Шығармашылық диктант
Қазақ тілінде оқытылатын орта мектептердің 3-сыныбына арналған факультативтік курс
Түсінік хат
Қазіргі мектептің үшінші сыныбындағы қазақ тілі пәніне қосымша сабақ ретінде «Қызықты грамматика» факультатив курсы ұсынылады. Қосымша сабақ аптасына 1 сағат өткізіліп, оқу жылы бойынша жалпы көлемі 34 сағат болады.
Курсты енгізудегі негізгі мақсат — оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын дамыту, сауатты әрі көркем жазуға баулу. Сонымен қатар жан-жақты ізденуге бағытталған тапсырмалар арқылы оқушылардың алған білімін пысықтау, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру және өз бетінше талдауға үйрету көзделеді.
Факультатив сабақ оқушылардың шығармашылық қабілетін ашуға және дамытуға бағытталады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасы мен грамматикалық құрылымын терең меңгерту, бірізді сауатты жазу, тілдік-gramматикалық құрылымды орынды пайдалану — осы курстың басты міндеттерінің бірі.
Маңызды ой: Сауатты жазу — дұрыс ойлаудың көрінісі. Сондықтан бұл факультатив оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ойлау және шығармашылық қабілеттерін арттыруға, жазу дағдыларын жүйелі дамытуға ықпал етеді.
Бұл тұрғыда білімді пысықтау мен тексеруге арналған грамматикалық тапсырмалар, талдау жұмыстары, әртүрлі диктант түрлерінің орны ерекше.
Жылдық жоспар: сабақ тақырыптары (34 сағат)
-
1
Дыбыс. Әріп. Сөз
-
2
Сөздік диктант (дыбыстық талдау жұмыстары)
-
3
Қызықты грамматикалық тапсырмалар
-
4
Шығармашылық диктант
-
5
Сөйлем (талдау жұмыстары)
-
6
Сөйлем мүшелері
-
7
Тұрлаулы мүшелер
-
8
Тұрлаусыз мүшелер
-
9
Көру диктанты (көркем жазу)
-
10
Тірек сызбалармен жұмыс
-
11
Терме диктант
-
12
Карточкалармен жұмыс
-
13
Жалаң және жайылма сөйлем
-
14
Қаратпа сөз, тыныс белгілері
-
15
Дидактикалық материалдармен жұмыс
-
16
Өздік диктант
-
17
Ашық тест жұмысы
-
18
Мәтін, мәтіннің түрлері
-
19
Ескерту диктанты
-
20
Мәндес сөздер (синоним)
-
21
Қарама-қарсы мағыналы сөздер (антоним)
-
22
Мағынасы әртүрлі сөздер (омоним)
-
23
Сөз құрамы
-
24
Түбір мен қосымшаның жазылуы
-
25
Түбір және туынды сөз
-
26
Сөз таптары
-
27
Зат есім
-
28
Етістік
-
29
Сын есім
-
30
Сан есім
-
31
Графикалық жаттығулар
-
32
Тест жұмысы
-
33
Бақылау диктанты
-
34
Жыл бойы өткенді қайталау