Мәтіннен көнерген сөзді теріп айт

ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы

№31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Тутеева Динара Серікбаевна

Сабақ тақырыбы: Жаңа сөздер

Бұл сабақта оқушылардың жаңа сөздер туралы түсінігін кеңейтіп, жазба және ауызша жұмыстар арқылы білімдерін бекіту көзделеді.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Оқушылардың жаңа сөздер туралы лингвистикалық білімін кеңейту, жазба жұмыстары арқылы жаңа сөздер жөніндегі түсініктерін бекіту.

2) Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3) Дамытушылық

Лингвистикалық дүниетанымды кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лексикалық талдау дағдыларын жетілдіру.

Ұйымдастыру және оқу форматы

  • Сабақ типі: аралас сабақ
  • Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау
  • Көрнекілік: кестелер, үлестірмелер, слайдтар
  • Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сыныпты топқа бөлу

Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топтың атауы өткен және жаңа тақырыптағы ұғымдарды бекітуге бағытталған.

І топ

Омонимдер

ІІ топ

Синонимдер

ІІІ топ

Антонимдер

IV топ

Тұрақты тіркестер

Үй тапсырмасын тексеру

  1. 1 Көнерген сөздер дегеніміз не?
  2. 2 Көнерген сөздер нешеге бөлінеді?
  3. 3 Тарихи сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
  4. 4 Архаизм дегеніміз не? Мысал келтір.
  5. 5 154–155-жаттығулар.

Білім тексеру

«Балық аулау» ойыны арқылы топтық жұмыс жүргізіледі: берілген мәтіндер мен жыр жолдарынан көнерген сөздерді тауып, теріп жазу.

І топ: мәтіннен көнерген сөздерді теріп жаз

Екі шонжар бұл жолы ханның айтқанына қарсы болып жатады. Хан нөкерін ертіп, сейілге шықты. «Жандарал келді, жандарал келді», — деген хабар жұртты дүрліктірді. Хан бұйырған соң, амал жоқ, уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Бастарындағы дулыға жағылары, белдеріндегі кіселері, асынған бес қарулары түгелінен бір миясардың қолынан шыққандай.

ІІ топ: жырдан көнерген сөздерді тап

«Ер Тарғын»

Бадана көзді кіреуке
Жауға қарсы жетпеген,
Жел айырдың оғы өтпеген,
Сатуға басын сұрасаң,
Мың ділдә да жетпеген.

ІІІ топ: мәтіннен көнерген сөздерді тап

Сыбан, Тобықты, Керей, Уақ болыстары, кандидаттары, долынжы билері қастарына тілмаштарын алыпты. Ұлық үйлерінен урядниктер, стражниктер де шықты. Мынау жалғыз ояз емес, көп төренің тобы ғой. Бұны биыл Құнанбай өзі аға сұлтан болғаннан кейін осы Тобықтыға болыстық старшын еткенді.

IV топ: жырдан көнерген сөздерді тап

«Қобыланды»

Алдына дабыл төңкерген,
Артына сауыт бөктерген…
Барабан соғып, шың қағып.

Өткен сабақты қорыту

Тапсырма

Көнерген сөздер ішіндегі тарихи сөздер мен архаизмдерді топтастырыңдар.

биқасап дүрия патша аға сұлтан бесік құда сауыт адырна найза жебе пітір құран сәуір мешіт ораза кебеже сауын айту қыркүйек лашық жаппа шидем күпі сәукеле барымта

Жаңа тақырыпты ашу

Миға шабуыл

Суреттер арқылы жаңа тақырыпқа жетелейтін сөздер ұсынылады. Оқушылар байқаған ұғымдарды атап, жаңа сөздердің қолданысын талдайды.

ғарышкер ғарыш жер серігі қолшатыр құжат ермексаз зымыран бағдаршам

Ереже құрастыру

Оқушылар мысалдар негізінде «жаңа сөздер» ұғымына анықтама шығарып, оны дәптерге жазып бекітеді.

Жұмыс қадамы

  • Мысал сөздерді талдау
  • Ортақ белгілерін анықтау
  • Қысқа әрі нақты ереже тұжырымдау

Жаңа сабаққа дайындық

  1. 1Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
  2. 2Сабақ мақсатын түсіндіру.

Жаттығумен жұмыс

163-жаттығу: топтық тапсырмалар

Әр топ берілген тақырып аясында сөздерді жинақтап, өз үлгісін ұсынады.

І топ — Омоним

Еңбек құралдары: қағаз, қалам, қарындаш, желім, ермексаз, қайшы, түйме, т.б.

ІІ топ — Синоним

Жануарлар: сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы, керік, қолтырауын, піл, жолбарыс, т.б.

ІІІ топ — Антоним

Құрылыс заттары: шеге, балта, балға, күрек, кетпен, т.б.

IV топ — Тұрақты тіркес

Көлік түрлері: машина, автобус, отарба, шайтанарба.

164-жаттығу

Мәтіндегі жаңа сөздерді теріп жазыңдар: шаруа қожалығы, несие, салық, түсім.

Шығармашылық жұмыс

Жаңа сөздерді қолданып, өтірік өлең құрастырыңдар.

Сергіту сәті

«Жүйрік болсаң, шауып көр» ойыны арқылы қысқа сергіту жүргізіледі.

Мақал-мәтел құрастыру

Берілген сөздер арқылы мақал-мәтел немесе нақыл сөз үлгісін құрастырыңдар.

1-топтама

тәуекел еңбек тоқым қара нар

2-топтама

намыс қуат жігер қамыс

3-топтама

қырық кісі жұдырық қол алақан

4-топтама

күрес шайқас ата бала

Постермен жұмыс

Тапсырма

Жаңа сөздерді бейнелеу өнері арқылы көрсетіп, олардың мағынасын қысқаша түсіндіріңдер.

Бағалау критерийі: мазмұнның дәлдігі, көрнекілік, түсіндіру сапасы, топтық жұмыс үйлесімі.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

169-жаттығу.

Бағалау

Топтық жұмыс, тапсырмаларды орындау сапасы, белсенділік және шығармашылық жұмыс нәтижелері бойынша бағаланады.