Қадыр Мырза ӘлиКөне көрінісСол баяғы ғұмырдыСалады еске аулалар

Қадыр Мырза Әли

Көне көрініс
Сол баяғы ғұмырды
Салады еске аулалар.
Босатқанда шығырды
Салдырлайды қауғалар.
Екі темір тіреуге
Есулі сым керілген.
Кілем жайып біреулер,
Кейбіреулер кір ілген.
Тас дуалға тіреліп,
Тағы бір шаң шұбады.
Біреу күліп кіреді,
Біреу күліп шығады.
Үй күзеткен төбеттер
Ерінеді үруге.
Ол үйлерге
Бобектер
Қорықпайды кіруге.
Торы бие құлынын
Тісіменен қасып тұр.
Оғаш емес қылығың,
Қонақ болсаң, басып кір
Бағы жанған
Арқаның
Баяғы алыс - берісі...
Жаңа сойған марқаның
Жаюлы түр терісі.
Ертелі - кеш сабылып,
Басылмайды ел аяғы.
Баяғы сол ауылың,
Ниет те сол баяғы...



Ұқсас жұмыстар

Қадыр Мырза Әлі
Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
Қадыр Мырза Әли - балалар ақыны
Қадыр Мырза Әли өлеңдері
Қадыр Мырзалиев ақындық шеберлігі
Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері
Қадыр Мырза Әли поэмалары
Қадырдың махаббат лирикасы басқаша махаббат
Жұмекен Нәжімеденовтің философиялық лирикасы
ПОЭЗИЯДАҒЫ СӨЗ БЕЙНЕЛІЛІГІ
ЖАЛАЙЫР ҚОСЫМҰЛЫ ҚАДЫРҒАЛИ
ЖАНГЕЛДІҰЛЫ ЕСКЕЛДІ
МЫРЗАҒҰЛҰЛЫ БЕКЕТ
БАЙМЫРЗАҰЛЫ БАЛУАН ШОЛАҚ жайлы жайлы жайлы
Баймырзаұлы Балуан Шолақ жайлы жайлы
Аспанмен тілдескен тау
Атақтының атының ескерткiшi
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
Баймырзаұлы Балуан Шолақ жайлы
ОРХОН – ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ