Бастауыш сынып

Сабақтың басталуы

Қайырлы таң деп айтамыз,
Күнде бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.

Топтастыру

Кітап және қарындаш.

Үй тапсырмасын қайталау

Алдыңғы сабақ материалын еске түсіру.

Жаңа сөз және әріп

Тақырып: «Жылыжай»

  • Жылыжай деген не? Өсімдіктерді өсіруге арналған, ішіндегі температура мен ылғалдылығы сақталатын жабық орын.
  • Жылыжайда нелерді өсіруге болады? Қызанақ, қияр, бұрыш, гүлдер және әртүрлі көкөністер.

«У» әрпімен жұмыс

Төмендегі сөздерді оқып, дыбыстық талдау жасауға болады:

әуен ауа дәуіт жусан серуен сауысқан қауын егеу

Сабақтың негізгі бөлімі

Ал, кәнекей бастайық,
Қиындықтан қашпайық.
Жаңа сабақты игеріп,
Білімімізді молайтайық.

Жұмбақтар

  • Білімнен мол сый-асы, Балғындардың ұясы. (Жауабы: мектеп)
  • Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (Жауабы: кітап)
  • Шәкіртке жанашыр, Мейірімді кім, жаны асыл? (Жауабы: мұғалім)
  • Жіп-жіңішке денесі, Ортасында шегесі. (Жауабы: ине)
  • Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған. (Жауабы: қарындаш)

Өлең авторы

Өтебай Тұрманжанов (15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Жалғызағаш ауылы — 1978) — жазушы. Балаларға арналған түрлі тақырыптағы әңгімелері мен өлеңдері бар. Солардың бірі — «Білім» атты өлең.

Өлең: «Білім»

Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал,
Тепкілесең кетпейді.

Өртіңе ол күймейді,
Ұрылар да тимейді.
Жатып ішер жамбастап,
Жалқауды ол сүймейді.

Мәні

Өлең білімнің жоғалмайтын, ұрланбайтын, адамды алға жетелейтін нағыз қазына екенін түсіндіреді.

Талқылау сұрақтары (екі топқа)

  1. Өлеңде ақын білімді неліктен байлық деп атайды?
  2. Білімді қалай жинауға болады?
  3. Білімді болу үшін адам қандай болуы керек?

Сергіту сәті

Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
Бір, екі, үш —
Отырамыз тып-тыныш.

Ереже

Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады: ауыл, құс, жолбарыс.

Дәптермен жұмыс

Мақалдарды көшіріп жаз

  • Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.
  • Оқу түбі — тоқу.
  • Оқу — инемен құдық қазғандай.

Ойын: «Кімнің жұлдызы биік?»

Мақал-мәтел сайысы.

Тапсырма

Көрсетілген сөздерді пайдаланып, мақал құрастыр:

  • Білім, бұлақ, оқу Оқу — білім бұлағы.
  • Шырақ, білім, өмір Білім — өмір шырағы.