Татар ұлт өкілі

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы

Ақбота шипажай типті балалар бақшасының тәрбиешісі: Қарабаева Зарипа

1 мамыр Бірлік Достық Татулық

Мақсаты

Түсінікті жетілдіру

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі туралы және достық туралы түсінікті тереңдету.

Қарым-қатынасты нығайту

Балалардың басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынасын күшейту, ортақ мақсатқа жұмылдыру.

Тәрбие бағыты

Ынтымақтастыққа, татулыққа, өзара құрметке тәрбиелеу.

Көрнекілігі және безендірілуі

Көрнекі құралдар

  • Гүлдер
  • Шарлар
  • Тақырып жазуы

Зал безендірілуі

Зал іші мерекеге сай әсем безендіріліп, балаларға жайлы, жарқын көңіл күй сыйлайтын орта қалыптастырылады.

Шараның жүру барысы

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Құрметті тәрбиешілер, бүлдіршіндер! Тәрбиешілер мен балалар дайындаған «Достығымыз жарасқан» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер!

Біздің Отанымыз ұлан-байтақ. Онда сан мыңдаған халықтар мен ұлт өкілдері тұрады. Бұл — үлкен бақыт.

Ендеше мерекелік құттықтау сөз Ақбота шипажай типті балабақша меңгерушісі Сақыпжамал апайға беріледі.

Сұрақ-жауап (балалармен)

Балалар, бүгін қандай мереке?
1 мамыр — халықаралық бірлік пен ынтымақтастық күні.
Бақыт дегеніміз не?
Туған еліміз бен отбасымыз аман болса — соның өзі бақыт.
Қорытынды ой
Ынтымақ бар жерде — бақыт бар. Жарайсыңдар, балалар!

Өлең шумақтары

Күте туған ең тәтті әр күніміз,
Арналатын ең тәтті ән-жырымыз.
Мерекелі, мерейлі айдың басы —
Құтты болсын бірінші Мамырымыз!

Тілі басқа, тілегі бір — біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік — ұран боп,
Татулықтан бұзылмасын іргеміз!

Қазақстан — елім менің, бар елім!
Жатыр алып екі дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қуыс күрек ұстаған.

Ұлт өкілдерін таныстыру (тақпақтар)

Ортаға әр ұлттың өкілдері шығып, бірлік пен достық туралы қысқа тақпақтарын айтады.

Қазақ ұлты

Ақпыз, қара, сарымыз —
Ағайынбыз бәріміз!

Орыс ұлты

Бір шаңырақ астында
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.

Татар ұлты

Достықты үлгі санаған —
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік — асыл мұрамыз.

Өзбек ұлты

Жақсылыққа, бақытқа
Талпынған әр бір ұланға —
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл!
Ақпыз, қара, сарымыз —
Ағайынбыз бәріміз!

Украин ұлты

Әр ұлттың өзіне тән ұлттық нақыштағы өнері бар. Баршаңызды сол өнерлерді тамашалауға шақырамыз.

Ұлттық өнер көрсетілімдері (бағдарлама)

Қазақ ұлты

  1. 1.Қазақтардың амандасу дәстүрі
  2. 2.Ұлттық қолөнер көрінісі
  3. 3.Ұлттық ойын
  4. 4.Ұлттық тағам таныстырылымы

Басқа ұлт өкілдерінің өнері

  1. 5.Орыс ұлтының өнері
  2. 6.Татар ұлтының өнері
  3. 7.Өзбек ұлтының өнері
  4. 8.Украин ұлтының өнері

Хор

«Достығымыз жарасқан»

Қорытынды

Осымен бүгінгі мерекелік шарамыз аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет!

1 мамыр — Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!

Құрметті балабақша қызметкерлері және кішкентай бүлдіршіндер! Жүздеріңізге шуақ, бойымызға қуат әкелетін мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!