Шаңырақ қанша
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Өтілген сөз таптарын қайталау, сан есім туралы түсіндіру барысында жаттығулар орындау.
Дамытушылық
Сөз таптары туралы ой-өрісті дамыту.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, қатесіз көркем жазуға және әсемдікке тәрбиелеу.
Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма
Көп нүктенің орнына заттың санын білдіретін сөздерді қойып, көшіріп жазыңдар.
- … ақ лақ,
- … жасыл көрпе,
- … жаңа сандық,
- … ауыр жүк.
Заттың санын, сынын, атын білдіретін сөздерді атаңдар. Оларға сұрақ қойыңдар. Сөздердің байланысын сызбамен көрсетіңдер.
Өткенді қайталау: «Бәйге» ойыны
Төмендегі сұрақтар арқылы негізгі сөз таптары қайталанады. Әр бөлім бойынша анықтамаларды айтып, мысал келтіріңдер.
Зат есім
- Зат есім дегеніміз не?
- Жалқы және жалпы есімдер дегеніміз не?
- Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?
Етістік
- Етістік дегеніміз не?
- Етістік нешеге бөлінеді?
- Етістік қандай сөз таптарынан жасалады?
Сын есім
- Сын есім дегеніміз не?
- Сын есім нешеге бөлінеді?
- Негізгі және туынды сын есім дегеніміз не?
Сан есім
- Сан есім дегеніміз не?
- Есептік сан есім дегеніміз не?
- Реттік сан есім дегеніміз не?
Қызығушылықты ояту
Киіз үйдің бөліктерін атай отырып, санды білдіретін сөздерді табыңдар және сұрақ қойыңдар.
Сұрақ 1
Киіз үй қанша?
Сұрақ 2
Шаңырақ қанша?
Сұрақ 3
Кереге нешеу?
Тест тапсырмалары
Сан есім туралы білімді бекітуге арналған сұрақтар. Дұрыс нұсқаны таңдаңдар.
-
1) Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
- а) қандай? қанша?
- ә) не? нешінші?
- б) қанша? неше?
-
2) Сан есімді көрсетіңдер:
- а) бес
- ә) есептік
- б) белсенді
-
3) Сан есім … болып бөлінеді:
- а) есептік, реттік, қатарлық
- ә) қатарлық, кезектік
- б) есептік, реттік
-
4) Сан есімді көрсетіңдер:
- а) бес, сана, ұйықта
- ә) елу бес, жас, кәрі
- б) қырық, елу, жүз
-
5) Берілген сөздер қай сөз табына жатады? Екінші, бес, алпыс алты
- а) сын есім
- ә) сан есім
- б) есімдік
-
6) Жұмбақты шешіңдер:
Басындағы таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.- а) ешкі
- ә) қой
- б) арқар
-
7) Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар:
Ер … рет өледі,
Қорқақ … мың рет өледі.- а) бір, бесінші
- ә) бір, мың
- б) бір, көп