Сөз мерген ойыны
Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі
№1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиясы ММ
Дайындаған: Кемпрекова Жанар
Тақырыбы: «Сөз мерген» (сынып сағаты)
Бұл сынып сағаты қоғамда болған түрлі тарихи ахуалдардың әсерінен кейінгі буын бойында байқалатын ой мен тіл жұтаңдығын ескеріп, оқушылардың сөздік қорын байытуға бағытталады. Мақсат — сауатты сөйлеуді үлгілеу, ұмыт бола бастаған мақал-мәтелдер мен көне сөздерді орынды қолданысқа енгізу, тіл мәдениетін жетілдіру және тіл тазалығы мен шұрайлылығына назар аударту.
Сабақтың көрнекілігі
Интерактивті тақта
Сабақтың түрі
Ойын-сабақ
Негізгі идея
Тіл — ұлттың рухани тірегі, ортақ құндылық.
Кіріспе сөз (жүргізуші)
Армысыздар, ардақты ағайын, алқалы жұрт, көз көрген! Бүгінгі сабағымыз — тіл сайысы, «Сөз мерген».
Осыдан 21 жыл бұрын, 1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданды. Заң бойынша сол кездегі Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі — қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі болып бекітілді. Содан бері 22 қыркүйек күні республика көлемінде Қазақстан халықтарының Тілдері күні аталып өтеді.
Бұл мереке ерекше: мұндай мереке әлемнің көптеген елдерінде кездесе бермейді. Қазақстан — жүзден астам ұлт өкілдері тұратын көпұлтты мемлекет. Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ол осы елде өркендеп, дамуы тиіс. Әрбір азамат мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге үлес қосуы — парыз.
Осы мақсатта бүгін «Сөз мерген» ойынын өткіземіз. Бұл — көне сөзді, астарлы ұғымды, мақал-мәтелді бір кісідей білетін сенімді жандар сайысқа түсетін ойын.
Қазылар алқасы мен қатысушылар
Қазылар алқасы
- 1________________________________
- 2________________________________
- 3________________________________
Ойыншылар
- 1________________________________
- 2________________________________
- 3________________________________
Ойын ережесі
- Ойын 3 кезеңнен тұрады.
- Әр кезең соңында ұпайы аз қатысушылар ойыннан шығарылады.
- 3-кезеңге жетіп, шарттарды толық орындаған әрі ұпайы жоғары ойыншы «Сөз мергені» атанады.
Сабақ барысы: 3 кезең
I кезең: «Мықты болсаң, тауып көр»
Тұрақты сөз тіркестеріҚатысушылар берілген сөздерден тұрақты сөз тіркесін тауып айтады.
1-топ
2-топ
I кезең аяқталды. Сөз кезегі — қазылар алқасында.
II кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр»
Мақал-мәтел құрастыруБерілген сөздерден мақал-мәтел құрастырылады.
Тақырыптық сөздер
Теңеу/ұғым
II кезең аяқталды. Сөз кезегі — қазылар алқасында.
III кезең: «Ойлы болсаң, озып көр»
ОйтолғауБұл кезеңде қатысушының сөз саптауы, ой дәлдігі мен шешендігі сынға түседі. Берілген тақырып бойынша ойтолғау жасайды.
Бүгінгі тақырып — республика көлемінде аталып өткен Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орай ұсынылады.
Ойтолғау тақырыбы
«Біз батырдың ұрпағымыз»
Ойлануға берілетін уақыт: 5 минут.
Әдеби үзіліс
Сатыбалдин Бекнұр Дихан Әбіловтың «Туған тілім» өлеңін оқиды.
Қорытынды сөз
Қазылар шешімі тыңдалып, жеңімпаз «Сөз мергені» атанады.
Мұғалім: Бәрекелді! Сіз бүгінгі ойынымыздың «Сөз мергені» атандыңыз. Құттықтаймыз!
Тіл туралы түйін
«Сөз мерген» ойыны қазақ тілінің құдіретін паш етеді. Абай ақын қазақ тілінің қуаттылығы мен нәзіктігін: «Өткірдің жүзі, кестенің бізі — өрнегін сендей сала алмас» деп тамсана жырлаған. Бүгін біз осы сөздің мәніне тағы бір мәрте куә болдық.
Тіл мерекесі құтты болсын!
Қорытынды әдеби оқылым
Ғабдулкәрім Болат Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқиды.
Слайд көрсету / жүктеу (қажет болса)