Жапырақтардың қурап түсуі - керемет құбылыс
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: Ақбота II кіші
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Бақшаға біз барамыз, көкөністер аламыз.
Мақсаты
- Білімділік: Көкөністердің бақшада өсетінін түсіндіру.
- Дамытушылық: Сезім мүшелері (көру, дәм сезу, сипап көру) арқылы көкөністердің пішінін, дәмін, түсін ажырата білуге үйрету.
- Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Әдіс-тәсілдер
- АКТ технологиясы
- Денсаулықты сақтау технологиясы
- Ойын технологиясы
Көрнекіліктер
- Күз мезгілі бейнеленген суреттер
- «Суретші нені ауыстырып алды?» сериясы (қызыл, сары, қызғылт түсті ұсақ қағаздары бар бөтелке)
- Әр балаға жеткілікті сабан түтікше
- Үлестірмелі материалдар
Үштілділік компонент
- күз
- осень — autumn
- жаңбыр
- дождь — rain
- жапырақтар
- листья — foliage
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушы кезең
П. И. Чайковскийдің «Күз» әуені ойналады.
Бүгін бізге қонаққа Сиқырлы күз келді. (Күз ханшайымының бейнесі теледидардан көрсетіледі.)
Ұйымдастырушылық-қозғаушы кезең
Білімді өзектендіру
Балалар, күздің (осень) келгенін қайдан байқадыңдар?
Жапырақтардың қурап түсуі — керемет құбылыс. Күзде жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Жапырақтардың жерге қалқып түсуі — өте әдемі көрініс.
Тыныс алу жаттығуы
Кәне, бәріміз бөтелкелеріміздегі күзгі жапырақтардың түсуін бейнелейік.
Балаларға ішінде қызыл және сары қағаздан жасалған жапырақтары бар бөтелкелер таратылады. Бөтелке аузына түтікше қойып, үрлеу арқылы «жапырақтарды» қозғалтады.
Билингвальды компонент және дидактикалық ойын
Сөздік
- күз — осень
- жаңбыр — дождь
- жапырақтар — листья
- құстар — птицы
Дидактикалық ойын: «Күз нышандары»
Күз бізге көп сурет әкеліпті, бірақ олар араласып кеткен. Осы суреттердің ішінен күз мезгілін білдіретіндерін тауып, әңгімелей отырып тақтаға орналастырайық.
Психологиялық жаттығу
Ал енді, өзіміз жапырақ боламыз:
Біз жапырақпыз,
Біз жапырақпыз.
Жел тұрса шамалы,
Жан-жаққа біз ұшамыз!
Үлестірмелі материалмен жұмыс
Педагог тапсырманың орындалу жолын түсіндіреді.
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы дорба»
Мақсаты: Балалар дорбаның ішіне қолын салып, сипап сезу арқылы ұстап тұрған жеміс немесе көкөністің атын атайды.
Рефлексиялық-қозғаушы кезең
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекеті қорытындыланады:
- Кім бізге бүгін қонаққа келді?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Оны қандай белгілер арқылы білеміз?
Күтілетін нәтиже
Түсінеді
Табиғат құбылыстарын (күз мезгілінің ерекшеліктерін) таниды және түсіндіреді.
Қолданады
Күз жыл мезгілінің белгілерін күнделікті бақылауда қолданады.
Меңгереді
Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру дағдыларын меңгереді.
Сабақтың тақырыптық өзегі: «Бақшаға біз барамыз, көкөністер аламыз» — балаларды табиғатпен таныстыра отырып, еңбекке баулитын және сезім мүшелері арқылы танымын дамытатын мазмұнға негізделеді.