Шығай хан
Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан (1582–1598 жж.)
Бұл сабақта Қазақ хандығы тарихындағы маңызды тұлғалардың бірі — Тәуекел ханның 16 жылдық билігі кезеңіндегі ішкі және сыртқы саясаттағы рөлі қарастырылады.
Білімділік мақсаты
Тәуекел хан билігі кезіндегі Қазақ ордасының ішкі-сыртқы саясатын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты
Қызығушылықты арттыру, өз ойын дәлелдеп айтуға жетелеу, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Тәуекел хан тұлғасы арқылы ұлтжандылыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Талқылау және сұрақ-жауап
- 1. Қазақ хандығы қашан және қай жерде құрылды?
- 2. Қазақ хандығын кімдер құрды?
- 3. Қазақ хандығының құрылуы туралы тарихи деректі кімнің еңбегінен оқып білеміз?
- 4. Қазақ хандарынан кімдерді білесіңдер?
- 5. Қасым ханның билігі туралы тарихшылар қандай мәліметтер келтіреді?
- 6. Хақназар хан қай жылдары билік етті?
- 7. Хақназар хан ішкі саясатты қалай жүргізді?
- 8. Оның сыртқы саясаты туралы не білесіңдер?
- 9. Хақназар хан билік еткен тұста тарих сахнасында қандай айтулы оқиға болды?
- 10. Хақназар хан кіммен достық және өзара көмек туралы анттасқан шарт жасасты?
Тапсырма: Семантикалық карта арқылы негізгі ұғымдар мен тұлғаларды жүйелеу.
III. Жаңа сабақ
Тақырып
Тәуекел хан (1582–1598 жж.)
XVI ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының саяси бағыты мен сыртқы байланыстары.
Сабақ мақсаты
Тәуекел ханның ел тізгінін ұстаған кезеңінде Қазақ ордасының ішкі және сыртқы саясатындағы рөлін түсіну.
Қарастырылатын мәселелер (жоспар):
1) Тәуекелге дейінгі жағдай
Шығай хан билігі. Баба сұлтанмен күрес және оның салдары.
2) Қазақ–өзбек қатынастары
Бұқара хандығымен байланыстар, одақтастық және қайшылықтар.
3) Орыс мемлекетімен қатынас
Сыртқы саясаттағы бағыттардың кеңеюі және дипломатиялық байланыстар.
Тарихи алғышарт: Хақназар ханнан кейінгі кезең
Өткен сабақта Хақназар ханның билігі қарастырылды. Ол Бұқара ханы Абдаллахпен және өзбек сұлтаны Баба сұлтанмен қатынаста екіжақты саясат ұстанды.
Мұны аңғарған Баба сұлтан жансыздарын жіберіп, Хақназар ханды, оның ұлдарын және ханға жақын сұлтан Жалымды өлтіртеді.
Осыдан кейін хандық билік Жәнібек ханның немере інісі Шығайға өтті. Шығай хан таққа отырған кезде шамамен 80 жаста еді. Ол билікке келе салысымен Хақназар хан мен Жалым сұлтанның кегін қайтаруға кірісті.
1582 жыл: Түркістан түбіндегі шайқас және биліктің ауысуы
Шығай хан Баба сұлтанға қарсы күресте Бұқара ханы Абдаллахпен одақ құрып, жорыққа шықты. 1582 жылы Түркістан қаласының түбіндегі шайқаста Шығай хан және оның ұлы Тәуекел сұлтан Абдаллах ханмен бірлесіп жеңіске жетті.
Нәтиже: Жеңіске риза болған Абдаллах хан Қазақ хандығына Ходжент қаласын сыйға тартты.
Алайда осы жорықта Шығай ханның өзі қаза тапты. Содан кейін хандық билік Шығайдың мұрагері — Тәуекел сұлтанның қолына өтті.
Бекітуге арналған ресурс
Тәуекел ханның билігі және оның ішкі-сыртқы саясаты туралы мәліметтер бейнематериал және электронды оқулық арқылы қарастырылады.
Нұсқаулық: Электронды оқулықтан Тәуекел ханның билігі туралы бөлімді 3 минут ішінде тыңдап/оқып, негізгі ойды қысқаша тұжырымдаңдар.