Әлкей атайдың әңгімесі

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Пән / сынып

Әдебиеттік оқу, 2-сынып

Сабақ тақырыбы

«Кішкентай Әлкей»

Сабақ түрі

Ғылыми бағыттағы сабақ

Сабақ типі

Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның өмірімен және балалық шағындағы естелік оқиғаларымен таныстыру. Ғалымның ғылыми еңбектері мен зерттеген салалары туралы түсінік беру.

Дамытушылық

Мәтінді мәнерлеп оқу, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Белгілі бір ғылым саласына қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

Әлкей Марғұланның өмірін үлгі ете отырып, кітапты сүйіп оқуға және білімге құштар болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер

Әдістер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • СТО стратегиялары

Көрнекіліктер

  • Әлкей Марғұланның суреті
  • Топтық тапсырмалар
  • Оқулықтағы иллюстрациялар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныпта жұмысқа дайын ахуал қалыптастыру.

II. Психологиялық дайындық

Мұғалімнің сөзі

Балалар – гүлім менің, Балалар – күйім менің. Балалар нұр сыйлайтын Бүгінгі күнім менің.

Осы өлең жолдарын айта отырып, балаларды қуат беретін шуақты күндерге теңеп, «шуақты күн» төсбелгісін ұсынады.

Оқушылардың жауабы

Кеудемдегі күн күлсін, Бізге шуақ нұр құйсын! Мейірімді жан өзіңмен, Көңіліміз жайнап құлпырсын!

Жақсы көңіл күй қалыптастырылып, сабақ басталады.

III. Үй тапсырмасын тексеру

  • «Өз үйім – өлең төсегім» мәтінін мәнерлеп оқу.
  • Сахналық көрініс көрсету (дайындық алдыңғы сабақта жүргізілген).
  • Өз үйінің суретін салып келу.

Үй тапсырмасы бойынша жұмыс қорытындыланады.

IV. Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту

Сұрақтар

  • «Ғалым», «ғылым» сөздерін қалай түсінесіңдер?
  • Қандай адамдарды ғалым дейміз?
  • Ғалымдар бала кезінде қалай оқыды деп ойлайсыңдар?

Негізгі ұғымдар

Ғалым
Жаңалық ашатын, зерттеу жүргізетін адам.
Ғылым
Зерттелетін құбылыстар мен жаңалықтарды жүйелі түрде тану саласы.

2) Мағынаны тану

Суретпен жұмыс

  • Оқулықтағы суретке қарап, кейіпкердің мамандығын анықтау.
  • Ескі құмыра, үстел үстіндегі үлкейткіш әйнек арқылы көне дүниелерді зерттейтін ғалым екені анықталады.

Әлкей Марғұлан туралы деректер

Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 жылдың 11 мамырында Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.

Ғылыми бағыттары

  • Археолог
  • Шығыстанушы
  • Әдебиеттанушы

Әңгіменің авторы

Әңгіменің авторы — Асхат Жақсыбаев. Ол Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. 2007 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілген.

Әңгімеде автор бала кезінде Әлкей Марғұланның өз аузынан естіген естелікті оқушыларға баяндайды.

Оқылым

  • Мәтінді іштей оқу.
  • Мәтінді кезектесіп, мәнерлеп оқу.

Сөздік жұмысы

Дастан

Ұзақ оқиғалы жыр.

3) Топтық жұмыстар

I топ

Мәтінге жоспар құру

  1. Әңгіме авторының Әлкей атамен кездесуі.
  2. Әлкей атаның әңгімесі.

II топ

Әңгімеге басқа ат қою

  • «Білімге құштарлық»
  • «Білімді Әлкей»

III топ

Әлкейге мінездеме беру

  • Көп оқиды
  • Әңгімешіл
  • Білімді
  • Қамқор

4) Ой-толғаныс

Венн диаграммасы: салыстыру

Венн диаграммасы арқылы ауыл балалары мен Әлкейді салыстыру.

Дәптермен жұмыс

Оқушылар өз бетінше бала Әлкейге мінездеме жазады.

Ауыл балалары

  • Суға шомылады
  • Жидек тереді
  • Ойнайды

Ортақ белгілер

  • Бала шаққа тән қызығушылық
  • Табиғат аясындағы күнделікті тіршілік

Әлкей

  • Оқуға, білімге құмар
  • Кішіге қамқор
  • Көп ойнамайды

5) Тест (жауап алу)

1. Әңгіме кім туралы? Әлкей

2. Әлкей ата бала кезінен қандай болған? Оқымысты

3. Оқуды неше жасынан үйренді? 5 жасынан

4. Дастанды қалай жаттады? Түгел жаттады

5. Үйінде неше кітабы болды? 5–6 кітап

Қорытынды

Әңгіменің аты
«Кішкентай Әлкей»
Авторы
Асхат Жақсыбаев
Кейіпкерлер
Автор, балалар, Әлкей
Негізгі ой
Кішкентай Әлкейдің білімге, ғылымға құштарлығы.
Түйін
Әлкей — ұлы ғалым, археолог.
Бағалау
Сабақ барысындағы белсенділікке қарай жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқып, мазмұндап келу.