Салаларды наждакты қағазбен жалтыратып тазарту

Дәнекерлер, олардың құрамы және қолданылуы

Бұл сабақ өткізгіш сымдарды дәнекерлеудің негізгі ұғымдарын, дәнекер түрлерін, олардың химиялық құрамын және қолдану тәртібін меңгертуге бағытталған.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды дәнекерлердің құрамымен және оларды дұрыс қолдану тәртібімен таныстыру.

Білімдік міндет

Өткізгіш сымдарды дәнекерлеу тәсілдерін тәжірибе арқылы үйрету.

Дамытушылық

Икемділік пен іскерлік дағдыларын дамыту, техникалық ойлауды қалыптастыру.

Тәрбиелік

Электр энергиясын үнемдеуге және қауіпсіз еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
Блум таксономиясы, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс
Көрнекіліктер
Өткізгіш сымдар, дәнекер, дәнекерлегіш, наждақты қағаз, канифоль

Сабақтың барысы

  1. 1

    Мақсат қою және бағыттау.

  2. 2

    Оқушылардың білім, білік және дағдыларын өзектендіру.

  3. 3

    Жаңа материалды түсіндіру және Блум таксономиясы арқылы білімді бақылау.

1) Білу (миға шабуыл)

  • Дәнекер дегеніміз не?
  • Дәнекерлеу процесі дегеніміз не?

2) Түсіну (ой қозғау)

Дәнекер түрлерін және олардың химиялық құрамын білесің бе?

3) Қолдану

Әр дәнекер түрі қандай металдарды дәнекерлеуге қолданылады?

4) Талдау

Дәнекерлеу жұмысы қандай құралмен және қандай тәртіппен орындалады?

5) Жинақтау (сарамандық жұмыс)

Жұмысты бастамас бұрын қандай ережелермен танысамыз және нені дайындаймыз?

6) Бағалау

Блум таксономиясы бойынша бағалау парағы арқылы қорытынды баға қою.

Негізгі ұғымдар

Дәнекер дегеніміз

Дәнекер — белгілі бір металдардың қорытпасы. Өткізгіштерді өзара дәнекерлеу арқылы сенімді түрде қосуға болады.

Дәнекерлеу процесі

Дәнекерлеу процесі — біртекті металдарды дәнекер арқылы қосу. Дәнекер тотықпауы тиіс және қосылған жерде ылғал мен газдың өтуіне жол бермеуі керек.

Дәнекер маркалары және химиялық құрамы

Металдарды берік жалғау үшін дәнекерді дұрыс таңдау маңызды. Төменде ПОС маркалы дәнекерлердің құрамы берілген.

Маркасы Қалайы (Sn), % Сүрме (Sb), % Қорғасын (Pb), %
ПОС-90 90 2 8
ПОС-40 40 2 58
ПОС-30 30 2 68
ПОС-18 18 2 80

Қолданылуы: қай дәнекер қай жерде тиімді?

ПОС-90

Тағам пісірілетін және су қайнатылатын ыдыстардың ішкі жапсарларын дәнекерлеуге қолданылады.

ПОС-40

Жезді, болатты және мыс сымдарды дәнекерлеуге қолданылады.

ПОС-30

Жезді, мысты, болатты, мырышты және мырыш жалатылған қаңылтырды, ақ қаңылтырды, сондай-ақ радиоаппаратура құралдарын дәнекерлеуге арналған.

ПОС-18

Қорғасынды, болатты, жезді, мысты және мырыш жалатылған қаңылтырды дәнекерлеуге арналған.

Дәнекерлеу жұмысының орындалу тәртібі

Дәнекерлеу жұмысы электр дәнекерлегіш арқылы төмендегі реттілікпен орындалады.

  1. 1

    Дәнекерлегіш стерженінің ұшындағы кедір-бұдырды және қақтарды тазарту.

  2. 2

    Электр дәнекерлегіш шнурының ақаусыздығын тексеріп, оны қоректендіру көзіне қосу.

  3. 3

    Жалғанатын сым ұштарының изоляциясын пышақпен аршып тазарту:

    • қима 4 мм2-қа дейін болса — 20 мм;
    • қима 6–10 мм2 болса — 30 мм.

    Сонымен қатар сымды ұштауға дайындау.

  4. 4

    Сым талшықтарын наждақты қағазбен жылтыратып тазарту.

  5. 5

    Талшықтарды шиыршықтап орап жалғау.

  6. 6

    Дәнекерлегіш ұшын қалайылау.

  7. 7

    Жалғанатын жерге канифоль жағу.

  8. 8

    Дәнекерді дәнекерлегіш ұшымен жалғанатын жерге жеткізіп, талшық аралықтары толғанша күту.

  9. 9

    Сымға ұштықты кигізіп, оны қысқашпен қысып, кейін дәнекерлеу.

  10. 10

    Дәнекерлегішті ток көзінен ажырату.

  11. 11

    Жалғанған және ұшталған жерлерді наждақты қағазбен тазалап, орындалған жұмысты мұғалімге көрсету.

  12. 12

    Жалғанған және ұшталған жерлерді изоляциялық лентамен 2–3 қабат етіп орау.

Сарамандық жұмысқа дайындық

Қауіпсіздік техникасы

Сарамандық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысып, жұмыс орнын ретке келтіреміз.

Материалдар мен аспаптар

  • мыс талшықты сымдар (жалғауға және ұштауға арналған)
  • ұштықтар
  • наждақты (зімпара) қағаз
  • изоляциялық лента
  • дәнекер және канифоль (кіші ваннада)
  • тіреуіш тақтайшасы бар электр дәнекерлегіш
  • монтерлік пышақ
  • кемпірауыз
  • егеу

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың жұмысы Блум таксономиясы бойынша бағалау парағы арқылы қорытындыланады.

Үй тапсырмасы

Дәнекер түрлері, құрамы және қолданылуы тақырыбын қайталау; дәнекерлеу тәртібін кезең-кезеңімен жазып келу.

Автор туралы мәлімет

Қызылорда облысы, Қазалы аудандық Оқушылар үйі жанындағы радиотехника үйірмесінің жетекшісі — Алматова Ұлбосын Қуанышбайқызы.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}