Сұлбаға анықтама беру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Ақпараттық модельдеу
Сабақтың түрі
Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі
Деңгейлеп саралап оқыту
Пәнаралық байланыс
Математика
Көрнекіліктер мен ресурстар
- Тақырыпқа байланысты слайдтар
- Тірек-сызбалар
- Тест тапсырмалары
- Компьютерде орындалатын тәжірибелік жұмыс
Сабақтың мақсаты
1) Түсінік қалыптастыру
Оқушыларға ақпараттық модельдеу, модельдеуді сипаттау әдістері және модельдің қасиеттері туралы жалпы түсінік беру.
2) Ажырата білу дағдысы
Ақпараттық модель мен материалдық модельді ажырата білуге дағдыландыру, олардың түрлерімен таныстыру.
3) Тәрбиелік мақсат
Жауапкершілікке, өз бетінше еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I–III. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық
Оқушыларды ұйымдастыру, сабаққа зейінін шоғырландыру, жағымды көңіл күй қалыптастыру.
Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Білім — жанып тұрған шырақ.(мақал)
IV. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: Сызықтық алгоритмдер.
V. Жаңа сабаққа дайындық (қайталау)
6-сыныпта өткен тақырыпты еске түсіру: «Модель дегеніміз не?»
Модель — нақты нысандарды зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысан.
- Глобус және әлем картасы
- Жердің тартылыс күшінің формуласы
- Макеттер
- Мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар
- Әйгілі суреттердің көшірмелері
VI. Жаңа сабақты түсіндіру
Модельдердің негізгі екі класы
Модельдердің түрлерін екі үлкен класқа бөлуге болады: материалдық және ақпараттық.
Материалдық модель
Материалдық модель — модельдеу нысанының маңызды белгілерін көрсететін нақты зат.
Ақпараттық модель
Ақпараттық модель — модельдеу нысанын қандай да бір тілде (мәтін, формула, кесте, сұлба, диаграмма т.б.) сипаттайтын модель.
Слайд арқылы дәптер нысанының қасиеттерін көрсету және ақпараттық модельдерді сипаттау әдістерімен таныстыру.
Ақпараттық модельді сипаттаудың мысалдары
- Сұлба
- Ішінде жазулары бар фигуралардан тұрып, сызықтармен байланыстырылған бейнелеу тәсілі.
- Граф
- Сызықтармен қосылған ұштардан тұратын графикалық нысан. Графтар нысандар арасындағы байланысты көрсету үшін қолданылады.
VII. Бекіту: сұрақтар мен тапсырмалар
- Барлық модельдер қандай екі үлкен класқа бөлінеді?
- Материалдық (заттық) модельдерге мысалдар келтіріңдер.
- Ақпараттық модель дегеніміз не?
-
Төмендегі нысандардың қайсысы ақпараттық модельге, қайсысы материалдық модельге жататынын анықтаңдар:
әлем картасы эвакуация жоспары үстел сұлбасы ғимарат макеті автокөлік моделі
VIII. Компьютерлік тәжірибелік жұмыс
Компьютерде тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы ақпараттық модельдеу туралы білімді қолдану және бекіту.
IX–X. Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
- § 17 оқып келу
- Сұрақтарға дайындалу
- Түйінді ұғымдарды жаттау
Бағалау
Оқушылардың жауаптары, тапсырмаларды орындауы және тәжірибелік жұмыс нәтижелері бойынша білімін бағалау.