БББ стратегиясы бойынша кестемен жұмыс

Сабақтың тақырыбы

AutoCAD жүйесінде сурет салу құрал-саймандар тақтасымен танысу.

Сабақтың мақсаты

Білімділік мақсаты

  • AutoCAD жүйесінің мүмкіндіктерімен таныстыру.
  • Кесінділер мен координат нүктелерін енгізу тәсілдерін меңгерту.
  • Шеңбер, доға, төртбұрыш және көпбұрыш салуды үйрету.

Тәрбиелік мақсаты

Оқушыларды шығармашылыққа және ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты

AutoCAD жүйесімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың форматы мен әдістемесі

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері.

Сабақтың көрнекілігі

  • Проектор
  • Презентация
  • ДК (дербес компьютер)

Сабақтың жүру барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Қатысымды тексеру.
  • Топқа бөлу.
  • Сабақтың мақсатымен және барысымен таныстыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың алдыңғы тақырып бойынша меңгерген білімін анықтау.

3) БББ стратегиясы бойынша жұмыс

Кестемен жұмыс арқылы бастапқы білімді өзектендіру: «AutoCAD жүйесі туралы не білеміз?»