Мағжан Жұмабаев Сүйемін - Қалай таптыңдар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / сынып
Қазақ әдебиеті, 7-сынып
Сабақ түрі
Шығармашылық ой сабағы
Тақырып өзегі
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Сүйемін» өлеңінің идеясы, тақырыбы және құрылымдық талдауы.
Сабақтың мақсаттары
Білімдік мақсат
Оқушыларды Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру, өлең құрылысын жан-жақты талдауға, сын тұрғысынан ойлауға және шығармашылық ізденіске бағыттау.
Тәрбиелік мақсат
Жігерлі, рухты, өжет, қайсар азамат тәрбиелеу; туған тілді — қазақ тілін сүйіп, құрметтеуге баулу. Ақын өлеңдеріндегі идея арқылы туған жері мен елінің құндылықтарын қастерлейтін, елі мен жерін қорғауға дайын, парасатты тұлға қалыптастыру.
Дамытушылық мақсат
Әр оқушының ой-қиялына ерік беріп шабыттандыру; интеллектуалдық және мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту; дүниетаным-талғамын, сөздік қорын және функционалдық сауаттылығын арттыру.
Оқу нәтижелері
-
1
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет біледі.
-
2
Өлеңнің тақырыбы мен идеясын, құрылысын талдай алады.
-
3
Адамгершіліктің биігі — қарапайымдылық пен кішіпейілділік екенін түсінеді.
-
4
Ұлттық құндылық әр азамат қастерлейтін қазына екенін ұғынады.
-
5
Шығармашылық ізденіс арқылы сабаққа қызығушылығы артады.
Сілтеме
Қазақ әдебиеті оқулығы: Р. Құтқожина, Қ. Бітібаев, Е. Арын. Алматы: «Атамұра», 2012.
Қолданылатын материалдар мен цифрлық ресурстар
Материалдар
- •А4, А3 қағаздары
- •Маркерлер, қима қағаздар
- •Интерактивті тақта, слайд, видео
Интернет ресурстар
- •create.kahoot.it
- •youtube.com (Мағжан туралы бейнематериал)
- •bilimland.kz (аудио тыңдалым)
Оқыту әдістері
- •Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер
- •Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары
- •«Оқы – жап – тексер» стратегиясы
- •Топтық жұмыс және өзара бағалау
Сабақ барысы (қадам-қадамымен)
1) Сәлемдесу және ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпты түгелдеу, жағымды көңіл күй қалыптастыру.
2) Топқа бөлу
Оқушылар үстел үстіндегі қиылған суреттердің бірін таңдап, сол бойынша топтасады. Топ атаулары: «Ғалымдар», «Әншілер», «Жазушылар». Топтасу құпиясын өздері анықтайды.
3) Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыпты табу: оқушылар түстердің көмегімен «Мағжан Жұмабаев» және «Сүйемін» ұғымдарына шығады. Осылайша сабақтың тақырыбы айқындалады.
4) Мағынаны тану
«Оқы – жап – тексер» стратегиясы қолданылады.
5) Оқу сауаттылығын тексеру
- •Оқушылар оқулықтың 94-бетіндегі М. Жұмабаев шығармашылығы туралы мәтінді оқып танысады, кейін оқулықты жабады.
- •Критериалды бағалау парағы таратылады, топтар бір-бірін бағалайды.
- •Kahoot арқылы оқу сауаттылығы тексеріледі.
6) Видео көрсету
YouTube платформасынан «Дегдар Мағжан туралы» бейнематериалы көрсетіледі.
7) Аудио тыңдалым
Bilimland.kz сайтынан «Сүйемін» өлеңі тыңдалады. Оқушылар тыңдай отырып, кітаптан ілесе оқиды және тыңдалымға қатысты тапсырмалар орындайды.
8) Сөздік жұмысы
Тасбиық
Діни адамдардың сиыну үшін қолданатын тізбегі.
Алаш
Ежелгі қазақ тайпаларының алғаш қауым болып біріккен одағы; «Қазақ» сөзінің бұрынғы атауы.
Кебін
Қайтыс болған адамды орайтын ақ матадан тігілген киім.
Жұмақ
О дүниедегі жайлы, рахат мекен.
9) Өлең шумақтарын талдау (топтық тапсырмалар)
1-топ: 1-шумақ
Ақынның «Неге екенін білмеймін — сол Анамды сүйемін» деген жолдарын түсіндіріп көріңдер. Ана туралы интернеттен ән дайындап, топ болып хормен орындаңдар.
2-топ: 3-шумақ
«Неге екенін білмеймін — сол Елімді сүйемін» деген ойды жалғастырыңдар. «Менің елім» тақырыбына қима қағаздар арқылы модель құрастырыңдар.
3-топ: 4-шумақ
«Жер — халық қазынасы» тақырыбында «Бестік ой» стратегиясымен ой толғаңдар:
- •1 сөз таңда
- •сол сөзге 1 сөйлем құра
- •1 сұрақ қой
- •сұраққа жауап бер
- •сөйлем мен жауапты біріктіріп қысқа ой жаз
10) Ұжымдық талдау және пікір алмасу
Талқылау сұрағы
«Неге екенін білмеймін — сол Жарымды сүйемін» деген жолдарды қалай түсінесіңдер?
Түсіндірме: Ақын жарын отбасының жүгін бірге көтеретін, үй ішінің тірлігін ұйымдастыратын, бала-шағаны бағып-қағып тәрбиелейтін жан ретінде бағалайды. Күнделікті тынымсыз еңбектің жеңіл еместігін ақын жүрегі сезінеді. Сондықтан ол өз жарын сүйеді.
11) Өлең құрылысын талдау
Көркемдегіш құралдар
- •Теңеу: «күлдей шашы», «жыландай иірілмейді», «құрандай сөзі жоқ»
- •Метафора: «қыс — ақ кебін», «жаз — сары»
- •Эпитет: «күңгірт», «сұп-сұр көр», «жабайы жар», «ұйқы басқан қабағы»
Өлшем және құрылым
- •Буын: 7–8 буынды
- •Бунақ: 2
- •Ұйқас: ерікті
- •Шумақ: 4
- •Тармақ: 32
12) Ой таным (қорытынды шығармашылық жұмыс)
1-топ
Мағжан
Ақын тұлғасын танытатын тұжырым, негізгі тірек сөздер.
2-топ
Сүйемін
Өлеңнің идеялық өзегін жинақтап көрсету.
3-топ
Тұлға
Әзірлеу, ұсыну, жасау: шығармашылық өнім дайындау.
13) Рефлексия
Еліміздің Тәуелсіздігі мен «Мәңгілік ел» идеясын ұштастыра отырып, Мағжан Жұмабаев шығармашылығына өз бағаларыңды беріңдер.
14) Үй тапсырмасы
- •Өлеңнің әр шумағына лайық мақал-мәтел жазып келу (ана, ел, жер туралы).
- •«Сүйемін» өлеңін жаттау.
15) Бағалау
Топтардың бағалау парақтары жинақталып, қорытынды бағалау шығарылады.