне орнығады. Уақыт өте келе олар Жетісу бойындағы тайпалармен араласа қоныстанып, өз ықпалын біртіндеп күшейтеді.

Билік пен үстемдікке ұмтылыс

Кейін Батыр қоңтайшының басқаруымен құрылған әскери-феодалдық мемлекет қазақ жеріне қызыға көз тігіп, елге іштен төнген қауіп ретінде әсер етті: “есіктен кіріп, төр менікі” дейтін ыңғай танытқан кезеңдер болды. Ауылдары аралас, малдары қоралас отырған екі халықтың арасында қалмақтардың қазақ жұртына көрсеткен жәбірі біртіндеп “қалыпты жағдай” ретінде орныға бастады.

Жер-су атаулары арқылы ықпал жүргізу

Еуропада илоттарды басынған спарталық үстемдіктің көрінісі іспетті жағдай Алаш жерінде де сезілді. Тіпті қазақ жеріндегі елді мекендерге өз батырларының атын қоюды жөн көрген мысалдар айтылады.

  • Жетісу өңіріндегі Алмалық қаласының (Алматы маңы) төңірегінде Қаскөлең, Шамалған батырларының есімдерін қалдыруы.
  • Барқытбел тауын Тарбағатай атауымен байланыстыруы.
  • Ертіс бойындағы Қаратауға Қалба батырларының есімін телуі.
  • Ертіс өңірінде Доржыкенттің салынуы туралы деректердің айтылуы.

Осындай ондаған атаулардың ізі Жоңғар хандығы жер бетінен жойылғанға дейін көрінген болуы мүмкін. Қазақ үшін мұндай құбылыс — арға тиетін жағдай ретінде қабылданады.

Қалмақ есімімен біздің өңірде Қызылсу, Шар бойында Делбегетей тауы да аталған деген сөз бар. Қазақ ауыз әдебиеті бұл тарихты төмендегідей жеткізеді.

Ауыз әдебиетіндегі баяндау (үзінді)

Қазақтың еркін өскен төл баласы —
Үш жүздің ешкімнен жоқ еш аласы.
Жәнібек, Керей, Қасым хандарынан
Қалған ғой мұра болып кең даласы.

Кең заман еді шіркін — аспа да төк,
Лақ сұраса тай беретін қарны тоқ.
Алаңсыз қазақ елі қонақжайлы,
Жауды да жау санауға көңілі жоқ.

Далада иен жатқан сұрауы жоқ,
Сырты түк, ішін көрсең былғауы көп.
Мыңғырған көп малының санын білмес,
Барымта-қарымтаны көзге ілмес.

Жаз жайлауға шыға қалса — жадырайды,
Мал садақа болғанымен, жаны — қайғы.
Ұлағатты ұлдары батыр болып,
Қыздарын қия жерге де ұзатады.

Қырғыз, Хиуа — құдасы боп жатсынбаған,
Жансауға сұрағанды қарсы алған,
Сырттан келген кірмені де бағалаған —
Даланың өз заңы бар сараланған.

Құдаменен төс қағысса — есен болған,
Мәртебесі бұдан артық неден болған?
Дала заңы осыны құрметтеген,
Зорлықты қазақ халқы көтермеген.

Еркіндік пен дала салтын ұққан да бар,
Дүр мінез, қуыс кеуде надан да бар.
Ұр да жық мінезімен батыр болып,
Әумесердің кей кезде жолы болған.

Ескерту: мәтін тілдік тұрғыдан өңделіп, тыныс белгілері түзетілді; мазмұндағы тарихи пайым мен атаулар авторлық баяндауға сәйкес сақталды.